Иондардың түзілуі. Химия, 8 сынып, қосымша материал.
«ИОНДАРДЫҢ ТҮЗІЛУІ» ТАҚЫРЫБЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕСТЕР
Сынып: 8, 1 тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1А Атомдағы электрондардың қозғалысы
Осы сабақтың барысында оқушылар қосылыс түзу барысында элемент атомдарының электрондарды беріп немесе қосып алу қабілетіне ие болатындығын қарастырады және бұл процесс нәтижесі ион түзілумен аяқталатындығы аталып өтіледі. Сабақ барысында оқушыларға металл/бейметалл атомдарының диаграммасын салу және осы диаграмма негізінде сымнан немесе пластилиннен модель құрастыру тапсырылады.
Әртүрлі тапсырмалар негізінде оқушылар кез-келген атомның тұрақтылыққа ұмтылатынын, ал ол электрондардың жұмсалу процесіне алып келетінін түсініп, ионның түзілу сызбанұсқаларын сала алулары тиіс.
Кейбір оқушылар үшін ионның түзілу сызбанұсқасын салу қиындық тудыртуы мүмкін, мұндай жағдайда оң зарядты және теріс зарядты иондардың түзілуі атомның сыртқы энегетикалық деңгейінде орналасқан валенттік электрондардың санына байланысты екенін түсіндіріңіз. Егер оқушыларда ешқандай сұрақ болмаған жағдайда бірнеше мысалдар беруге болады.
Бұл деңгейде тек металдар мен бейметалдардың арасындағы электрондың алу-беруі, яғни иондардың түзілуі қарастырылуы керек. Әсіресе 1, 2-тотардың металдары мен 6, 7-топтардың бейметалдарының арасындағы иондардың түзілуі қарастырылуы керек. Себебі, 1, 2-топтардың сыртқы электрон қабаттарындағы электрондар саны аз және оларды оңай беретінін, яғни октет күйіне өтуге талпынатындығын оқушлыар нақты түсінулері керек. Бейметалдардың арасындағы тондардың түзілуін жазып оқушылардың арасында жаңсақ пікір қалдыруға болмайды. Иондардың түзілуін оқушылар міндетті түрде атомдағы электрондардың орналасуымен байланыытыыра алуы керек, сонда олар болашақта химиялық байланыстың типін анықтап, элементтердің және олардың қосылыстардың физикалыық және химиялық қасиеттерін болжай алатын болады. Иондардың түзілуін оқушылардың графикалық түрде бейнелеп көрсетуге болады ал содан кейін ғана иондарды әртүрлі формулалар жазуға беруге болады. Оқушылардың бинарлы қосылыстардың формулаларын иондардың көмегімен жазып үйренгенінен соң молекулалық иондар арқылы да формула құрастыруды үйретіңіз, мысалы, Са2+ және SO42-.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?