Суқұбырдың қызметі. Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


 Әдістемелік нұсқаулық.

3-сынып. Жаратылыстану. Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су. Суқұбырдың қызметі.

 Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың қызығушылығын сабаққа аудару үшін шеңбер бойымен тұрып «Ыстық лебіз» ойыны арқылы бір-біріне тілек айту.

 Судың саяхаты.

 Тапсырманың мақсаты: Судың суқоймадан сорғыға түскеннен бастап кері айналып келгенге дейінгі жолын түсіну, мәселені талдай алуға, оның себебі мен салдарларының арасындағы байланысты таба білуге үйрену.

  Тапсырма жұптасып орындалады. Жетекші сұрақтар арқылы тақырыпты ашу. Сұрақтар:

 -Адамдардың тұратын үйлерінің жанында суқоймалар болмаса, суды қайдан алады? Мысал келтір.

 -Құдықтың суын ішуге болады ма? Неге?

 -Құдықтағы суды тазарту керек деп ойлайсың ба? Ойыңмен бөліс.

 -Құдықтың ішіндегі су лас болмау үшін не істеу керек?

 -Суды тағы қалай алуға болады?

 -Көпқабатты үйлерге су қалай барады?

 Тапсырманы қорыту барысында оқулықта берілген суретпен жұмыс жасау ұсынылады.

 ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

 Суды тазарту.

 Тапсырманың мақсаты: Суқоймалардан алынған суды пайдаланбас бұрын оларды міндетті түрде тазарту қажеттігін түсіну. Берілген ақпарат көздерін талдау.

 Бірнеше сұрақтарға жауап бере отырып суды неліктен тазарту керектігін анықтайды. Сарқынды судың мәнін түсінеді. Сұрақтар:

 -Өзеннен келген суды бірден пайдалануға болады ма? Неге?

 -Жауын-шашынның суын пайдалануға болады ма?

 -Суқұбырдың қызметі неде?

 -Суқұбыр арқылы келген су қайтадан қайда барады?

 -Лас су қайтадан өзенге құйылса не болады?

 ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

 Топқа біріктіру. «Суқұбыры» ойыны арқылы оқушыларды бірнеше топтарға біріктіру. Ол үшін суқұбыр арқылы өтетін заттарды алдын ала дайындап қою керек. Мысалы, түрлі-түсті асықтар, кішкене доптар, кеңістік фигуралары т.б.

 Зерттеу жұмысы.

 Мақсаты: Суқұбырдың қалай жұмыс істейтінін анықтау, болжамдарын жасау, қорытынды шығару.

 Зерттеудің жоспарын құру: Ыдыстағы суды бірнеше тұтынушыға жеткізу. Ол үін модель құру.

 Ресурстарды тарату. Әр топқа түтікшелер, скотч орамы, құйғыш, суы бар ыдыс, штатив, барлық топқа пластикалық төрт стақан әзірлеу.

 Модель жасау. Нұсқаулық:

 -Екі орта диаметрлі түтікшені алып, үлкен диаметрлі түтікшеге салады. Жалғасқан жерді скотчпен орайды.

 -Орта диаметрлі түтікшеге ең кіші диаметрдегі екі түтікшені салады. Жалғасқан жерді скотчпен орайды.

 -Кішкентай диаметрлі төрт түтікшенің астына стақандарды қояды. Үлкен диаметрлі түтікшені құйғышпен біріктіреді.

 -Зерттеушінің күнделігіне тәжірибе барысының суретін салып алады. Қорытынды жасайды.

 Саралау. Ынтасы жоғары оқушылар тобына модель жасаудың қандай жолдарын өзгеруге болатыны жайлы сұрақ қою. Ойларын тыңдау.

 Зерттеу жұмысын қорытындылау.

 Зерттеудің жоспары мен оның барысын салыстырып, қорытынды шығару.

 Ойлан. Елді мекендер мен өзендерге қатысты су жинау бөгеттері мен ақпа суларды ағызатын орындар қайда орналасуы керек екенін топта талқылап, анықтау. Өзен келесі елді мекенге ағып барғанша, тазарады, қоқыс қалдықтары өзен түбіне шөгіп қалатынын түсіну.

 Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау.

 Сен білесің бе? Қазіргі Атырау қаласына жақын жердегі Сарайшық қаласының орнындағы қазба жұмыстары туралы айтып, күйдірілген қыштан жасалған тас құбырлар арқылы қала үйлеріне ауызсу келіп тұрғанын әңгімелеу.

 Жеке жұмысқа дәптерде берілген тапсырмаларды орындау ұсынылады.

 57-жұмыс парағы. «Суқұбырдың бөлшектері», 59-б.

 Филворд. Суқұбырдың бөлшектерінің атауын тауып, сәйкес қатарларды бояу. Сөзді жазбаша қолдана білу мақсатында сөздерді пайдаланып, үш сөйлем құрастыру.

 Бағалау. Дескриптор:

 Оқушылар:

 -Суқұбырдың бөлшектерін атайды;

 -Сөздерді жазбаша қолдана алады.

 58-жұмыс парағы. «Суқұбырдың сызбасы», 60-б.

 Тізбек құрастыр. Судың суқұбыр көзінен бастап таралуы мен қайтар жолын сызықтар арқылы көрсету. Суқұбыр құрылғыларының атауын жазу.

 Бағалау. Дескриптор:

 Оқушылар:

 -Судың суқұбыр көзінен басталып таралуын біледі;

 -Суқұбыр құрылғыларының атауларын жазады.

 ҚБ. Мұғалімнің жазбаша қалыптастырушы бағалауы.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу