Химиялық реакция типтері. Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯ ТИПТЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНА
ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып: 8, 2 тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері
Бұл бөлім бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеуді оқытады. Сабақты химиялық реакция типтері және олардың белгілерін еске түсіруден бастау ұсынылады. Оқушылардың жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру мақсатында жұпта эксперимент жүргізуге тапсырмалар дайындалады.
Тапсырманы орындау барысында оқушылар реакция типтерін ажырату әдістерін түсіне алулары тиіс. Сондай-ақ осы кезеңде тек реакция типтерін заттардың құрамы бойынша жіктеу ұсынылады, басқа жіктеу әдістері басқа бөлімдерде қарастырылатынын түсіндіру қажет. Оқушыларға түсінікті болу үшін алғашқыда реакция типтерін шартты түрде ажыратуды қолдануға болады. Мысалы,
Сабақтың келесі бөлімінде кері тапсырмалар қолдануға болады, оның ішінде реакция теңдеулеріне байланысты типін анықтау немесе коэффициенттер қоя отырып, реакция теңдеулерін теңестіру, типін анықтау т.б. Оқушылардың жұмысын бағалау, кері байланыс алу мұғалім шеберлігіне сайөзгертіліп ұйымдастырылып отырылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?