Өсімдіктер қашан «ұйықтайды»? Жаратылыстану, 3 сынып, қосымша материал.
Әдістемелік нұсқаулық.
- Табиғат тынысы. «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы оқушыларда өсімдіктердің ерешелігін айқындау.Сұрақтар:
- Өсімдіктер ұйықтай алады ма?
- Заттарды жапыраққа айналдыратын фабрика тоқтаусыз жұмыс істей ала ма? Неліктен?
- Қай уақытта зат айналымы жақсырақ жүреді?
- Өсімдік қатты ыстық пен суықтан жасырына ала ма?
- Жануарлар секілді ыңғайлы жер іздеп орын ауыстыра ала ма?
- Күн мен түн. Өсімдіктердің тәуліктің әр мезгілінде қандай күйде болатынын бақылап, сұрақтарға жауап беру.
1. Күн батар алдында өсімдік гүлінде қандай өзгеріс болады?
2. Жапырақтар өз қалпын қалай өзгертеді?
3. Таңертең гүлдерде қандай өзгеріс болады?
4. Күн мен түннің ауысуына байланысты өсімдіктің тіршілік жағдайы қалай өзгереді?
5. Өсімдік күндіз қандай болады? Түнде ше?
- Мұғалімнің түсіндіруі. Өсімдіктердің даму ырғағы болады. Бұл – табиғаттағы өзгерістерге бағынып, үнемі қайталанып тұратын әрекеттер. Мысалы, күн түнмен, жаз күзбен, қолайлы жағдай қолайсыз жағдаймен алмасады. Сондықтан өсімдік бірде белсенді өседі, бірде оның тіршілігі тыныштық күйге түседі.
- «Шашу» стратегиясы. Топ санына байланысты түрлі кәмпиттерді шашу арқылы оқушыларды топқа бөлу.
- Зертте. Зерттеу барысында оқушылар «Неліктен ағаштар қыс мезгілінде ұйықтайды?» деген сұрақтың жауабын таба алады. Барлық топқа жұмысты орындауға қажетті ватман қағазын беріп нұсқаулықпен таныстыру.
Зерттеу жүргізуге арналған нұсқаулық
• Қыс мезгілі келгенде өсімдіктердің тіршілік жағдайы қандай болатынын топта талқылау.
• Ватманның ортасына ағаштың сұлбасын жапсыру.
• Өсімдіктерді тыныштық күйге түсіретін себептерді (күн сәулесінің аздығы, күннің қысқаруы, күн сәулесінің әлсіздігі, жылудың болмауы, төмен температура, ылғалдың болмауы, қоректік заттардың аздығы) жазып, нұсқарлармен көрсету.
• Басқа топтардың қорытындыларымен салыстыру.
Зерттеу жұмысын орындап болған соң, оқушылардың меңгергендігін білу мақсатында «Ағаштар неліктен қоректік заттарды қабылдауды тоқтатады?» деген сұрақ қойып, зерттеу жұмысын қорытындылау.
- Қосымша ақпарат. Жарықкезеңдік (фотопериодизм). Ағзалардың көпшілігіне жарықтың тәуліктік ырғағы, яғни жарық (күн ұзақтығы) мен қараңғы (түннің ұзақтығы ) арақатынасындағы тәулік кезеңдері тән қасиет. Өсу және даму үдерістерінен керінетін ағза жауабы жарықкезеңдік (грекше «рһоіоs» - жарық, «регіосіоs» - айналым) деп аталады.
Өсімдіктер жарық ұзақтығының тәуелділігі бойынша ұзақ күндік өсімдік және қысқа күндік өсімдік деп бөлінеді. Ұзақ күндік есімдік тәуліктің жарық кезі 20 және одан ұзақ сағатқа жететін үйектік (полярлық) шеңбері ауданында өседі. Мысалы, сары сояу (дурнишник) өсімдігі тәуліктің жарық кезі 21 сағатқа жеткенде ғана гүлдейді. Егер жарык кезінің ұзақтығы 21 сағаттан кем болса, онда бұл өсімдіктің үсікке тап болуы мүмкін. Солтүстік үйек шеңберінен аздап оңтүстікке қарай және оңтүстік үйек шеңберінен аздап солтүстікке қарай өсетін өсімдіктер қысқа күн өсімдіктері (мысалы, соя, бамбук, мақта, тары, жүгері, темекі) жатады. Бұл өсімдіктер ұзақ күн жағдайында гүлдей алмайды.
Жарықкезеңдікке тек өсімдіктер ғана емес, жануарлар да жауап береді. Мәселен, құстар мен ірі сүтқоректілерде жарық кезендігі маусымдық жылыстауға, күзгі және көктемгі түлеу, қысқы ұйқыға жатуға және басқаларға байланысты. Жарық кезеңінің реттелуі жануарлардың маусымдық жыныс белсенділігі үшін де едөуір маңызы бар. Жарық кезеңді қөректену қылығына да әсер етеді. Оның әсерінен қоңыржай ендіктің жануарлары калориясы көбірек қорек іздей бастайды. Адамның жарық кезеңдігі маусымдық эмоциялы күйге әсер етеді. Мысалы, эмоциялы белсенділіктің көктемгі үдемелі каркыны баршаға мәлім.
Өсімдіктердің өсуі мен дамуы. Өсімдіктердің өсу кезеңдері. Өмірінің ұзақтығына қарай өсімдіктер бір, екі және көпжылдық болуы мүмкін. Біржылдық өсімдіктер бір жылдан да аз уақыт тіршілік етіп, гүлдеп, жеміс беріп, сонан соң бүтіндей тіршілігін жояды. Демек, біржылдық өсімдік те, монокарпты (грек.монос-бір, корпос-тұқым) өсімдіктер, тобына жатады. Бұлар бүкіл тіршілігінде бір-ақ рет жеміс беретін өсімдіктер. Екі жылдық өсімдіктер де (қант қызылшасы, сәбіз және т.б.) монокарптыларға жатады. Көпжылдық шөптесін және ағаш өсімдіктері екі жылдан артық өмір сүреді де, әр жыл сайын өздерінің бүршіктеріннен қайта дамиды. Бұл өсімдіктер тобын-поликарптылар (грек.поликөп), яғни өзінің өмірінде көп рет жеміс беретін өсімдіктерге жат Бірақ табиғатта көпжылдық өсімдіктер қатарында да, монокарптылар кездеседі (агава, бамбуктер). Тек біржылдық өсімдіктерден айырмашылығы вегатациялық кезеңі ұзақ жылдарға созылады. Көпжылдық шөптесін монокарптыларға күрделігүлділер және шатыршагүлділер тұқымдастарының көптеген өкілдері жатады. Бұл өсімдіктер орташа 5-6 жылдай жетаған (дегелек) түрінде өмір сүріп, сосын гүлдеп, жеміс байлап (бір рет) онан соң тіршілігін жояды.
Өсімдіктердің жалпы тіршілік дәуірі өсу және даму деген ұғымдармен сипатталады. Өсу процесі - өсімдік органдарының ұзарып, енденіп, жуандап, көлемінің, салмағының ұлғаюы мен және жеке мүшелерінің (жапырақ, бұтақ, өркен, тамыр т.б.) жаңадан қалыптасып, сандарының көбеюі мен бейнеленеді. Өсімдіктің және оның жеке мүшелерінің өсуі клеткалардың өсуіне байланысты. Жалпы айтқанда өсу жеке мүшелердің және тұтас өсімдік организмінің тіршілік әрекетінің нәтижесі болып есептеледі. Өсімдіктің тіршілік мерзімі өсу және көбею деген екі кезеңге бөлінеді. Бірінші - өсу кезеңіндегі жапырақтары, сабақтары, тамырлары қарқынды қалыптасып, көбейіп, бұтақтанады, түптенеді, гүл мүшедері қалыптасады. Екінші кезеңде өсімдік гүлденіп жемістенеді. Өсімдік гүлденгеннен кейін ондағы физиологиялық және биохимиялық процестер өзгеріп, жеке өсу мүшелерінің (вегетативтік) ылғалдылығы төмендеп, жапырақтағы азотты қосындыларының мөлшері күрт азаяды да, органикалық заттар сақтағыш (қор) орындарға шоғырланып, сабақтың ұзарып өсуі тоқтайды.Өсымдіктің дамуы деген ұғым сапалы физиологиялық және морфологияляқ, биохимиялық өзгерістерді бейнелейді. Бұндай өзгерістер организде жаңа құрылымдарды пайда болуына байланысты өсімдіктің тіршілік өмірінің – онтогенезінің белгілі сатыларін – жастық шағын, жыныстық жетілуін, көбею, қартаю және тіршілігінің тоқтау кезеңдерін сипаттайді.
Өсімдіктің өсуі қарқынді жүріп, дамуы баяу, немесе керісінше, дамуы қарқынды болып, өсуі бәсеңдеуі мүмкін. Мысалы, көптеген біржылдық өсімдіктер гүлдеген кезде олардың өркендерінің өсуі баяулап, кейде мүлде тоқтап қалады. Көп жылдық өсімдіктердің жапырақтары мен өркендерінің қарқынды қалыптасуы гүлденуінің кешігуіне себепші болады. Өсу көрсеткіштері төмен болып, даму процестері қалыпты, немесе өте қарқынды болған жағдайда өсімдіктің бойы қысқа, жапырақтарі майдаланып, жемістілігі төмендейді. Өсу процестері қарқынды болып, дамуы баяу өсімдіктердің буыдарымен буын аралықтары, жпырақсандары көбейіп, жақсы гүлдегені мен нашар жемістенеді. Қорытып айтқанда, өсу мен даму процестері өзара тығыз байланыстылықта.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?