Қатты, сұйық және газ тәрізді заттар. Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқау

4-тарау 2-сабақ

Сабақ тақырыбы: Қатты, сұйық және газ тәрізді заттар

Ұйымдастыру

Өткен сабақ бойынша жұмыс.

  • «Жоқ сөздерді толықтыр» тапсырмасының жауабы:

Кез-келген бұйым, кез-келген жанды огранизмдер дене деп аталады. Ағаш,үй,машина,құс,қар ұшқыны,тұз- денелер. Дене заттардан тұрады.

Денелер табиғи және жасанды болып бөлінеді. Денелер қатты, сұйық, газ тәріздес болады.

Табиғи денелер жанды және жансыз болып бөлінеді. Олар: қарлығаш,қасқыр,бұлт т.б.

Адам қолымен жасалған бұйымдар жасанды денелерге жатады. Мысалы: телефон,теледидар,кітап,шкаф,орындық т.б.

  • Жұмбақ жасыру.

Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді.

Ол не? (Су)

Су туралы сұрақтар қойып, не білетіндерін сұрау.

  • Су туралы не білеміз?
  • Табиғатта ең таза суды қай жерде кездестіруге болады деп ойлайсың?
  • Су қалай өзгереді?
  • Неліктен бір зат әртүрлі болып көрінеді?
  • Мұз, су және бу арасында қандай ұқсастық пен айырмашылық бар?
  • Суреттермен жұмыс.

Суреттер көрсетіледі, оқушылар бейнеленген заттардың атын атайды және заттардың қасиетіне қарай бір сөзбен айтады. Мысалы: мұз, әйнекғ темір-қатты заттар; су, сұйық май, сироп – сұйық заттар; көмірқышқылгаз, оттегі, табиғи газ- газ тәріздес заттар.

  • Зертте. Оқушылармен жұптық жұмыс ұйымдастырылады.

Бір оқушы денелермен жұмыс жасайды, екінші оқушы жазба жұмысымен айналысады немесе кезекпен ауысуға болады. Қажетті құралдар: шар, инесіз шприц, стақан, шыны аяқ, кесе, шеге. Алдын-ала сызылған кестеге зксперимент барысын жазып отыру.

Заттың күйі

Көлемі

Пішіні (формасы)

1. Шар үрлеу. Шардың іші немен толғаны, қалай өзгергені туралы жазу.

2. Инесіз шприцке ауаны сору. Ине кіргізетін саңылауды саусақпен жауып тұрып, шприцтің поршенін итеру. Өзгерісті кестеге жазу.

3. Стақаннан шыны аяққа, сосын кесеге су құяды. Сұйықтың пішінінде өзгеріс болған немесе болмағанына тұжырым жасайды.

4. Шприцті сумен толтырып, ине тұратын саңылауын жауып тұрып, шприцтің поршенін итереді. Қорытындысын кестеге жазады.

5. Темір шегені стақанға, одан кейін шыны аяққа, содан соң кесеге салады. Қатты дененің пішінінде қандай өзгеріс болатынын тұжырымдайды. Шегені қысып көру. Қатты дене қысыла ма, жоқ па, қорытынды жасау.

  • Заттардың өзгеруі.
  • Шай мен қантқа тәжірибе жасау. Шайға қант қосқанда қалай өзгеретінін өмір тәжірибелерінен айтуға жағдай жасалады. Ауылда апалары жасаған құрттың жасалу үдерісі жайлы сұрастырып, сұйық заттың қатты денеге айналу үдерісі талқыланады.

Сен білесің бе? Оқушыларға Жер бетіндегі су үнемі қозғалыста болатынын және күйін ауыстыратыны айтылады.

  • Бағалауға арналған тапсырма беру арқылы білімдерін тексеру.

Бағалауға арналған тапсырма.

1. D) 2. А) 3. С) 4. D) 5. А) 6. А)

  • Рефлексия
  • Мен …….. ұқтым
  • Мені …….. таңғалдырды
  • Маған …….. ұнады
  • Мен өзімді және достарымды………. үшін мақтай аламын


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу