Химиялық реакция теңдеулерін құру. Заттар массасының сақталу заңы. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 81В Заттардың формуласы және химиялық реакция теңдеулері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Cынып: 8

Қатысқандар саны: қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция теңдеулерін құру. Заттар массасының сақталу заңы. (2)

Оқу мақсаты

8.2.3.2- әрекеттесуші заттардың қатынасын тәжірибелік жолмен анықтау;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар білу керек:

- заттың массасын сақтау заңын түсініп, оны тәжірибе жүзінде дәлелдей алады;

- әрекеттесуші заттардың тәжірибелік жолмен қатынасын құра алады;

Көптеген оқушылар білу керек:

- Әрекеттесуші заттардың қатынасын болжай алады;

Кейбір оқушылар білу керек: - эксперименттік деректердің қателіктерін түсіндіріп, жетілдіру жолдарын ұсына алады;

  • таныс емес реакциларды болжай алады.

Бағалау критерийі

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:

  • зат массасының сақталу заңын түсінсе және оны эксперименталды түрде дәлелдей алса;
  • әрекеттесуші заттардың қатынасын эксперименттік жолмен анықтай алса;
  • жұмыс барысында химиялық заттармен қауіпсіздік техникасы ережесін сақтаса;
  • реакция теңдеулерін жазса;
  • химиялық теңдеу арқылы зат массасының сақталу заңның түсінігін көрсетсе.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар зат массасының сақталу заңын дәлелдейтін экспериментті ауызша сипаттай алады және эксперимент қорытындысын жазбаша рәсімдей алады.

Пәнге қатысты түсініктер: коэффициент, теңестіру, реагенттердің массасы өнім массасына тең, массаның сақталу заңы.

Құндылықтар

Өмір бойы оқып білім алу. Топ жұмысы – ұжымшылдық, ортақ істің нәтижесіне жауапкершілік, өз бетімен жұмыс істегенде - адалдылық құндылықтары дарытылады.

Пәнаралық байланыс

Физика –атом құрылысы. Математика – теңдік және пропорция ұғымдары

Алдыңғы білім

7.4А және 8.1А бөлімнен сутегі атомдарының құрылысын білу. Нөлдік қосынды әдісі арқылы заттың химиялық формуласын табу.

Cабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

(1 мин)

Қайталау

(10 мин)

Амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың негізгі тақырыбын бастамас бұрын оқушылардың алдыңғы сабақты қалай меңгергендерін тексеру керек. Оқушылар химиялық теңдеулер жаза алатынына және сол мен оң бөліктерді теңестіру үшін коэффициенттерді дұрыс қоя алатынына көз жеткізу керек.

Теңестіру үшін бөлшек коэффициенттерді пайдалануға болады. Қане бірнеше теңдеулерді бірге жазып көрейік. Міндетті түрде әрекеттерге түсініктеме беру және белгілі бір маңызды аспектіге назар аудару.

Жаңа тақырып:

(20 мин)

Жұппен жұмыс.

Жұмыс бойынша есебін жазу

5 мин

Мұғалімнің /оқушының іс-әрекеттері

Енді біз заттардың бір-бірімен әрқашан белгілі бір белгілі бір қатынаста түсетініне көз жеткіземіз. Сендер өздерің №4 зертханалық жұмысты істегенде байқайсыңдар. Біз практикалық жұмысқа арналған дәптерлерімізді ашып бүгінгі күнді, тақырыпты жазып, мақсатты тұжырымдаймыз. Ұсынылған жұмыстың мақсатымен салыстырыңыз. Жұмысқа кірісіңдер. Мұғалім зертханалық жұмыстың орындалуын бақылайды.

Жұмыс барысы: Әрекеттесуші заттардың мыс (II) сульфаты және калий гидроксидінің қатынасын анықтайды және оны теңдеуді теңестіру үшін қолданады.

Әр реагенттің бір литрдегі 0,5 моль мөлшеріндегі ерітіндісінен пайдаланыңыз. Әр топ 5 см3 калий гидроксиді ерітіндісі бар сегіз сынауық дайындайды. Сынауықтарға 0,5 см3, 1,0 см3 және т.с. мыс (II) сульфаты ерітіндісінен қосады. Біраз уақыт өткеннен кейін,заттар толық әрекеттескеннен соң, түзілген тұнбанын биіктігін өлшеніз. Биіктігі тұрақты 2,5см3 ден арықарай, 1:2 қатынасын көрсетеді.

Назар аударыңыз: оқушылар көзілдірік кию керек. Тәжірибені жасағаннан кейін оқушылар қолдарын мұқият жуу керек.

Зертханалық жұмысты бағалау критерийі:

Оқу мақсаты

Дескрипторлар, оқушы мақсатқа жетеді, егер:

Ескерту:

- әрекеттесуші заттардың қатынасын эксперименттік жолмен анықтау

- 5 см3 калий гидроксидінің ерітіндісінен сегіз сынауық дайындап және оған мыс (II) сульфатының 0,5 см3, 1,0 см3 және т.с. ерітіндісінен араластырды

- дәптерге есеб беру үшін тиісті жазбаларды жасады

- тұнбаның биіктігін өлшеді, кестені толтырды

- реагенттердің қатынасын анықтады

Өлшеудің

дәлдігі

Дәлдік

Тұндыру

Уақытын

байқау

- қорытынды жасады және химиялық теңдеуді жазды

2KOH + CuSO4→ Cu(OH)2 + K2SO4.

Мыс (ІІ) гидроксидінің көк тұнбасы. Сізде нәтижелеріңізді аяқтау үшін 5 минут бар.

Ресурстар

Қосымша1 Зертханалық жұмыс №4

Қауіпсіздік техникасы ережесін сақтай отырып (қышқылдармен) жұмыс істеу

Сабақтың соңы Рефлексия

(2-3 мин)

Мұғалімнің /оқушының іс-әрекеттері

Мұғалім сабақты қорытындылайды:

  • Сабақ ұнады ма, неліктен? 2-3 жауап алынады.
  • Неліктен заттар белгілі бір қатынастарда өзара әрекеттеседі? Зат құрамынын тұрақтылық заңы және зат массасынын сақталу заңы деген жауаптарды қолдаңыз.

3. Сен қалай түсіндің, зат массасынын сақталу заңы неге негізделген? Шындығында, атомдардың саны өзгермейді.

Ресурстар

Сабақ жайлы пікірлер мен ұсыныстар жазылған стикерлер

Үй тапсырмасы

( 2 мин)

Н.Е.Кузьменко, В.В.Еремин 2400 задач для школьников 13-бет, 1-31,1-33- есептер. Жанудың 3 теңдеуін жазыңыз СS2, H2S, PH3

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында едәуір қабілетті оқушылар қиындық көріп тұрған оқушыларға көмек көрсете алады. Мұғалім жұмыстың орындалуын бақылайды, қажет болған жағдайда көмектеседі.

Тест нәтижелері бойынша оқушылар мини тақтайшаларға жазып жауап береді

ҚЕ сақтап жүмыс істеуді қамтамас ету. Қызығушылықтарын арттыру,шаршағандарын азайту және басу үшін тапсырмаларды орындау түрлерін өзгертіп отыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бағананы сабақ туралы ойларыңызға пайдаланыңыз. Өзіңіздің сабағыңыздағы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу

№ 4 Лабораториялық жұмыс «Реакцияға түсуші заттардың арақатынасы»

Жұмысты орындау барысында оқушылар міндетті:

- СИ (см/м) жүйесі бойынша өлшеу жасау;

- Дәлелдемелер негізінде қорытынды жазу және деректер осы қорытындыны қалай қолдайтынын көрсету;

- заттардың салмақтарын сақтау заңына сәйкес химиялық реакциялар теңдеулерін теңестіре білу

- реакцияға түсуші заттардың арақатынастарын анықтайтын дағдыларды қалыптастыру

Жұмыс барысы:

Мыс (II) сульфаты және калий гидрооксиді реакцияға түсуші заттардың арақатынасын анықтау және оны теңестірілген теңдеуді жазу үшін қолдану.

Бір литрде 0.5 моль құрамымен әрбір реагенттің ерітіндісін пайдаланыңыз. Әрбір топ 5 см3 калий гидроксидінің ерітіндісімен сегіз сынауық дайындайды. Сынауықтарға 0,5 см3, 1,0 см3 және т.б. мыс (ІІ) сульфаты ерітінділерін қосыңыз. Бірер уақыттан кейін заттар толығымен реакцияға түскеннен кейін шөгіндінің биіктігін өлшеңіз. Тұрақты биіктік 2,5 см3 -дан басталады, бұдан әрі, арақатынасы 1:2

Назар аударыңыз: Қорғау көзілдірігін киген жөн.Оқушылар тәжірибені жасағаннан кейін қолдарын әбден жууы тиіс

Уақыт: 20 мин



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?