Ұ.Есдәулетов «Біз түркілерміз». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
Пән: | Қазақ әдебиеті | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||
Сынып: | Қатысқан оқушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||||||
Бөлім тақырыбы | Аңызбен өрілген көркем сөз | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | Ұ.Есдәулетов «Біз түркілерміз» | |||||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 10.1.5.1 - шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу. | |||||||||
Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар:
Көптеген оқушылар:
Кейбір оқушылар:
| |||||||||
Бағалау критерийлері | Шығармадағы ұлттық құндылықты әлемдік тақырыппен байланыстырады. | |||||||||
Тілдік мақсаттар | Пән лексикасы және терминология: көк аспан, көк бөрі, көк тәңір, көк байрақ Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: ұлыған көк бөрімін, біз - түркілерміз! | |||||||||
Мектеп құндылықтары | Ынтымақтастық: өзіне жағымды қатынастарды дамыту, ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру және сындарлы көзқарасты дамыту, өзара қарым-қатынастар құрған кезде сыни ойлай білу | |||||||||
Осыған дейін меңгерілген білім | 10.1.3.1 - көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау; | |||||||||
Жоспар | ||||||||||
Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | ||||||||
Сабақтың басы 10 минут | Ұйымдастыру. Оқушыларға оқу мақсаты мен бағалау критерийі (дескриптор) таныстырылады. «Мендік пікір» арқылы Ұ.Есдәулетов «Біз түркілерміз» өлеңінен алған әсерін жеткізу (Таяқшаларға жазылған есімдерді атау арқылы 12 оқушының пікірі тыңдалады)
| Слайд Суырма таяқшалар | ||||||||
Сабақтың ортасы 10 минут 5 минут 10 минут | Т. Әр топқа өлең үзіндісі беріледі. Өлең жолдарының мазмұндық құрылымына талдау жасайды. 1-тапсырма. Өлең мазмұнын талдау үшін топтарға бірігіп, рөлдерін бөліп алады: 1-оқушы: таныстырушы- өлеңнің идеясы мен тақырыбын таныстырады. 2-оқушы: байланыстырушы – өлең идеясын өмірмен байланыстырады. 3-оқушы:салыстырушы: өлеңді басқа ақынның осы мазмұндас шығармасымен салыстырады. 4-оқушы: суретші – өлең мазмұны бойынша сурет салады. Бір рөл алған әр топтың мүшесі жаңа топ құрап, ой тізбегін құрастырады. Мазмұндық құрылым сақталуы тиіс. Кері байланыс. «Сәтті...» 2-тапсырма.
Кестені топта талқылап толтырады. Еліміздің тарихымен байланыстыра отырып, ұтымды пікір білдірулері тиіс. 1-топ. Біз - түркілерміз Біз - түркілерміз... Біз - түркілерміз! Көк аспандай жарқылдап, күркірерміз, Көк аспанның бұлтындай сілкінерміз, Көк бөріден туғанымыз рас болса, Көк тәңірден қуат ап, бір түлерміз. 2-топ. Кеудемізді билеген асқақ арман, Тарихымыз дастан боп таста қалған, Тірсегіміз тілінген кездерде де Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған. 3-топ. Жұтып қойған ғасырлар өктем үнін, Айға қарап ұлыған көк бөрімін. Атқа мінсем кетемін аруақтанып, Арасында желік бар ет-терінің. 4-топ. Атқа мінсем кетемін айбаттанып, Қылыш көрсем кетемін қайраттанып. Ғасырлардың бетіне қалқып шыққан, Біздің халық - бұ да бір қаймақ халық! 5-топ. Намысымдай ешкімге таптатпаған, Түркістанның күмбезі асқақтаған. Бабаларым жатыр ғой бата беріп, Аруақтар аманатын ақтап бағам. 6-топ. Көк тәңірден көңілге нұр тілерміз, Көк аспандай әлі де күркірерміз. Көк бөрілі көк байрақ көкке шықса, Қай дұшпанның алдында іркілерміз? Біз - түркілерміз! Біз - түркілерміз!! Біз - түркілерміз!!! Кері байланыс. «Екі жұлдыз, бір тілек» | http://infoportal.kz/ru/content/biz-turkilermiz рөл атауы жазылған қима қағаздар А4 форматты қағаздар, түрлі-түсті бояулар А3 форматты қағаздар Өлең жолдары жазылған қағаздар | ||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?