Қосу амалындағы тәжірибелер. Бір таңбалы сандарды қосу. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2B бөлім: Сандарды қосу және азайту

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н З.

Сынып: 1А

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Қосу амалындағы тәжірибелер. Бір таңбалы сандарды қосу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.2.3 20 көлемінде бір таңбалы сандардың жұптарын құру

Сабақтың мақсаттары

20 көлеміндегі бір таңбалы сандардың жұптарын құрастыру

Жетістіккритерийлері

Ондықтан аттау арқылы бір таңбалы сандарды қосу және азайтуға байланысты математикалық өрнектер құрастырады және шығара алады; қосу мен азайтудың өзара кері амалдар екенін түсіндіре алады.

Сөздікқор

Қосу, азайту, сан түзуі

Құндылықтардыдарыту

Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

Пәнаралықбайланыстар

Дүниетану. АКТ

Алдыңғы меңгерілген білім

Он көлемінде қосу мен азайтуды біледі

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

Армысың досым,Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).Алақанға салып алақан,Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).Жер шарындай айналып,Әлемге жарық ұқсайық (айналады).Қолымызды көтеріп, Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).Ортамызда күн нұры,Құшаққа оны алайық (құшақтасады).

Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру

ОМ анықтап алу

Бүгін сабақта бір таңбалы сандарды қосу арқылы екі таңбалы сандарды қалай алуды үйренесің.

Сабақтың ортасы

(Ұ,МК) Санды түзудің көмегімен қосуды қалай орындауға болатынын тәжірибеде көрсету.Сонымен қатар санды түзуде түрлі іс-әрекеттер орындап, қосуға байланысты өрнектер құрастыру.

Санды түзудің көмегімен азайтуды орындауға болатынын тәжірибеде көрсету.Сонымен қатар санды түзуде түрлі іс-әрекеттер орындап, азайтуға байланысты өрнектер құрастыру.Қосу мен азайту ұғымын қайталау.

Берілген таңбалар қандай математикалық амалдарды білдіреді?

Қосу амалын орныдаған кезде сан түзуінің бойымен қандай бағытта қозғалу керек? (оңға)

Азайту амалын орындаған кезде сан түзуінің бойымен қандай бағытта қозғалу керек?(солға)

Оқушыларға екі топтағы ойыншықты көрсету.

мысалы 4 және 6

Әр топтағы ойыншықты санату.

Екі топта неше ойыншық бар екендігін қалай білуге болады?(ойыншықтарды санын қосу арқылы)

Берілген сандармен қандай мысал құрастыруға болады?(6+4)

6 мен 4 ті қоссақ қандай нәтиже аламыз? (10)

Осыны сан түзуінің көмегімен тексеріп көрейік.

10 санын қосу амалын қолданып, тағы қандай тәсілдермен алуға болады?

(Т)

Оқушыларға төмендегідей ретпен топтық жұмыс ұйымдастыру

0-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған кеспеқағаздың ішінен кезөкелген екі санды алу;

санау таяқшаларының көмегімен осы сандардың қосындысын табу;

мысалды жазу;

шыққан нәтижені сан түзуінің көмегімен тексеру

Қандай сандар жұптасқанда 10 шығады.Бір таңбалы сандардың көмегімен 20-ғадейінгі екі таңбалы сандарды алу.

6+5=11 7+4=11 9+2=11 т.с.с

Мысалдарды орында

Қандай отбасылық мерекелерді білесіңдер?

Мерекеде кімдер келеді?

Қонақты қалай қарсы аласыңдар?

(Ж)

Оқулықтағы мерекелік дастарханда қандай ұлт тағамдарының суреті бар? Мерекелік дастархан қанша адамға арналып жасалған?

Суретпен жұмыс.Мерекелік дастархан 12 адамға жасалған себебі,қонаққа арналып дайындалған тағам саны да 12

Шығарып көр (ОТәж)

Бір таңбалы сандарды қосу арқылы 14 санын шығару.

Орындап көр (Т)

Берілген кесте бойынша мысалдар құрастыр.

Дәптердегі жұмыс

1.Кілтті таңда. Құлып пен кілтті қосқада 10 саны шығатындай етіп сызықтарды қос

оқушы топтарының әрқайсысына 0-ден 10-ға дейін сандар жазылған кеспеқағаздар;

он данадане екі түсті санау таяқшалары;А4 форматтағы ламинатталған бет;маркерлер; он данадан екі түсті текшелер.

Сабақтың соңы

Қорытынды

8 бен 6-ны қосса қанша болады?Сан түзуінің көмегімен жауабын қалай табуға болады?

12 шығу үшін 6-ға нешені қосамыз? Сан түзуінің көмегімен жауабын қалай тексереміз?

Алинаның 7 түрлі түсті ұарындашы бар, ал Мадинаның

9 түрлі түсті қарындашы бар. Қыздардың түрлі-түсті неше қарындашы бар?

Кері байланыс:

Менің орным қайда?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қиналатын оқушыларға бір таңбалы сандарды қосуды түсіну үшін, оқушылардың қасына барып, оқушыларға жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету.

бір таңбалы сандарды қосу және азайтуға байланысты математикалық өрнектер құрастырады және шығара алады;

Сергіту сәттерін өткізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу