Химиялық элементтердің периодтық кестесінің (ХЭПЖ) құрылымы. Химия, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

7.4 В Периодтық жүйеге кіріспе

Күні:

Сынып: 7

Мектеп: ХББ Павлодар НЗМ

Мұғалімдердің аты-жөні: Аубакиров Т.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Химиялық элементтердің периодтық кестесінің (ХЭПЖ) құрылымы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.2 периодтық жүйеде элементтер атомдық (протондық) номерлердің өсу ретімен орналасу принципін түсіну;

7.2.1.3 қазіргі заманғы периодтық кестенің құрылысын білу және сипаттау;

7.2.1.4 химиялық қасиеттері ұқсас элементтердің бір топқа орналасатындығын дәлелдеу;

Сабақ мақсаттары:

- берілген сипаттамалары бойынша химиялық элементтерді жіктей алу;

- Периодтық заңның заманауи тұжырымдамасын білу;

- периодтық кесте топтардан, периодтардан және блоктардан тұратынын білу;

- периодтарды горизонтальды қатарлар ретінде қарастыру;

- топтарды вертикалды бағандар ретінде қарастыру;

- элементтердің топтарда орналасуының себебін білу;

- блоктарды ажырата білу;

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • берілген сипаттамалары бойынша химиялық элементтерді жіктей алады;
  • Периодтық заңның заманауи тұжырымдамасын біледі;
  • периодтық кесте топтардан, периодтардан және блоктардан тұратынын білу;
  • ХЭПЖ қолдана отырып, кез келген элементті белгілі бір периодқа, белгілі бір топқа және белгілі бір блокқа жататындығын анықтай алады;
  • химиялық элементтердің белгілі топқа топтастырылуының себебін түсіндіре алады;
  • ХЭПЖ-де элемент орналасқан топ, период және болгы белгілі болғанда элементті анықтап, оған қарапайым сипаттама бере алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

- элементтерді жіктеу принциптерін ауызша және жазбаша түсіндіру, сұрақтар қою.

Пәнге қатысты лексика және терминология

-период, топ, блог, элементтің таңбасы, реттік нөмірі,

сілтілер, сілтілік жер металдар, халькогендер, галогендер, инертті газдар, лантаноидтар, актиноидтар, ауыспалы элементтер (өтпелі металдар).

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Периодтық кесте элементтер тобына бөлінген

Бір топтағы элементтер бірдей қасиеттерге ие

X у сияқты бір топқа жатады, себебі олардың екеуі де z тең

Неге (элемент) осы топқа жатады?

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу;

Академиялық шынайылылық;

Пәнаралық байланыс

Физика пәнімен байланысты: атом құрылысы

Бастапқы білім

7.3 В Химиялық элементтердің периодтық кестесін құру тарихы

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

2-10 мин

11-12 мин

13-14 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Өткен сабақ білімін қайталау.

(W) Өткен сабақтың тақырыбы бойынша ХЭПЖ құрылу тарихы бойынша қандай қорытынды жасадыңыздар? ХЭПЖ қандай ғалымның атымен атаған дұрыс?

(G) Оған толық жауап беру үшін жұптарда салыстыру кестесін толтырыңыздар.

(f) Оқушылар бір-бірін және мұғалім бағалауы.

(W) Сабақтың тақырыбына шығу:

Адамдарды белгілі мекен жайы бойынша: Мемлекет, облыс, қала, көше , үй, пәтері тауып алуға болады. Егер оны қағаз бетіне түсіретін болсақ оны «карта» деп атаймыз. Ал химиялық элементтердің «мекен жайы» дегенді қалай түсінесіздер?

Егер оқушылар анықтай алмаса, қосымша сұрақтар қою: Сендер білетін элементтер (атомдар) қайда орналасады? Алдыңғы тапсырмада сендер элементтерді қалай анықтадыңдар? Т.б. сұрақтар.

Жауап: ХЭПЖ-де.

Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбын жазып алыңыздар: « Химиялық элементтердің периодтық кестесінің (ХЭПЖ) құрылымы».

(W) Сабақтың мақсаттары мен күтілетін нәтижелерді ұсыну. Балаларға осы ақпарат бағалау критерийлері ретінде парақшаларда таратылады немесе үлкен плакатта тақтада ілулі тұрады.

