Қасым Аманжолов (Өзім туралы)

Қасым Аманжолов (Өзім туралы)

Өзге емес , өзім айтам өз жайымда,
Жүрегім жалын атқан сөз дайында.
Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,
Тербетіп, тулатып бір қозғайын да...

Аманжол - Рахымжанның Қасымымын,
Мен қалған бір атаның ғасырымын.
Біреуге жұртта қалған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын.

Шарлаған жолым жатыр жер бетінде,
Көрінер көлеңкесі келбетімде,
Қай жерде үзіледі қайран сапар,
Түйін боп өмірімнің бір шетінде.

Сол жерге қалармын ба мәңгі тоқтап,
Жоғалып жер бетінен сүрлеу-соқпақ.
Немесе бастармын ба екінші өмір,
Жалынды жыр жолында қызыл шоқ қап.

Дүние, жалт-жұлт еткен кең мекенім,
Көре алмай көп жеріңді мен кетемін.
Арпалыс ала құйын заманалар
Арбасып тұрып алды, мен не етемін.

Өмір жоқ түскен жерде бір арнаға,
Көп күттім, көп тіледім құмарлана.
Қайтейін, жетер емес қысқа өмірім,
Алыстан көрінгенмен мұнарлана.

Сен неткен бақытты едің келер ұрпақ,
Қараймын елесіңе мен таңырқап.
Жаңғыртып жер сарайын сен келгенде,
Көрпемді мен жатармын қырда қымтап.

Жүзінде кәрі жердің әжімі көп,
Ізімді табарсыңдар әзер іздеп.
Оқырсың сонда мүмкін бұл жырымды,
«Досың да,туысың да біздерміз» деп.

Ризамын туғаныма адам болып,
Өкінбен қаламын деп бір күн солып.
Адамзат сапарының мейманымыз,
Бір мезет жер бетіне кетер соғып.

Екі көз – екі жұлдыз маңдайдағы ,
Көруші ең құбылысты қай – қайдағы.
Япырмай,сен де бір күн сөнермісің,
Қап – қара түнек болып маңайдағы.

Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,
Өкінем ұқсата алмай келемін деп,
Күніне жүз ойланып, мың толғанам,
Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.

Барым да, бақытым да осы өлеңім,
Жақыным , жүрегімнің досы өлеңім.
Өмірге келгенім жоқ бостан – босқа,
Мен қайтып , босқа жасап , босқа өлемін.

Гүрілдеп жалын атқан кеудем – көрік,
Сөз соғам құлашымды еркін керіп.
Суарып шынықтырам күйге малып,
Болсын деп әрі әдемі, әрі берік.

Құя алман үгітілген балшық өлең,
Көңілімде көл жасаман тамшыменен.
Серінің семсеріндей сертке таққан
Өлеңнің өткірін бір алшы менен.

Ежелден ерке бұлан Қасым едім,
Бұлқына тасып едім, басып едім.
Жүзім – жаз , көңілім - көктем кең пейілді,
Жақсының жүрегіне ғашық едім.

Сөзім жыр, лебізім – күй ерке едім,
Өз жерім, өз елімде еркеледім.
Өмірдің алтын сарай аспанына
Қиялым қақты қанат ерте менің.

Кең жайдым құлашымды дүниеге,
Білдім мен қайғыра да ,сүйіне де.
Әйтеуір әрі – сәрі болғаным жоқ,
Ұқтым мен, көңілімнің күйі неде...

Аяған жүрегім жоқ жолдасымнан,
Сый көрді не бір сараң мол Қасымнан
Жолдастың жүзін қайта алдым жинап,
Айрылсам ала көңіл он досымнан.

Қасыммын, сол баяғы бір қасыммын,
Бақытын ойламаймын құр басымның.
Тымырсық түнек болсаң – дұшпаныңмын,
Ақ көңіл адал болсаң – сырласыңмын.

Боламын ақын Қасым әлі де мен,
Өлеңін бөбегіндей әлдилеген.
Қанатын қағып жылдам келер жылдар,
Бәрін де қарсы аламын ән – күйменен.

Бір күні от өмірім қалса өшіп,
Қайран ел, туған жерден кетпес көшіп.
Торқадай жамылып ап топырағын,
Жатармын өз жерімде бір төмпешік.

Дариға, о дариға,шіркін дәурен,
Басымнан таярмысың бір күн дәурен.
Жалт беріп жоғалар ма нажағадай ,
Жүзіңде шалқып тұрған күлкім,дәурен.

Тоқтамас өмірімнің сағатындай,
Жүрегім енді қанша соғар тынбай.
Тыншыр ма ақтық рет бір таопынып,
Мерт болған балапанның қанатындай.

Түсірген ой сәулесін шар тарапқа,
Ақылдың алтын оты сөнген шақта.
Бұл күнде саңқылдаған сұңқар үнім.
Кетерсің судай сіңіп табиғатқа.

Сондықтан ап кел бері домбырамды,
Кеудеме күй қанаттықондыр әнді.
Берейін өмірімнен өлең жасап,
Шашайын оңды – солды сол мұрамды.

Дүниеге келер әлі талай Қасым,
Олар да бұл Қасымды бір байқасын.
Өртке тиген дауылдай өлеңімді
Қасымның өзі емес деп кім айтасың!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу
Пікірлер 19
  1. Оқырман Адыл
    Оқырман Адыл 08.11.2023 10:00
    0 + 0 -
    GooD
  2. Окырман адам
    Окырман адам 08.11.2023 09:57
    2 + 1 -
    Тамаша
    1. Оқырман Асик
      Оқырман Асик 08.11.2023 09:59
      0 + 0 -
      Оте тамаша
    2. Оқырман Алан
      Оқырман Алан 08.11.2023 10:03
      0 + 0 -
      Керемет
  3. Кожа
    Кожа 08.11.2023 09:51
    1 + 1 -
    Не жаздым мен
  4. Оқырман Адам
    Оқырман Адам 08.11.2023 09:49
    1 + 1 -
    +7 747 358 3346кредит алыныздар
    1. Кожа
      Кожа 08.11.2023 09:50
      0 + 0 -
      +7 702 601 2493 мынаган алыныз
      1. Оқырман Адам
        Оқырман Адам 08.11.2023 09:51
        0 + 0 -
        Қандаи қандаи адамсыз уят жокпа сізде ,
        Точна кредит аламын
  5. Оқырман Адам
    Оқырман Адам 08.11.2023 09:48
    0 + 0 -
    11в сынып Асылжан уятсыз не жазп отырсын
  6. Пидрозба
    Пидрозба 08.11.2023 09:45
    0 + 0 -
    Тамаша оте керемет
    Асылжан әдемісің жаным менің
  7. Пидрозба
    Пидрозба 08.11.2023 09:43
    0 + 2 -
    Пидр аслжан
    1. Кожа
      Кожа 08.11.2023 09:45
      0 + 1 -
      Мадениетсыз сауатсыз сорлы
      1. Оқырман Асылжан
        0 + 0 -
        +7 747 358 3346 осы номері
    2. Кожа
      Кожа 08.11.2023 09:46
      0 + 0 -
      +7 702 601 2493 осы номере сауатсыз Адам отыр
  8. Аскер...
    Аскер... 17.06.2023 11:08
    0 + 1 -
    Тамаша ан...
    Создери кандай магыналы...
  9. Нуржан Ибрагим
    Нуржан Ибрагим 17.07.2016 08:54
    7 + 2 -
    Пикир калдырармыз-ау бирак мынанадай оленге соз жоккой!
  10. Талгат Джумагулов
    5 + 3 -
    Касымды окымаган казак казак па? Окыса пыкыр калдыруга созы аз-ак па?
    1. Аскер
      Аскер 17.06.2023 11:09
      0 + 0 -
      Жарайсын
    2. Аскер
      Аскер 17.06.2023 11:09
      0 + 2 -
      Тамаша айттын