Химиялық реакция теңдеулерін құру. Заттар массасының сақталу заңы. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 81В Заттардың формуласы және химиялық реакция теңдеулері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны: қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулерін құру. Заттар массасының сақталу заңы.

Оқу мақсаты

8.2.3.3 –реагенттердің формулаларын және реакция өнімдерін жаза отырып, химиялық реакциялар теңдеулерін құрастыру;

8.2.3.4 –зат массасының сақталу заңын білу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар білу керек:

- Заттың массасын сақтау заңын түсініп, оны тәжірибе жүзінде дәлелдей білу.

Көптеген оқушылар білу керек:

- заттың бастапқы белгілі массасы бойынша - реакция өнімінің массасын болжай білу;

Кейбір оқушылар білу керек: - эксперименттік деректердің қателерін түсіндіру.

Бағалау критерийі

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

- зат массасының сақталу заңын түсінсе және оны эксперименталды түрде дәлелдей алса;

- көрсетілген экспериментті бақылайды (қауіпсіздік ережесін сақтай отырып) және деректерді өздігінен өңдей алса;

- зат массасының сақталу заңы бойынша қорытынды жасайды

- реакция теңдеулерін жазса;

- химиялық теңдеу арқылы зат массасының сақталу заңның түсінігін көрсете алса.

Тілдік мақсаттар

Оұушылар реакция теңдеуін ауызша және жазбаша сипаттай алады.

Пәнге қатысты түсініктер: реагенттер, өнімдер, реагенттердің массасы өнім массасына тең, массаның сақталу заңы.

Құндылықтар

Өмір бойы оқып білім алу. Топ жұмысы – ұжымшылдық, ортақ істің нәтижесіне жауапкершілік, өз бетімен жұмыс істегенде –адалдылық құндылықтары дамиды.

Пәнаралық байланыс

Физика –атом құрлысы. Математика – теңдік және пропорция

Алдыңғы білім

7.4А және 8.1А бөлімдерінен сутегі атомдарының құрысын білу. Нольдік қосынды әдісі арқылы заттың химиялық формуласын табу

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

(1 мин)

Қайталау

(4-5 мин)

Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың негізгі тақырыбын бастамас бұрын оқушылардың алдыңғы сабақты қалай меңгергендерін тексеру.

Оқушылардың қалыптастырушы бағалауда химиялық элементтердің массалық үлесі бойынша химиялық формуласын анықтауға шығарған есептерінің нәтижесі бойынша білімдерін толықтыру керек. Зат массасының сақталу заңын өтпес бұрын зат құрамының тұрақтылығы заңына көңіл бөлген жөн.

Оқушылар судың бұлақтан, құдықтан, көлден және т.б. жағдайда алынғанына қарамастан барлық жағдайда формуласы Н2О болатынын білулері керек. Яғни, заттың құрамы оның алу әдістеріне және қай жерден алғанына қарамастан тұрақтынын білулері керек.

Сабақтың ортасы

(10 мин)

(4-5 мин)

(10 мин)

(10мин)

Мұғалімнің /оқушының іс-әрекеттері

Жаңа сабақтың тақырыбы: Зат массасының сақталу заңы.

1-тапсырма

Бұл заңды демонстрациялық экспериментті бақылап түсінуге болады:

1. Өлшеуіш цилиндірмен 20 мл сірке қышқылын өлшеп алыңыз.

2. Өлшеуіш цилиндірден сірке қышқылын кәрлен табақшаға құйып алып, таразыға қойып өлшеңіз.

3. Басқа кәрлен табақшасына 10 грамм ас содасын өлшеп алыңыз.

4. Ас содасы салынған табақшаны ішіндегісін төгіп алмай аузы жабылатын пластикалық пакетке салып таразыға қойыңыз.

5. Абайлап, сірке қышқылы құйылған табақшаны ас содасы салынған пакетке, екеуін қоспай бірге таразыға қойыңыз. Пакеттің аузын жабыныз.

6. Пакеттің аузын ашпай, соданы сірке қышқылымен араластырыңыз.

7. Реакция аяқталғаннан кейін, пластикалық пакеттің аузын ашпай салмағын өлшеніз.

2.Эксперимент бойынша төмендегі деректерді жазып алыңыз:

Қышқылдың табақшадағы массасы -

Ас содасының табақшадағы массасы -

Ас содасы және қышқылдың табақшадағы, пластикалық пакеттің ішіндегі массасы -

Реагенттердің табақша мен пакеттегі жалпы массасы -

Реагенттердің таза массасы (есептеңдер) -

Реакция өнімдерінің ыдыс және пакетпен алғандағы жалпы массасы – Реакция өнімдерінің таза массасы (есептеңдер) -

Сұрақтар:

  • Қышқылмен сода әрекеттескенде заттармен қандай құбылыс жүрді? Осы өзгерісті қандай белгі растайды?
  • Неліктен қышқыл мен соданы жабық пакетте араластырады ?
  • Жалпы қорытынды жасандар: химиялық құбылыстар кезінде әрекетесуші заттардың жалпы массасы өзгере ма.

№ 2 көрсетілім. Зат массасының сақталу заңын дәлелдейтің тәжірибе.

Бұл тәжірибе жоғарыда келтірілген тұжырымдар мен сұрақтарға жауаптарды растайды. Енді біз осы заңның мәнін ашатын боламыз. Неге әрекеттесуші заттардың массасы реакция өнімдерінің массасына тең? Оқушыларға демеу ретінде келесі сызба көрсетіледі.

Жауабы: химиялық элементтердің атом сандары өзгермегендіктен әрекеттесуші заттардың массасы реакция өнімдерінің массасына тең болады.

Жұптық жұмыс. Зат массасынын сақталу заңын химиялық теңдеулер арқылы көрсетуге болады:

  • Р + О2
  • Са + О2
  • СН4 + О2
  • Мg + O2
  • Fe + HІ →

Сандық сапаға көшу принципі.

Сабақты химиялық теңдеулер арқылы қорытындылау үшін, коэффициенттерді қолданып теңестіру. Оқушыны теңестіру үшін тақтаға шақыруға болады.

Ресурстар

Қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай отырып (қышқылдармен) жұмыс істеу

Оқушылар эксперименттер барысында зат массасын сақтау туралы ережені қалыптастырады.

Қажет болған жағдайда газ өнімдері түзілетін тәжірибені жабық жүйеде өткізеді.

1-қосымша

Жұптық жұмысқа мини-тақташалар қолданылады.

Әр жұпқа химиялық теңдеулері бар таратпа қағаздар (дифференцалды тапсырмалар) беріледі.

Сабақтың соңы Рефлексия

(2-3 мин)

Мұғалімнің /оқушының іс-әрекеттері

Өткен тақырып бойынша қайталаймыз: (жұпта бір-біріне сұрақ қояды)

1. Коэффициенттерді қалай қояды?

2. Жану реакциясы қалай жүреді?

3. Металл тұз қышқылымен қалай әрекеттеседі?

4. Зат массынын сақталу заңын сен қалай түсіндің?

Ресурстар

Сабақ жайлы пікірлер мен ұсыныстар жазылған стикерлер

Үй тапсырмасы

(2 мин)

Химиялық теңдеудің оң жағын жазыңыз және коэффициенттерді қойыңыз: Н.Н.Нурахметов 39-бет 6,7,8-жаттығулар 41-бет 5-жаттығу

Кері байланыс келесі сабақта беріледі.

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында едәуір қабілетті оқушылар қиындық көріп тұрған оқушыларға көмек көрсете алады. Мұғалім жұмыстың орындалуын бақылайды, қажет болған жағдайда көмектеседі.

Тест нәтижелері бойынша оқушылар мини тақтайшаларға жазып жауап береді

ҚЕ сақтап жүмыс істеуді қаптамас ету. Қызығушылықтарын арттыру,шаршағандарын азайту және басу үшін тапсырмаларды орындау түрлерін өзгертіп отыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бағананы сабақ туралы ойларыңызға пайдаланыңыз. Өзіңіздің сабағыңыздағы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?