Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
|
| |||||||||||
Оқу мақсаты: | 3.2.2.1 жануарларды омыртқалыларға және омыртқасыздарға жіктеу; 3.1.2.4 жүргізілген тәжірибе нәтижесін құрылған жоспарға сәйкес диаграмма түрінде көрсету, қорытынды жасау. | |||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Жануарлардың топтарын біледі, тіршілік ету жағдайына бейімделуін түсінеді. | |||||||||||
Бағалау критерийі |
| |||||||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||||||
Құндылықтар | Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қазақ тілі. | |||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Таныстырылыммен жұмыс | |||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Жануарлардың түрлері. | |||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 1 минут 3 минут | Оқушылар төмендегі өлең жолдарын айту.
Топқа біріктіру. Оқушыларды «Омыртқалы жануарлар» және «Омыртқасыз жануарлар» сөздері жазылған қима қағаздар бойынша шағын топтарға біріктіру. Жануарлардың топтары. Әр топқа әр түрлі жануарлардың суреттері бейнеленген парақтарды таратып, оларды әртүрлі белгілеріне қарай топтастыру. | Слайд №1,2 Қима қағаздар Суреттер Оқулықпен жұмыс Слайд №3 | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5 минут 6 минут 10 минут 2 минут 2 минут 3 минут 5 минут | Жұмбақ. Омыртқалы және омыртқасыз жануарларды анықтау. Омыртқаның кейбір жануарларда болатынын, ал кейбіреулерінде болмайтынын айту.
Сөзді тап.«Поле чудес» ойыны арқылы суреттегі жануарлардың атауларын табу.
Зертте. Зерттеу жұмысын саябақта немесе мектеп алаңында жүргізу керек. Зерттеу жұмысын жүргізуге арналған нұсқаулық - Әр оқушы алаңнан неғұрлым көбірек жануарларды табуы қажет. -Тапқан жануардың атын зерттеуші күнделігіне жазуы керек немесе суретін салып қоюы тиіс. - Оларды омыртқалылар немесе омыртқасыздар тобына бөлуі керек. - Сыныпта зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талқылау қажет. Оқушылардың бақылау жасау жоспарын толық жүргізгенін нақтылаңыз. - Егер күн райы зерттеу жұмысын жүргізуге кедергі келтірсе, онда оны сыныпта жүргізіңіз. - Әртүрлі жануарлардың суреттері мен фотосуреттерін таратыңыз. - Оларды омыртқалылар мен омыртқасыздарға бөліңіздер. - Олардың арасынан саябақтан немесе мектеп алаңынан кездестіруге болатын жануарды бөліп алыңыздар. - Аттарын күнделікке жазып қойыңыздар. - Нәтижесін бағандық диаграмма түрінде көрсетуі керек.
Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау. Ойлан. Ұлудың, қоңыздың және улы медузаның фотосуретін көрсетіп, олардың омыртқасы жоқ, олар қалай қорғанады деп сұрап, талқылау. (Кейбір жануарлардың денесі қатты қабықпен, бақалшақпен қапталғанын, көптеген омыртқасыздар улы болып келетінін түсінеді. Осылайша олар тіршілік ету ортасына бейімделеді). Мұғалім-оқушы диалогі. Есте сақта! Жануарлар омыртқалы және омыртқасыз болып бөлінеді. Балықтар, бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер, сүтқоректілер және құстар омыртқалы жануарлар болып табылады. Бунақденелілер, құрттар, ұлулар, өрмекшілер және кейбір теңіз жануарлары омыртқасыздарға жатады. Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады. 22-жұмыс парағы. «Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар», 24-б. Жануарларды бөл. Оқушылар омыртқалы және омыртқасыз жануарларды анықтайды, оларды тиісті кестелерге бөліп жазады (Жауаптар: Омыртқалылар: көртышқан, бүркіт, қоян, піл, жылқы. Омыртқасыздар: шұбалшын, инелік, медуза, құмырсқа). Бағалау.
| Оқулықпен жұмыс Слайд №4 Слайд №5 Слайд №6 Слайд №7 Жануарлар бейнеленген суреттер Зерттеу күнделігі https://www.youtube.com/watch?v=fY0N407XXj0&list=PLyv3wPdSdAyAnTf__b3HqZSNEQ7O4GRNX Дәптермен жұмыс | ||||||||||
| Кері байланыс. Оқушылар кері байланысқа стикерлерді тиісті орынға жабыстырады. | Тазалық тақтасы Слайд №8 | ||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||
Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||
Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру. | Сабақ барысында -мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау. -оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. | Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?