Зат массасының сақталу заңы. Химия, 8 сынып, қосымша материал.


«ХИМИЯЛЫҚ ФОРМУЛАЛАР БОЙЫНША ЕСЕПТЕУЛЕР»ТАҚЫРЫБЫНА

ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР

Сынып:8, 2 тоқсан

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері

 Алдыңғы сабақта тұжырымдалған зат массасының сақталу заңын толығырақ қарастыру және өткен тақырыппен байланыстыру мақсатында бірқатар өзгерістерді жүзеге асыруға арналған тапсырмалар ұсынылады. Тақырыпты ашу үшін натрий мен су арасындағы реакция теңдеуін жазу және оқушылардың назарын реагенттер мен өнімдердегі атомдар санына аудару талап етіледі. Ал атомдар толықтай сақталған жағдайда олардың массасында қандай өзгеріс болатындығын оқушылармен бірге талқылау қажет. Уақытты үнемдеу үшін зат массасының сақталу заңын демонстрациялайтын видео тәжірибені көрсетуге болады.

 Осыдан кейін оқушылардың өздеріне жеке немесе жұптық жұмыс түрінде тапсырмалар беру маңызды болып табылады. Оқушы өткен біліммен бүгінгі білімді пайдалана отырып, реакция теңдеулерін дұрыс құрып, оның зат массасының сақталу заңына сай дәлелдей алса онда толықтай оқу мақсатына жеткендігін білдіреді.

 Бұл сабақ оқушылардың теориялық білімін жетілдіріп қана қоймай, есеп шығару дағдысын да дамытуға септігін тигізеді. Сонымен қатар жоғары сыныпта енгізілетін ұғымдарды енгізіп тереңдету де оқушылардың тақырыпты түсінбеуіне алып келеді. Осы кезеңде оқушылардың сабаққа қатысты терминдерді нақты ажырата алуы керек. Сондықтан бірнеше күрделі ұғымдарды бір сабаққа кірістіру жақсы нәтижеге әкелмейді. Оның орнына сабаққа қатысты бірнеше ұғымдарды әртүрлі әдістер арқылы пысықтаған нәтиже береді.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?