Судың тіршілік үшін маңызы. Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау

Жаратылыстану пәні 3 сынып

4 тарау 5 сабақ

Сабақ тақырыбы: Судың тіршілік үшін маңызы

Ұйымдастыру. Өткен сабаққа шолу жасау. Әр оқушыға тапсырма жазылған жеке парақша беріледі. Тапсырма мазмұны: «Су» сөзін түсті қарындаштармен сызу арқылы суретпен сәйкестендіру.

Қызыл сызықпен – судың қатты күйі;

Жасыл сызықпен – судың сұйық күйі;

Көк сызықпен – судың бу күйіндегі түрі.

Суды пайдалану . Жұптық жұмыс

Су қайда пайдаланылады? тақырыбында жұппен сурет салуды тапсыру. Оқушылар жұпта сурет салады, әр суретке ат қояды, қабырғаға галарея ұйымдастырылып жабыстырылады, басқа жұптардың суреттерін тамашалайды.

Судың жарамдылығы. Су тапшылығы бейнеленген суреттер көрсетіледі. Бұл суреттен не байқағандары сұралады.

  • Неліктен кей жерлерде ауызсу тапшы деп ойлайсың?
  • Ащы су, тұщы су сөздерінің мағынасын қалай түсінесіңдер?
  • Адам сусыз қанша уақыт өмір сүре алады?
  • Адамдар қандай суды пайдаланады?

Мұғалімнің түсіндіруі. Мұғалім тұщы су жайлықосымша ақпарат береді.

Тұщы таза су – байлық. Жер шарындағы барлық судың 2% ғана тұщы, ал қалған 88 % ащы су. Тұщы суды тек адамдар ішу үшін ғана пайдаланады. Ауызсу – ішуге жарамды су. Дүние жүзінде тұщы суды пайдалану жыл сайын өсіп келеді, сондықтан әлемде ішуге жарамды ауызсудың жетіспеушілігі өзекті мәселеге айналды.  Табиғи тұщы су көздерін таза ұстау, оны ластамау, тиімді пайдалану қажет.

Қала тұрғыны тәулігіне орташа есеппен 150 л. жуық, ал ауыл тұрғыны 55 литрге жуық су жұмсайды екен. Бірақ көп су тұрмыста тектен-текке жұмсалуда. Әрдайым құбырдан аққан су қажетімізге қарай аға ма? (1 сағ – 12 л.24 сағ – 300 л)

Зертте. Суды қалай үнемдеп пайдалануға болады?

Оқушылар бірнеше топтарға бөлінеді. Бір топ энциклопедиялармен жұмыс жасаса, келесі топ кітаптармен, газет журналдармен жұмыс жасайды. Басқа топ мектеп қауымдастығы мүшелерінен (мұғалімдерден, асханашылардан, дәрігерден, оқушылардан және басқа мектеп қызметкерлерінен) сұхбат алады. берілген уақыт аяқталған соң жинақтаған ақпараттарды пайдаланып, топта постер жасайды және қорғайды.

Мәтінмен жұмыс. Мәтінді түсініп жеке оқиды. Туындаған сұрақтар талданады. Мәтін бойынша ой-пікілері талқыланады.

Ойлан. Жұптасып «Егер су болмаса, Жер бетіндегі тіршілік қалай өзгерер еді, сусыз тіршілік болуы мүмкін бе?» деген сұрақты талқылап, өз көзқарастарын білдіреді. Жұпта өз өлкесінің табиғатын сусыз күйде елестетіп әңгіме құрастырады немесе сурет салады.

Сен білесің бе? Оқушыларға суды қандай салаларда көбірек пайдаланылатыны жайлы айтылады.

Бағалауға арналған тапсырма.

1. Су ағынының күшін не үшін пайдаланады?

А) электр энергиясын өндіру үшін

В) жуыну үшін

С) өсімдіктер мен жануарлар үшін

Д) егін суару үшін

2. Жартысы ащы, жартысы тұщы көл қалай аталады?

А) Зайсан

В) Марқакөл

С) Балқаш

Д) Каспий

3. Жер бетінде қандай су көбірек кездеседі?

А) ащы

В) тұщы

С) сұйық

Д) қатты

4. Суды қорғау шараларын жаз: Оқушылар ойларын еркін жазады.

Рефлексия

  • Сабақта не қызықты болды?
  • Сабақта не қиын болды?

Сабақтан не үйрендің?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу