Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адамдар өміріндегі химиялық реакциялар. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 81В Заттардың формуласы және химиялық реакция теңдеулері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны: қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы және тірі ағзалар мен адамдар өміріндегі химиялық реакциялар

Оқу мақсаты

8.2.2.2 - табиғаттағы және тірі ағзалар мен адамдар өміріндегі химиялық реакцияларды сипаттайды

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар білу керек:

- табиғаттағы және тірі ағзалар мен адамдар өміріндегі химиялық реакцияларды сипаттай білу

-Химиялық реакциялардың белгілерін білу

Көптеген оқушылар білу керек:

-Қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып эксперименттер жүргізу

Кейбір оқушылар білу керек:

- оның айналасындағы химиялық процесстерді зерттеу

Бағалау критерийі

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • химиялық реакцияның қандай екенін түсінсе;
  • қандай белгілеріне сәйкес химиялық реакцияларды анықтауды ажыратса;
  • химиялық реакция қандай жағдайларда жүретінің біледі;
  • химиялық құбылысқа мысал келтіреді және оны түсіндіре алады;
  • химиялық заттардың құрамын көрсетеді;
  • химиялық теңдеулерді жазады және коэффициенттер арқылы теңестіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар химия пәнін жаратылыстану ғылымы, табиғат жайлы ғылым ретінде түсінуді көрсетеді. Химиялық реакциялар біздің күнделікті өмірімізде, біздің айналамызда жүретінін ауызша сипаттайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология: молекулалық масса, салыстырмалы атомдық масса, индекс, коэффициент.

Құндылықтар

Өмір бойы оқып білім алу. Экологиялық білім беруді дамыту (қоршаған ортамен тығыз байланысты)

Пәнаралық байланыс

Биология – тыныс алу, асқорыту және т.б. кезіндегі химиялық процесстер.

Алдыңғы білім

Химиялық реакция теңдеулері. Химиялық реакция типтері

Cабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

(3 мин)

Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сыныптың эмоционалдық ахуалын жақсарту

Табиғат көптеген - қарапайым және күрделі тірі ағзалардан тұрады, олар бір-біріне ұқсас және бір-бірінен мүлдем басқа болып келеді.

Біз айналамызға қарасақ, қай жерде болмасақта: үйде, мектепте, көшеде немесе көлікте – сендер біздің айналамызда қаншама химиялық реакциялар жүріп жатқанын көресіндер.

Жаңа тақырып:

( 6 мин)

Топпен жұмыс (барлық сынып)

1–тапсырма

(5 мин)

топпен жұмыс

2апсырма

2-топ

(9 мин)

3апсырма

3-топ

(14 мин)

Мұғалімнің /оқушының іс-әрекеттері

• Бұл сабақта біз айналамыздағы химиялық реакцияларды қарастыруға көшеміз.

Сендер қандай химиялық реакциялар белгілерін білесіңдер? Алдымен осыны алдымен анықтап аламыз.

Енді сіендерге гүл жапырақтарын беремін, оларға химиялық реакциялардың белгілерін жазасыңдар, ал ортасында «Реакция» сөзі болады. Сосын гүлді тақтаға жинайық. Енді сендер өздеріңнің эксперименттеріңді жүргізгенде біздің гүлімізге сүйеніп, сендер байқаған химиялық реакциялар белгілерін анықтаңыз.

Оқушылар химиялық реакциялардың барлық белгілерін: жылу, жарық, түс өзгеруі, тұнбанын түзілуі, газ бөлінуі, иістің бөлінуі, дәмі және т.б. туралы міндетті түрде айтады.

Сендерге үй тапсырмасы ретінде күнделікті өмірде кездесетін химиялық реакциялардың мысалдарын дайындау және сынып алдында олардың адам үшін маңызын айтып беру, көрсету берілген болатын.

Бүгін біз көптеген жаңа нәрселерді үйренеміз деп үміттенемін және осы сабақтан кейін сендер айналадағы әлемге басқаша қарайтын боласыз.

Бірақ дайындалған эксперименттерді көрсетпес бұрын, қауіпсіздік ережелерін қайталаймыз. Қауіпсіздік техникасы туралы сұрақтар қойылады.

– затты дұрыс қалай иіскеу керек?–реакция жүріп жатқан сынауықтын аузын қалай қаратып ұстау керек?

–заттардың дәмін татуға болады ма?– сіріңкені қалай дұрыс тұтандыру керек ? және т.б.

Көрсетілім тәжірибе. 1-топ.

Сияны сөндіру

Крахмалды суда қоймалжың болғанша ерітеміз және оған йод құямыз.

Крахмал көгереді. Егер йодты көбірек құйса, онда ерітінді қара түсті болады. "Сия" дайын. Қағазға кез-келген сөз жазыңдар және оны құрғатыңдар. Содан кейін қағазды саусақпен басыңдар немесе құрғақ шүберекпен сүртіңдер - жазылған жазу жоғалады.

Бір-біріңе шапалақ ұрып, эксперименттерді көрсеткені үшін рақмет айтуды ұмытпаныз.

Көрсетілім тәжірибе. 2-топ.

«Отсыз түтін».

Тәжірибенің сипаттамасы. Құрғақ әрі таза аузы кең, 200 мл Құтыға 5 – 10 мл көлемінде тұз қышқылын құяды. Құтыны айналдыра шайқап отырып, ыдыстың ернеулерін қышқылмен шаяды да, қалған қышқылды төгіп, тығынмен мықтап жабады. Дәл сондай екінші құтыға осы әдіспен аммиак ерітіндісін (25%) құйып алады. Тәжірибе кезінде құтыларды ашып, ернеулерін бір-біріне тигізеді де осы күйінде 180 градусқа бұрады. Құтылардың іші қою түтінге толып кетеді.

Көрсетілім тәжірибе. 3-топ.

Шағын жанартаудың атқылауы.

Тәжірибені көрсетер алдында асбест торға 2 шай қасық аммоний бихроматын саламыз. Тәжірибені көрсетер алдында спиртовка жалынына шыны таяқшаны қыздырып, оны ең ортасына қоямыз. Реакция басталғаннан кейін таяқшаны аламыз. Сыртынан шағын жанартаудың жануын еске түсіретін жасыл ұнтақтың жануы болады. Егер бихроматқа металл магнийдің кішкене ұнтағын салса, реакцияның әсерін күшейтуге болады. Бұл жерде «лавадан» басқа «қызған тастар» ұшатын болады. Аммоний бихроматын аз қыздырғанда өз бетінше хромның жасыл тотығына Cr2O3, газ тәрізді азот пен суға бөлінеді. Экзотермиялық реакциясы.

(NH4)2Cr2O7 = Cr2O3 + 4H2O + N2; 2Mg + O2= 2MgO

Оқушылар тәжірибелерді жасар алдында дәптерлеріне жұмыс істейтін заттардың қасиеттері туралы теориялық деректерді жазып алады.

Тәжірибелерді жасар алдында қауіпсіздік техникасын сақтау керек. Сабырлы және сенімді манипуляция - тәжірибенің табысты өту кепілі.

Ресурстар

Таратпа қағаздар -

химиялық реакциялардың белгілері

Мини-тақташалар -топта

химиялық теңдеулерді жазу үшін

ҚЕ

Презентация

мини-тақташаларда көрермендер бақылаған химиялық реакция теңдеулерінің белгілерін көрсетеді

мини-тақташада спирттің жану реакциясын жазады.

С2Н6О+О2=?, белгілерін көрсетеді.

Мұғалім «Вулкан» тәжірибесін көрсетеді- аммоний бихроматының айырылуы.

Шағын тақташаларда химиялық реакциялардың теңдеулерін сөзбен жазады және белгілерін көрсетеді.

Сабақтың соңы Рефлексия

(2 мин)

Мұғалімнің /оқушының іс-әрекеттері

Сыныппен әңгімелесу, әр күнде адам ағзасында қандай реакциялар жүреді: тыныс алу және асқорыту.

Химиялық үрдістерді зерттеу бойынша қандай ұсыныстарың бар? Сендер қандай зерттеу жобаларынан бастай аласыңдар?

Ресурстар

Сабақ жайлы пікірлер мен ұсыныстар жазылған стикерлер

Үй тапсырмасы

( 1 мин)

Химиялық реакциялар бойынша ҚБ дайындық. 2400 есеп

1-тарау 13-15 бет, 1-37

Шағын-жобалар

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында едәуір қабілетті оқушылар қиындық көріп тұрған оқушыларға көмек көрсете алады. Мұғалім жұмыстың орындалуын бақылайды, қажет болған жағдайда көмектеседі.

Тест нәтижелері бойынша оқушылар мини тақтайшаларға жазып жауап береді

ҚЕ сақтап жұмыс істеуді қамтамас ету. Қызығушылықтарын арттыру,шаршағандарын азайту және басу үшін тапсырмаларды орындау түрлерін өзгертіп отыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бағананы сабақ туралы ойларыңызға пайдаланыңыз. Өзіңіздің сабағыңыздағы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?