Жануарлардың тіршілік ортасының өзгеруі. Жаратылыстану, 3 сынып, сабақ жоспары.


 Қысқа мерзімді жоспар

 Пән: Жаратылыстану

 Сынып: 3-сынып

 Мектеп:

 Күні:

 

 Мұғалімнің аты-жөні:

 Тақырыбы:

 Жануарлардың тіршілік ортасының өзгеруі

 Қатысқандар саны:

 Қатыспаған оқушылар:

 Оқу мақсаты:

 3.2.2.5 тіршілік ортасындағы жағдайдың өзгеруіне байланысты жануарлар санының өзгеруін түсіндіру;

 3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау.

 Сабақтың

 мақсаты:

 Барлық оқушылар жасай алады: Тіршілік ортасында құрғақшылық, су тасқыны, батпақтану болатынын біледі.

 Оқушылардың көбі жасай алады: Жануарлардың тіршілік ортасының жағдайының өзгерісіне байланысты олардың саны да өзгеретінін түсінеді.

 Оқушылардың кейбірі жасай алады: Тіршілік ортасы жағдайларының өзгеруіне байланысты кейбір жануарлардың саны артатынын, ал кейбірлерінің саны азаятынын түсінеді.

 Бағалау критерийі

 Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді.

 Тіршілік ортасында құрғақшылық, су тасқыны, батпақтану болатынын біледі, жануарлардың тіршілік ортасының жағдайының өзгерісіне байланысты олардың саны да өзгеретінін және тіршілік ортасы жағдайларының өзгеруіне байланысты кейбір жануарлардың саны артатынын, ал кейбірлерінің саны азаятынын түсінеді.

 Тілдік мақсат

 Пәндік терминология мен тірек сөздер

 Құрғақшылық, су тасқыны, батпақтану.

 Құндылықтар

 Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыс

 Дүниетану, қазақ тілі.

 АКТ қолдану дағдылары

 Презентациямен жұмыс

 Алдыңғы меңгерілген білім

Тіршілік орталары.

 Сабақ барысы

 Жоспарланған уақыт

 Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

 Ресурстар

 

 Сабақтың басы

 (5-7 минут)

 

 (Ұ) Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, «Менің ақ тілегім» ойыны бойынша бір-біріне тілек айтқызу.

 Топқа бөлу.

  .

 

 (Ұ) Бәсеке. «Қызықты сұрақтар айдары» Сұрақтарды талдап, оларға жауап беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

- Олардың әрекетінен не байқадың? (Бәсекелесуде).

- Оны қандай белгілері бойынша анықтай алдыңдар?

- Олардың әрқайсысы қайда өмір сүреді? (Қарақұйрық пен құлан далада, шұбар шымшықтар орман ағаштарында тіршілік етеді.)

- Олар не үшін күресуде? (Азық пен мекен үшін.)

- Жеңіліп қалғандарына не болады деп ойлайсыңдар? (Олар жаңа мекенге ауысуға мәжбүр болады.)

 Шаттық шеңбері

 Слайд №1,2,3

 

 Түрлі түсті маркелер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сұрақтар жазылған парақтар

 

 

 

 

 

 

 Сабақтың ортасы

 (23-30 минут)

 

 

 

 

 

 

 

 Ж) Суреттерді қарап шығып, оларды сипаттап беру. «Алтын сандық» ойыны арқылы сандық ішінен «Батпақтану», «Құрғақшылық» және «Су тасқыны» сөздерін алып, олардың не екенін және бұл құбылыстар суреттердегі көріністің өзгеруіне қалай әсер етуі мүмкін екенін талқылау.

 

 (ТЖ) Сызбамен жұмыс. Сұрақ қою арқылы жануарлардың тіршілік ортасының жағдайының өзгерісіне байланысты олардың саны да өзгеретінін түсіндіру.

 Сұрақтар:

  •   Бағыттамалардың неге осылай орналасқан?
  •  Эврика бұл бағыттама арқылы қандай өзгерістер туралы айтқысы келді?
  •  Қашан, не себепті болуы мүмкін?
  •  Егер шалғындық бірте-бірте батпаққа айналса, онда өмір сүретін жануарларға не болады? (Ол жерден басқа жерлерге ауысады.)
  •  Олардың саны азаюы мүмкін бе? (Иә.)
  •  Бұл жерде енді қандай жануарлар тіршілік етеді? (Батпақта мекендейтін жануарлар.)
  •  Батпақта мекендейтін жануарлар саны артады деп айта аламыз ба? (Иә.)

  Оқушылар жауабын салыстырып көріп, жоғарыда аталған тіршілік ортасында өмір сүретін жануарлар тізімін жазу. Оларды қағаз парақшаларға жазып, плакатқа кестедегі қажетті орынға жабыстыру. (Жауаптары: Баптақтану салдарынан көл мен шалғындық батпаққа айналуы мүмкін. Су тасқыны кесірінен саванна көлге айналады. Құрғақшылық әсерінен саванна шөлге айналып кетуі мүмкін).

 

 (Ж) Зерттеу жұмысын әр оқушы оқулықта және жұмыс парағында берілген кестелері бар А4 пішінді қағаздарға орындайды.

 Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық

 • Әр оқушы бірнеше жануарды еске түсіріп, оларды кестенің бірінші бағанына жазып шығады.

 • Кестенің қалған бағандарын оқушылар өздері толтырады.

 • Жауаптарын тыңдап, нәтижелерді талқылау.

 

 Сергіту сәті. Бейнежазба әуенімен қимылдау.

 

  (М) «Мұғалім-оқушы» диалогі. Ойлан!

 Жер бетінде басқа жануарларға қарағанда бунақденелілер көп. Неліктен?

 (Бунақденелілердің барлық жерде тіршілік етеді, сол себепті де осы топ ең көп таралған).

 

 (ТЖ) «Лидер» ойыны арқылы топтарға жеке тапсырма беру. Бірінші топ тіршілік жағдайының өзгеруі салдарынан саны артатын жануарлар тізімін жазады. Екінші топ саны азаятын жануарлар тізімін жасайды. Нәтижелерін салыстырып, топтар тапсырмаларымен алмасады.

 

  (Ж) Жеке жұмысқа дәптермен жұмыс ұсынылады.

 28-жұмыс парағы. «Тіршілік жағдайларының өзгеруі», 30-б.

 Құрғақшылық, батпақтану немесе су тасқыны. Оқушылар зерттеу нәтижесі бойынша кестені толтырады. Өз жауаптарымен ғана шектеліп қалмауын ескертіңіз.

 Тіршілік ортасы. Оқушылар бірінші жиектемеге ұзақ уақыт бойғы құрғақшылықтың зардабын шеккен жануардың суретін салады. Екіншісіне батпақтанудың әсерінен тіршілік жағдайы өзгерген жануардың суретін салады. Әр суреттің астына жазады.

 (Жауаптары: Бірінші жиектемеге саванна, дала, орман жануарын бейнелейді. Екіншісінде кез келген көл не шалғындықты мекендейтін жануардың бейнесін салуы мүмкін).

 

 Сандық

 

 

 

 Плакат

 

 Оқулықпен жұмыс

 Слайд №6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  А4 пішімді парақ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 А4 пішінді қағаз

 

 

 

 

 

 

 

 

 https://www.youtube.com/watch?v=Xn6Q73aB5XM

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Дәптермен жұмыс

 Сабақтың соңы

 (5 минут)

 

 

 Кері байланыс.

 Бағалау терезесіне оқушылар стикерлерді жабыстырады.

 

 

 Бағалау терезесі

 

 Қосымша ақпарат

 Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

 Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

 Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Оқушыларға жеке көмек пен қолдау көрсету.

 Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау.

 Сергіту сәтін өткізу. Белсенді тақтаны тек 3 минут қолдануды жоспарлау.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу