Қосу және азайту дағдыларын дамыту. «100-ге дейін қосып, азайту». Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: математика Бөлім: 2 В бөлім «Сандарды қосу және азайту» Тақырып: Қосу және азайту дағдыларын дамыту. «100-ге дейін қосып, азайту» | Назарбаев Зияткерлік мектебі Талдықорған қаласы | |||||||
ІІ тоқсан Сынып 1 | Мұғалімнің аты-жөні: Сейсембаева С.И. | |||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | ЧО1.6 Разрядтан аттамай 100 көлеміндегі сандарды қосып, азайту. | |||||||
| ||||||||
Тілдік мақсаты | Қосу мен азайтудың байланысын түсіндіре алады. Терминдер: қосу, қосынды, қосылғыш, қосындының мәні, азайту, айырма, кері амал, азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні. | |||||||
Алдыңғы сабақта | Қосу кестесін құрып үйренді. | |||||||
Жоспар | ||||||||
Белгіленген уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Дереккөздер | ||||||
Кіріспе бөлім 5 минут | (Ұ) 1. Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру мақсатында көңілді шеңберге шақырамын. Оқушыларға 1 – 100 – ге дейінгі сандар таратылып беріледі. Мен көрсеткен санды құрастырады. Мысалы, 52 дегенде қолдарында 5 және 2 саны бар екі оқушы орындарынан тұрады. | Үлестірмелі сандар | ||||||
Негізгі бөлім 30 минут | (Ұ) 2. Сыныптағы барлық оқушылардың белсенділіктерін байқау мақсатында сыныптағы барлық оқушылармен төмендегі белсенді жұмыс түрі орындалады. Активити №1 «Алмастыр» Оқушыларға ақ ламинатталған қағаз және маркермен жұмыс орындау тапсырылады. Ақ қағазға мен 1+3, 3+4, 5+1 сияқты бір таңбалы сандардан құралған мысалдардың қосындысын ретімен жазамын, ал оқушылар қарапайым сандарды қосу мен азайту кезінде қолданған тәсілдерді пайдалана отырып, берілген мысалдарды дөңгелек сандармен, яғни ондықтарды қосу және азайтумен алмастырып жазып, нәтижесін табулары қажет. Мысалы: 3+5= – мұғалім 30+50=80 – оқушы 4+5= – мұғалім 40+50=90 – оқушы 8-5= – мұғалім 80-50=30 9-4= 90-40=50 (Бұл тапсырманы орындау барысында түртіп алу, бақылау әдістерімен бағлап отырамын) (ЖЖ) Жұппен жұмыс. Оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын қалыптастыру және дамыту мақсатында жұппен жұмыс түрін ұйымдастырамын. 3. Активити №2 Санды парақшалармен жұмыс.— Келесі санды ата: 23… 25… 35… 57… 86… 72… 99…— Алдыңғы санды ата: … 20, … 30, … 40, …50, …61, … 88, … 97.— Көршілерін ата: …65…, …69…, …89…, …73…, …82…, … 91 (Қ) 4. Қалыптастырушы бағалау жұмысы орындалады Әр оқушыға А4 форматтағы дайындалған төмендегідей есеп үлгілері және маркер беріледі. Мұғалім немесе жұпсыз қалған оқушы текшені лақтырады.Текшеде түскен санды бос шаршыға жазып мысалдарды шығарады. 12 + = 25 - = 5 + = 6+ = 5. Сергіту сәті. (қимылмен көрсету) 1, 2, 3 - қарлығаш боп ұш4, 5, 6 - қарлығаш боп шалқы7, 8, 8, 10 - қарлығаш боп қон! Оқушылардың ұйымдасу, бірлесіп орындау дағдыларын қалыптастыру мақсатында топпен жұмыс беріледі. Оқушыларға төменде топқа берілген шаблондар таратылады. (Ұ) 6.Топтық жұмыс. 1 – топқа Көбелектер 2 – топқа Тиіндер 3 – топқа Саңырауқұлақтар 4 – топқа Зебра мен жолбарыстар 5 – топқа Үкі мен көбелекер . Әр топқа осы үлгідегі шаблондар берілді. Шаблондармен мысал құрастырып, есептеп нәтижесін дәптерге жазулары керек. Қарапайым сандарды қосу және азайту кезінде қолданған тәсілдерді, үлкен сандармен қалай пайдалануға болатынын түсіндік. Мысалы, егерде біз 6+3 мысалдың мәнін білсек, 16+3, 26+3 қосындының мәнін таба аламыз ба? Есептеп көрейік. Оқушылар берілген шаблондармен мысалдар құрасырып, берілген үлгідегідей құрастырады. 4+3=7 3+2=5 14+3=17 13+2=15 24+3=27 23+2=15 (Ұ) Оқушылардың логикалық ойлау және тыңдай алу дағдыларын дамыту мақсатында төмендегі тапсырмаларды оқимын. 7. Логикалық тапсырмалар 1)Үстелдің 4 бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5) 2) Мектеп ауласында 18 шырша өсіп тұр. Тағы да 4 емен және 2 шырша отырғызылды. Мектеп ауласында барлығы неше шырша бар? (20) 3) Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады? (4сағат) Жауабын дұрыс және бірінші болып айтқан оқушыларға смайлик, жұлдызшалар сыйлау арқылы бағалаймын. | ламинатталған ақ қағаз, маркер А4 форматтағы мысалдар үлгісі, маркер, сандар жазылған текше.
Әр түрлі шаблондар | ||||||
Қорытынды бөлім 5 минут | (Ұ) Рефлексия «Сөйлемді аяқта» Бүгінгі сабақтан.....білдім. | |||||||
Қосымша ақпарат. | ||||||||
Ажырату - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз? Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? | Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз? | Пәнаралық байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі АКТ байланыстары Құндылықтар байланысы | ||||||
Қабілетті оқушыларға қосыша сұрақтар қоямын. Шаблондарды кеңістікте орналастыруды тапсырамын. | Кестелік қосу мен азайтуды білу дағдылары түртіп алу, бақылау арқылы, логикалық тапсырманы орындауда смайлик, жұлдызшалар сыйлау, қалыптастырушы бағалау жұмысы жетістік критерийлері арқылы бағаланады. | Дүниетану пәнімен байланысты топтық тапсырма орындау барысында әр түрлі шаблондарды пайдалануда байланыстыра отырып, табиғат аясындағы жануарлар мен жәндіктерді қорғауға баулыдым. Сергіту сәтін орындау және партада дұрыс отыруларын ескерте отырып оқушылардың денсаулығына мән бердім. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?