Химиялық формулалар бойынша есептеулер. Химия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 8.1В Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімдердің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Химиялық формулалар бойынша есептеулер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.2.3.1 -заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын шығару

Сабақ мақсаттары

- Заттың сандық және сапалық құрамын білу;

- зат құрамына кіретін элементтердің пайыздық құрамын есептеу;

- элементтердің массалық үлесі арқылы заттың формуласын есептеп табу;

Бағалау критерийлері

Қосылыстың құрамына кіретін элементтердің массалық үлесін есептеу Алгоритмді қолдана отырып, қосылыстың формуласын табу; Қосылыстың молярлық массасын есептеу;

Қосылыстың сандық және сапалық құрамын ажырата білу үшін «шын – жалған» тапсырмасын орындау

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

- қосылыстың сапалық және сандық сипаттамалары туралы сұрақтар құрастыра біледі және сұрақтарға жауап бере алады.

Пәндік лексика және терминология

Массалық үлес, молекулалық масса, молекулалық формула, сандық және сапалық , жай зат, күрделі зат,омега

Диалог/жазылым үшін пайдалы тіркестер

Заттың сандық құрамы ........................................ анықталады.

.................. атомдық салмақтың молекулалық массаға қатынасы.

Элементтің/қосылыстың молярлық массасы .................... тең

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмысты орындау арқылы ынтымақтастыққа, өзара оқыту өзінің және басқа оқушылардың білім алуына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Математика

Бастапқы білім

7.1А Химияға кіріспе. Таза заттар және қоспалар

7.1В Зат күйінің өзгерісі

7.2А Атомдар. Молекулалар. Заттар

7.3С Салыстырмалы атомдық масса .Қарапайым формулалар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут

Сабақтың басталуы

Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Өткен сабақ бойынша қайталау «Сөзді ұста» ойыны. Сыныпты үш топқа бөлу. Атомдағы электрондардың қозғалысы тарауын қайталау үшін тарау бойынша кілттік сөздер салынған конверт топтарға таратылады. Кілт сөздер: атом, ядро, электрон қабаты, энергетикалық деңгей, энергетикалық деңгейше, s- орбиталь, p-орбиталь, сыртқы энергетикалық деңгей т.б. Мұғалім осы сөздердің анықтамасын айтады, сол кезде оқушылар тиісті сөзді бірінші болып қолымен жауып, өзіне жинайды. Бұл ойын оқушыларды шапшаңдыққа, тез ойлануға жетелейді.

Бағалау: Көп сөз жинаған оқушыларға смайликтер таратылады.

Жаңа сабақ тақырыбын ашу

  • Жай және күрделі заттар дегеніміз не? Мысалдар келтіру
  • Судың құрамы (Н2О) қанша пайыз сутектен және қанша пайыз оттектен тұрады?

Оқушылар жауаптары тыңдалады. Содан соң көмек ретінде бұл есепті шығарудың алгоритмі ұсыналады. Оқушылар алгоритммен танысып болған соң жұпта талқылай отырып, бұл есептің жауабын өз беттерінше есептеп шығару керек.

Күрделі заттардың құрамындағы химиялық элементтердің массалық үлестерін табу

Массалық үлес деп- химиялық қосылыстағы атом массасының бүкіл молекула массасына қатынасы. Ол пайызбен өрнектеледі, гректің ω (омега)әрпімен белгіленеді.

  • Берілген күрделі заттың салыстырмалы молекулалық массасын есептеу
  • 2. Әрбір элементтің қосылыстағы массалық үлестерін есептеу. Ол үшін элементтің массасының сандық мәні (индексті ескере отырып) қосылыстың салыстырмалы молекулалық массасына бөлінеді.
  • Мысалы: Алюминий оксидіндегі AL2O3 элементтердің массалық үлестерін есептейік:
  • Mr( Al2O3) = 27 · 2 + 16 · 3 = 102
  • ω(Al) = =53%
  • ω(O) = 47%

Барлық элементтердің массалық үлестерінің қосындысы 100% тең болу керек: 53% + 47% = 100%

Оқушылар осы жолмен бүгінгі сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды.

Слайд презентация арқылы мұғалім оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстырады, оқушылармен талқылай отырып, кілттік сөздерді анықтайды.

Презентация,

оқу және сабақ мақсаттары, күтілетін нәтижелер (бағалау критерийлері) жазылған слайдтар.

8 сынып химия оқулығы мен есептер жинағы

 Қосымша 1

Сабақтың ортасы

6-8 минуттар

9-17 минут

18-20 минут

24-30 минут

Жаңа сабақты меңгеру

Мұғалімнің түсіндіруі

Оқушылар слайд презентация арқылы қосылыстың сандық құрамы мен сапалық құрамы, массалық үлес және массалық қатынас ұғымымен танысады.

Топтық жұмыс : сыныпты екі топқа бөлу

Бекіту тапсырмасы:

Берілген алгоритм бойынша мына қосылыстардағы элементтердің массалық үлестерін есептеңіздер:

1-топ

1тапсырма: А) H2S В) H3PO4

2тапсырма: Мына қосылыстардың қайсысында: NaCl, NaClO, NaClO3 хлордың массалық үлесі көп?

3 тапсырма: Темір купорасындағы FeSO4 * 7Н2О судың массалық үлесін есептеңіздер

2-топ

  • тапсырма: А) CH4 B) H2SO4
  • тапсырма: Мына қосылыстардың қайсысында: СаСО3, С6Н12О6, Ba(NO3)2 оттектің массалық үлесі көп?
  • тапсырма: Тотияйынның CuSO4*5H2O құрамындағы мыстың массалық үлесін есептеңіздер

Тапсырманы орындап болған соң әр топтан бір оқушыдан шығып, есептерің жауабын түсіндіре отырып, тақтаға жазады.

Бағалау: топтардың өзара бағалауы

Cыныппен жұмыс

Сұрақ:

Егер заттың құрамындағы элементтердің пайыздық мөлшері берілсе, қосылыстың формуласын құрастыруға болады ма?

Оқушылар жауаптары тыңдалып болған соң тапсырма беріледі:

Массасы 50% күкірттен және 50% оттектен тұратын қосылыстың формуласын анықтаңыздар. Оқушылардың ұсыныстарын, ойларын тыңдап болған соң есептеу алгоритмі ұсынылады. Оқушылар есептеу алгоритмімен танысып болған соң, жоғарыда берілген есепті өз беттерімен шешеді:

Мысал.Құрамы 63,2% марганецтен тұратын марганец оксидінің формуласын табыңдар

Берілгеніw(Mn) = 63,2%;___________

Т/к: МnхОу

ШешуіМарганец пен оттектің атомдық массалары 55 және 16. Сондықтан оксид құрамы 55х : 16у болады. Марганецтің массалық үлесі 63,2% болса, оттектің массалық үлесі

100% - 63,2% = 36,8%.

Сондықтан : 55х : 16y = 63,2 : 36,8

Бұдан: х: у = 63,2/55 : 36,8/16= 1,15 : 2,3.

Алынған қатынастарды бүтін сандар ретінде көрсету үшін, біз алынған мәндердің екеуін де алынған ең кіші мәнге бөлеміз: 1,15/1,15 :2,3/1,15=1:2 Осылайша, марганец оксидінің қарапайым формуласы : Мn02. жауабы : Мn02.

Жұптық жұмыс

Оқушылардың қосылыстың формуласын табудағы алған білімдерін бекіту үшін тапсырмалар беру

  • Құрамында элементтердің массалық үлестері мынадай: магний 41.4% , оттек 55.2%, сутек 3.4% болатын қосылыстың химиялық формуласын табыңыз
  • Сутек, күкірт, және оттек атомдары массаларының қатынастары 1:16:32 ге тең болатын құрамында күкірті бар қышқылдың қарапайым формуласын табыңыз
  • Бір элементтің оксидінің формуласы ЭО2. Ондағы оттектің массалық үлесі 53.3%. Элементтің табыңыз.

Бағалау: әр жұп бірін бірі тексеріп, бағалайды. Мұғалім соңында тақтадан есептердің жауабын көрсетеді. Қателіктер болса тексерген жұп өз пікірлерімен бөліседі. Оқушылар өзара бағалай отырып, бір бірінен үйренеді.

Сабақты бекіту

Оқушылардың бүгінгі сабақ бойынша алған білімдерін бекіту мақсатында «Шын немесе жалған» активитиі орындалады.

Жеке жұмыс

Оқушыларға тұжырымдар жазылған кесте таратылады. Әр оқушы тыныштықта жеке отырып орындайды. Содан соң тақтадан көрсетілген дұрыс жауап арқылы өзін өзі бағалайды:

Тұжырымдар

Шын / Жалған

Ас содасының құрамына натрийдің дің 2, сутектің 1, көміртектің 1, оттектің 3 атомы кіреді

Массалық үлес – қосылыстағы атом массасының бүкіл молекулаға қатынасы

Қосылыстың сандық құрамы коэфициент аркылы белгіленеді

Сапалық құрам қосылысқа әр атом түрінің қаншасы кіретінін көрсетеді

Қосылыстағы элементтердің массалық үлесі арқылы қосылыстың формуласын шығаруға болады.

Ақ қағаздар, түсті маркерлер, калькулятор

Қосымша 2.

Қосымша 3.

Қосымша 4.

 

Қосымша 5.

Сабақтың соңы

39-40 минуттары

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жүргізеді.

Рефлексия «Шығу билеті»

Оқушылар ұсынылған терминдердің бірін таңдап, оны толықтырады және шығу билеті ретінде оны есікке жапсырып кетеді

Маған сабақта қиын болды .........................

Маған сабақта жеңіл болды ........................

Маған әлі де көмек керек …........................

Үй тапсырмасы: Бүгін сабақта өткен заттар құрамындағы элементтердің массалық үлесін табу, элементтердің массалық үлесі бойынша заттардың формуласын есептеп шығару дағдыларын бекітуге арналған есептер ұсыну.

Таратпа қағаздар

Қосымша 6.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар заттың сандық және сапалық құрамын ажырата алады; Қосылыс құрамындағы элементтердің массалық үлестерін есептейді

Көпшілік оқушылар қосылыстың формуласын табуға берілген есептерді дұрыс шеше алады;

Кейбірі алгоритмсіз берілген есептердің шешімін өз беттерінше тауып, барынша күрделендірілген есептеулерді орындай алады.

Оқушылардың білімін бағалау сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асырылады.

Сабақтың өн бойында жүргізілген фронтальды сұрақтарға жауаптары, сондай-ақ бекітуге арналған тапсырмаларды орындаулары оқушылардың материалды қалай меңгергендіктерін анықтайды. Оқушылардың жауаптарын ауызша бағалау.

Сабақта қолданылған белсенді оқыту әдістері оқушылардың массалық үлес табуға, қосылыстың формуласын табуға бағытталған білімдерін қалыптастыруға септігін тигізеді. Білімді өз беттерінше меңгеріп, бір – біріне түсіндіру- өздерін табысты сезінулеріне жағдай жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?