Зат массасының сақталу заңы. Химия, 8 сынып, дидактикалық материал.
Зат массасының сақталу заңы
Заттар химиялық реакцияларға түсіп, нәтижесінде жаңа заттар түзіледі. Химиялық реакциялар нәтижесінде зат массалары өзгере ме? Ғалымдар бұл сұраққа әртүрлі болжамдар жасады. Атақты ағылшын ғалыым Р.Бойль ашық ретортада әртүрлі металдарды қыздырып, олардың реакцияға дейінгі және кейінгі массаларын өлшеді. Реакция нәтижесінде металдардың массалары ауырлағанын байқады. Ол ауаның әсерін ескермегендіктен қорытынды жасай алмады.
М.В.Ломоносов металл ұнтағын мойнаққа салып аузын бекітіп, салмағын өлшеген соң қыздырды. Ол металл ұнтағының түсінің өзгергенін байқады. Мойнақтың массасы қыздыруға дейін және кейін өлшеген ғалым, оның массасының өзгермейтініне көз жеткізді.жабық мойнақты қыздырғанда, ауа құрамындағы оттектің металға қосылғанын дәлелдеді. Бұл тәжірибесінің қорытындысын М.В.Ломоносов заң түрінде тұжырымдады. Химиялық реакциялар нәтижесінде атомдар жойылмайды және жаңадан пайда болмайды, олар тек қайта топтасады. Реакцияға дейін және кейін де атомдардың саны өзгермейтін болғандықтан, массалары да өзгермей қалады.
Заттар массасының сақталу заңы - реакцияға дейінгі заттардың массасының реакциядан кейін де өзгермей сақталатындығын көрсетеді.
Тапсырма: Келесі жану эксперименттерінің әрқайсысы үшін деректерді тексеріп, деректерді талдауға негізделген сұрақтарға жауап беріңіз.
Эксперимент № 1
Реагенттер Өнім
Магний + Оттегі Магний оксиді
48 г + 32г 80 г
Осы тәжірибедегі деректерге сүйене отырып зат массаның сақтау заңын дәлелдеңіз:
...................................................................................................................................................................
...................................................................................................................................................................
Эксперимент № 2
Реагенттер Өнім
Магний + Оттегі Магний оксиді
? г + 16 г 40 г
Зат массаның сақтау заңына сүйене отырып, 40 грамм магний оксидін алу үшін 16 грамм оттегімен әрекеттесетін магнийдің мөлшерін есептеңіз.
...................................................................................................................................................................
...................................................................................................................................................................
Эксперимент № 3
Реагенттер Өнім
Магний + Оттегі Магний оксиді
12 г + 8 г ? г
Магний оттегімен толық әрекеттеседі деп болжап, түзілетін магний оксидінің массасын есептеңіз.
..................................................................................................................................................................
...................................................................................................................................................................
Эксперимент № 4
Реагенттер Өнім
Магний + Оттегі Магний оксиді + Оттегі
48 г + 50 г 80 г + ? г
48 г магний мен 50 г оттегі реакциясы нәтижесінде реакция түспей қалған оттегінің массасын есептеңіз.
...................................................................................................................................................................
...................................................................................................................................................................
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?