Салыстыру үшін кесте

Power Point презентациясы

1-2 слайдтар

3-4 слайдтар

Бағалау критерийлері

Сабақтың ортасы

15-17 мин

18-19 мин

20-30 мин

31-32 мин

33-36 мин

37-40 мин

41-55 мин

56-66 мин

67-77

Жаңа білімді меңгеру.

(W) Периодтық заңның заманауи тұжырымдамасын талқылау.

Оқушыларды топқа бөлу . Түрлі-түсті карточкаларды қолдану.

(W) Балалар, химиялық элементтер ПЖ-де ретсіз орналаспайтындығын сендер өткен тақырыпта меңгерген болатынсыңдар. Олар кестеде белгілі бір сипаттамаларына сәйкес, ережелерге бағынып орналастырылған. Оларды жүйелеп, кестеге орналастырылуында көптеген ғалымдар еңбек еткендігін білесіңдер. Ал сендер сипаттамаларға сәйкес элементтерді жіктей аласыңдар ма? Ендеше көрелік!

Сонымен, сіздерге берілетін ақпаратта ХЭ сипаттамалары берілген. Олардың көпшілігі сіздерге таныс, ал кейбіреулерімен сіздер жоғарғы сыныптарда танысатын боласыздар. Сіздердің мақсаттарыңыз элементтерді ұқсастықтары бойынша топтастыру (жіктеу).

(G) Оқушыларға сипаттамалары көрсетілген элементтер карточкалары таратылады. Сол сипаттамаларға сай оқушылар элементтерді топтастыруға (жіктеуге) тырысады.

(G) (W) Топтар әрқайсысы элементтерді сипаттамалар бойынша жіктеудің 1 әдісін ұсынады:

1. Металл- бейметалл;

2. Энергетикалық деңгей саны;

3. Сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрон саны;

4. Агрегаттық күйі.

(Б) Оқушылардың жауаптарын тындағаннан кейін тақтада дұрыс жауапты көрсету. Мұғалімнің және оқушының өзін-өзі формативті бағалауы.

ХЭПЖ элементтер белгілі реттілікпен орналасқандығын айтқан болатынбыз. Олар қалай орналасқандығы жөнінде келесі ақпаратты меңгере отырып біле аласыздыр.

(G) Оқушыларға ақпараттық парақтар таратылады. Олар парақты оқып, жұптарда талқылайды.

(W) Жаңа ақпаратты сыныппен талқылау.

1. Топтар (7-8 слайдтар);

2. Периодтар (9-12 слайдтар);

3. Блоктар (13-16 слайдтар).

Блоктардың маңыздылығын 8 сыныпта атом құрылысымен толығырақ танысқан кезде жақсы түсінетін боласыңдар.

(G) Оқушылар жұптарда «Жұмбақты кесте» тапсырмасын орындайды. Бос кестеге элементтердің таңбасын жазып, сипаттама беріп, толтырады. 1-3 тапсырмалар.

(G) ХЭ қасиеттері ХЭПЖ қалай өзгереді. Оқушылар топтарда постер құрады. Ақпаратты Longman оқулығынан алады.

  • 1 топ. Сілтілік металдар
  • 17топ. Галогендер.
  • 18 топ. Инертті газдар.
  • Д блогы. Ауыспалы элементтер

(f) (I) Тапсырмаларды орындау. 4 тапсырма.

5 слайд

ХЭ жіктеу түрлері дид. материал.

6 слайд

7 слайд

Ақпараттық парақ

8-17 слайдтар

Бос кесте

Тапсырмалар парағы.

Longman оқулығы

Тапсырмалар парағы.

Сабақтың соңы

78-80 мин

Үй тапсырмасын беру.

Рефлексия

Оқушылар сабақ басында берілген бағалау критерийлері бойынша өздерінің сабақ мақсаттарына жеткендіктерін бағалайды.

Бағалау критерийлері,

Түрлі түсті стикерлер

Үй тапсырмасы:

Периодтық кесте құрылымының негізгі ережелерін қайталау

Сабақты қорыту: _________________________________________________________________

Сабақтың оң жақтары: _______________________________________________________________

Сабақтың теріс жақтары: _____________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?