Шаршының қабырғаларын өлшеу. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Шамаларды өлшеу.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП

Қатысқандар :

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Шаршының қабырғаларын өлшеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.1.3 геометриялық фигуралардың (үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш) қабырғаларын өлшейді және салыстырады.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Ұзындықты өлшейді және шаршының барлық қабырғалары тең болатындығын анықтайды.

Оқушылардың басым бөлігі:

Шаршының қабырғаларын өлшейді және оны қабырғаларының қосындысын таба алады.

Кейбір оқушылар:

Өздігінен берілген өлшем бойынша шаршы сызып, ұзындықты өлшей алады.

Бағалау критерийі

  • Геометриялық фигураның қабырғаларының ұзындығын өлшейді.
  • Геометриялық фигуралардың қабырғаларын салыстырады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Ұзындық, өлшем бірліктерінің арақатынастарын талқылай алады.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыш, периметр

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

  • Геометриялық фигуралар бізге не үшін қажет?
  • Шаршының қабырғалары қандай болады?

Құндылықтарға баулу

Қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі мол жəне зияткерлік тұрғыдан дамыған тұлға қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек ,Дүниетану

Алдыңғы оқу

Геометриялық фигуралар туралы ұғымдары қалыптасқан. Ұзындықты немен өлшеуге болатынын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың

басы

5 мин

1

мин

3 мин

2 мин

Ұйымдастыру бөлімі:

Шаттық шеңбер Дөңгелекке тұрамыз,

Шеңберді біз құрамыз

Қол ұстасып бәріміз.

Ақ тілекті жолдайық

Әлемде нұр тыныштық,

Әрбір үйде күн ыстық.

Қайырлы таң бала бақша

Қайырлы таң достарым.

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз

Салем, салем, салем

Жарайсыңдар балалар!

2.Ширату.

«Сиқырлы фигуралар» ойыны

Интеративтік тақтадан бірнеше фигураларға ұқсас суреттер көрсету арқылы фигураларды табады.

«Ауадағы диалогтар” әдісі.

  • Балалар, біз қандай пішіндерді көрдік?
  • Ендеше біз бүгін қандай геометриялық фигуралармен танысамыз?
  • Осы пішіндерге ұқсас айналамызда заттар барма?
  • Жарайсыңдар!

3.Сыныпты топқа біріктіру.

  • «Сиқырлы сандық» әдісі.

Геометриялық фигуралар арқылы оқушылар кішікентай пішінде жасалған үшбұрыш, шаршы, тіктөртбұрыштарды қоржыннан алып, үш топқа топтасады

Ітоп- Үшбұрыш

ІІтоп-Тіктөртбұрыш

 

 

  ІІІтоп- Шаршы

Сабақтың ортасы

10

мин

1 мин

2мин

6 мин

1мин

3 мин

Топтық жұмыс: «Ойланамыз, топтасамыз, бірігеміз» әдісі

Әр топтар осы сыныпта кездесетін геометриялық фигура пішіндес заттарды табу.

Тапқан заттардың қабырғаларын өлшейік және салыстырайық.

Рөлге бөлу (2- оқушы іздеп табушы, 3- оқушы өлшейді, 1- оқушы жазушы,1-оқушы спикер)

Кері байланыс:

  • Тапсырма орындау кезінде сендерге қиындық туындады ма?
  • Сол қиындықты жеңе алдық па?

Сергіту сәті:

Жұптық жұмыс

1жұп. Қабырғалары 10см және 20см болатын тіктөртбұрышты таратып беру. Тіктөртбұрыш қабырғасын табады. Екінші оқушы оның әрекетін бақылап отырады. Тіктөртбұрыштың ұзындығын тапқан соң өзінің жұбына береді.

2жұп. Тіктөртбұрышты үлкен қабырғасының ортасынан бүктеп, шыққан фигураның қабырғасын өлшеп табады. Шыққан нәтижиелерді салыстырады.

Жұп оқушылар жұмысты орындап болған соң, көрші жұппен алмастырады, жұптар бір-бірін бағалайды.

/өзара бағалау/

«Шығарып көр»

3 тапсырма

Шаршының қабырғаларын өлше және тап.

?см

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шаршылардың қабырғаларын өлшеп, қабырғаларының өлшемін салыстырады.

-шаршылардың қабырғаларының ұзындығын өлшейді

-қабырғалардың өлшемін салыстырады.

АКТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Шаршы суретін таратып беру

 

 

 

 

Сабақтың соңы

4 мин

5мин

Рефлексия «Сиқырлы микрофон» әдісі

  • Бүгінгі сабақта болған көңіл-күйді микрофонмен бет-әлпеті салынған суреттер таңдау арқылы бағалау (смайликтер)

өте жақсы жақсы орташа

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау

  • Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушылар қолдау, бір-біріне көмек көрсету жүзеге асырылды.

2.Барлық оқушыларға тапсырмалар беріледі.

партада түзу, дұрыс отыру;

басқаларға кедергі жасамау.

Рефлексия

Сабақ, оқу мақсаттары шынайы ма?

Оқушылар бүгін не үйренді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Шынайы, айқын болды.

Көңіл – күйлері көтеріңкі, ынтымақтасқан түрде.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: Ширату.

2: Белсенді тапсырмаларды орындауы.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1: саралау, оқу диалогтері.

2: бірлескен оқу.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Сабақта белсенділік көрсетпеген оқушыларға келесі сабақтарда жақсы араласуына қолдау көрсету керек.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу