3AХимиялық элементтер, қосылыстар және адам ағзасы. 1-сабақ : Тағам құрамындағы қоректік заттар. Химия, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

САБАҚ: 7.3AХимиялық элементтер, қосылыстар және адам ағзасы

1-сабақ : Тағам құрамындағы қоректік заттар.

Мектеп: ФМБ НЗМ Шымкент қ.

КҮНІ: 12.01.2017

Мұғалім: Әсілбекова А.Ә.

СЫНЫП: 7

Қатыспағандар қатысқандар:

саны:

Осы сабақ мүмкін ететін оқыту мақсаты

  • тағам өнімдерін химиялық қосылыстардың жиынтығы деп түсіну;

Сабақтың түрі

Жаңа оқу материалын игерту

 Сабақ мақсаты

  • тағам өнімдеріндегі химиялық элементтермен таныстыру;
  • тағам өнімдерінің негізгі құраушыларын ажыратуды үйрету;
  • тағам өнімдерінің негізгі құраушыларын анықтауды үйрету;

Бағалау критерийлері

Азық-түлік құрамындағы негізгі тағам топтарының түрлері мен көздерін білу;

Азық-түлік құрамындағы негізгі тағам топтарының атқаратын функциясын түсіну

Азық-түлік құрамындағы негізгі тағам топтарының құрамындағы химиялық элементтерді атай алу

 Жахандық азаматтықты

 дамыту

Адам ағзасына қауіпсіз, қауіпті тағам түрлерін талқылау

 Тілдік мақсаттар

 

Тағам топтарының түрлері мен қызметін сипаттай алады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушылармен жахандық азаматтық, ашықтық құндылығы бойынша талқылау.

 Пәнаралықбайланыстар

Ағылшын тілі-кілтті сөздер, биология адам ағзасына әсері

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта

Алдыңғы білім

Қарапайым химиялық реакциялар

Жоспар

Жоспарланғанмерзімдер

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы

5 минут

І. Өтілген тақырыпты пысықтау.

Проблемалық сұрақ қою.

Біз не үшін тамақтанамыз?

Біз пайдаланатын азық-түліктер қауіпсіз бе? Оқушылардың пікірін тыңдау.

Күтілетін жауап: Оқушылар адам ағзасына қауіпті және қауіпсіз тағамдар түрлерін айтады.

Презентация слайды

Ортасы

5 минут

ІІ. Жаңа тақырыпты талқылау.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

1.Кілтті сөздерді ендіру.CLIL стратегиясы бойынша оқушылар кестедегі тағам топтарын, не үшін қажет екендігін бір-біріне түсіндіреді. Сабақ барысында осы кілтті сөздермен жұмыс болатындығын ескерту.

Іс-әрекет түрі: топтық

Бағалау: кері байланыс арқылы

Бейнеролик

Кілтті сөздер жазылған парақтар.

5 минут

Тапсырма: бірқатар эфирлерден (аптекада болатын эфирлерден) мына заттардың: алмұрт, банан, апельсин, таңқұрай,ананас,алма қайсысының құрамында кездеседі? Неліктен?

Іс-әрекет түрі: жұптық

Бағалау: кері байланыс арқылы

Бірқатар эфирлер мен жемістер

5 минут

2.Тағам топтарын таныстыру.

Презентация

16 минут

ІІІ. Сабақты бекіту.

3.Оқушылар видео https://twig-bilim.kz/mindmap/1349/food-basics/ 3 түрлі( май, ақуыз, көмірсу) видео көрсетіледі. Әрбір видеоның қажетті бөлігін ғана көрсету керек.

Оқушылар видео бойынша «тағам өнімдерінің тобы» кестесін толтырады.(май, көмірсу,ақуыз). Оқушылардың толтырған тағам топтары кестесі бағалау дескрипторлары бойынша бағаланады.

Іс-әрекет түрі: жұптық

Бағалау: бағалау дескрипторлары арқылы

Бағалау дескрипторлары:

  • Азық-түлік құрамындағы негізгі тағам топтарының түрлерін біледі;
  • Азық-түлік құрамындағы негізгі тағам топтарының көздерін атай алады;
  • Азық-түлік құрамындағы негізгі тағам топтарының атқаратын функциясын түсіндіреді
  • Азық-түлік құрамындағы негізгі тағам топтарының құрамындағы химиялық элементтерді біледі

Видео

Соңы

4 минут

Бағалау :Оқушылар бағалау критерийлеріне байланысты сұрақтарға сигналдық белгілер арқылы жауап береді.

Үй тапсырмасы:Тағам топтарының қалған түрлеріне: витаминдер, минералдар, талшықтар жөніндегі кестені құру.

Сигналдық белгілер

Қосымшаақпарат

Дифференциация – кең қолдауды қалай орындамақсың? Барынша ұғымтал оқушыларға қандай тапсырмалар жоспарлап отырсың?

Бағалау- Оқушылар білімін қалай тексеруді жоспарлайсың?

Айқаспа оқу сілтемелері

Денсаулық пен қауіпсіздікті тексеру

АТ-сілтемелер

Шамаларға сілтемелер

Барлық оқушылар: Азық-түлік құрамындағы негізгі тағам топтарының түрлері мен көздерін атай алады;

Көпшілік оқушылар: Азық-түлік құрамындағы негізгі тағам топтарының адам ағзасындағы ролін түсіндіре алады;

Кейбір оқушылар: Азық-түлік құрамындағы элементтерді атай алу.

Сұрақ-жауап, бағалау дескрипторлары, сигналдық белгілер арқылы бағалау.

Бірегейлік және сындарлық оқушылардың тәжірибеден алған деректерді өңдеу кезінде қолданатын әдіс-тәсілдері арқылы байқалады. Жұптасып және топта жұмыс, сондай-ақ бір бірімен және мұғаліммен жұмысты талқылау басқалар пікірін құрметтеуді және бір-бірімен және мұғаліммен тиісті үлгіде араласу қасиетін дамытуы керек. Құралдарды пайдалану, химикаттармен жұмыс істеу және нұсқаулықты дәл сақтау оқушының сау және қоршаған ортаға назар аудару туралы сезімін дамытып басқалармен жұмыс істеген жағдайда кейбір шамада қауіпсіздік шараларын сақтауда жауаптылығын көрсетеді.

Дифференциация

Сабақ мақсаты/зерттеу мақсаты дұрыс қойылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқу атмосферасы қандай болды? Менің жоспарлаған дифференциациям жақсы жұмыс істеді ме? Мерзімге сидыра білдім бе? Менің жоспарым бойынша қандай өзгерістер болды және неге?

Сабақ бойынша ой жүгірту үшін бос бағананы пайдалану керек. Сол жақтағы бағанадан сабақ туралы анағұрлым маңызды сұрақтарға жауап беру керек.

Оқушылардың CLIL стратегиясы бойынша бір-біріне сабаты түсіндіруі тиімді болды. Сондай-ақ тағам топтары бойынша кестені видео арқылы толтыруы тағам топтарының сипаттамасын жақсы түсінуіне әсерін тигізді.

Дегенмен, көптеген оқушылардың ағылшынша мәтінді баяу түсінуі біраз уақытты алады. Сондықтан болашақта мәтінді үлгерімі төмен оқушыларға қазақша аударып екі тілде беру керек.

 

 

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?