Белгісіз саны бар теңдік. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3A бөлім: Теңдік пен теңсіздіктер

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н З

Сынып: 1А

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Белгісіз саны бар теңдік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.2.4 Сандар мен шамалар арасындағы ара қатынасты орнату

(=, ≠, >, < )

 Сабақтың мақсаттары

белгісімен теңдіктегі белгісіз санды белгілеу.белгісіз ұғымымен таныстыру, белгісіз санды таңдау тәсілімен немесе санның құрамына сүйеніп табу,есептеу дағдысын дамыту, топпен және жұппен жұмыс істеудегі коммуникативтік дағдысын дамыту.

 Жетістік критерийлері

белгісін теңдіктегі белгісізді көрсетуде пайдалануды меңгереді. Мысалы,6+ =10

Теңдіктегі белгісіз санды бос торкөздерге жазып көрсетеді.

 Сөздік қор

 

белгісіз сан, теңдік, теңсіздік.

 Құндылықтарды дарыту

Ұжымшылдыққа тәрбиелеу,жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Ғылымға кіріспе.Ғарыш бөлімі.

Алдыңғы меңгерілген білім

Санды өрнектерді салыстыру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

3минут

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларға жайлы ахуал ұйымдастыру

Шаттық шеңбері

Армысың досым,Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).Алақанға салып алақан,Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).Жер шарындай айналып,Әлемге жарық ұқсайық (айналады).Қолымызды көтеріп, Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).Ортамызда күн нұры,Құшаққа оны алайық (құшақтасады).

ОМ анықтап алу

Бүгін сабақта сендербелгісіз санды көрсететінбелгісін қалай қолданатыныңды үйренесіңдер

30 минут

.Т)Ғарышқа саяхат.

Оқушыларды ғарыш кемелерінің экипажы ретінде топқа бөлу.Әрбір экипаждың құрамында неше адамнан болу керектігін анықтау үшін теңсіздіктегі торкөзбен берілген белгісіз санды жазып, толықтыруды ұсыну.Теңдіктегі белгісіз санды торкөз пішіндес белгімен көрсетеміз.

Тапсырмаы орындауда барысында шаршы пішіндес бос торкөзбен көрсетілген белгісіз санды іздейміз. Бос торкөзге қоюға болатын сан белгісіз сан деп аталады.Құрамында белгісіз саны бар теңдік -белгісіз саны бар теңдік деп аталады.

«Ғарышкердің таңғы асы»

Саяхатқа шықпас бұрын алдымен жаттығу жұмыстарын жасайық.

Енді таңғы асымызды ішейік. Ол үшін келесі сұраққа жауап беріңдер.

-7 саны шығу үшін,5-ке нешені қосамыз?

-Белгісіз сан нешеге тең?

-5 саны шығу үшін, 8 ден қандай санды азайтамыз?

-Белгісіз сан нешеге тең?

Шығарып көр

Белгісіз сандардың мәнін зымырандар ұша алатындай етіп анықта.

8+ =10 10- =1

12+ =17 15- =12

28 - =21 45+ =50

(Ж) Орындап көр

Ғарыштық шаршыны шеш.Қосындысында көрсетілген сан шығатындай әрбір суреттің астында қандай белгісіз сан жасырулы тұрғанын анықта.

Ойлан

Зымыранның экипажы Жерді 12 рет айналып өтуі керек.Олар ғаламшарды бірнеше ретайналып өтті.Енді оларға әлі 7 рет айналу керек. Ғарышкерлер Жерді неше рет айналып өтті?

Дәптермен жұмыс

Өзге ғаламшарға көмектес.

сандар жазылған кеспеқағаздар

санды теңсіздіктер мен теңдіктер жазылған кеспеқағаздар,

ламинатталған қағаз парақтары, маркерлер.

Сабақтың соңы

5 минут

Бүгін сабақта сендер не үйрендіңдер?

Кері байланыс:

Мен бүгін сабақта ештеңе түсінбедім. (қызыл түс)

Менің сабақта әлі де түсінбеген тұстарым бар.(сары түс)

Бүгін мен үшін сабақта барлығы түсінікті. (жасыл түс)

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Белгісіз саны бар теңдікті шешуде қиналған оқушыларға жеке көмек көрсету

Белгісіз саны бар теңдікті шешуді үйренді

Сергіту сәті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу