Қосудың ауыстырғыш қасиеті. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Математика

2A-тарау: Ондықтарды қосу және азайту

Тақырыбы:Қосудың ауыстырғыш қасиеті.

Мектеп:

Күні:

Сынып:

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Оқу мақсаты:

1.1.2.3 – қосудың ауыстырғыш қабілетін қолдану

Сабақ мақсаты:

Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану.

Бағалау критерий

Қосудын ауыстырымдылық қасиетін қолдана алады

Тілдік мақсат:

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

• қосу, қосынды, қосылғыш, қосындының мәні,

• азайту, айырма, кері амал, азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Талқылау:

• ... қосқанда (топтастырғанда), барлығы неше болады?

• Осы топтарды біріктіргенде не болады?

• Біз сандарды біріктіру және алу туралы не айта аламыз?

• егер біз жалпы саннан осы сандардың бірін алып тастасақ не болады?

• Алып тастаған кезде, қанша қалады....?

• ... қосқанда (топтастырғанда), барлығы неше болады?

• Осы топтарды біріктіргенде не болады?

• Біз сандарды біріктіру және алу туралы не айта аламыз?

• егер біз жалпы саннан осы сандардың бірін алып тастасақ не болады?

• Алып тастаған кезде, қанша қалады....?

Оқушылар қосу және азайту дағдыларынбілді

Қосудың ауыстырымдылық заңын қолдануын біледі

Жоспарланған жаттығулар

Алдыңғы сабақта:

Оқушылар өздерінің жұмыс істеу деңгейіне байланысты түсті таңдап алады да, неліктен бұл түсті алғанын айтады.

Өз-өзін бағалау.

«Қосу,алу» әдісі арқылы өздерін бағалайды

Жоспар

Белгіленген уақыт

Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз?

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Шаттық шеңбері (оқушылар шеңбер бойынша тұрап, бір-біріне сәттілік тілейді)

ІІІ. Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.

-Балалар, қазір математика сабағы,сабағымызды бастамас бұрын біз өткен сабақты қайталап алайық.

Өткен сабақты қайталау «Теледидар дикторы»

Сабақтың ортасы.

5 мин

5 мин

2 мин

5 мин

5 мин

10 мин

ІҮ. Ой шақыру кезеңі

(Б)Тақтада:

3, 10, 6, 9

Тапсырмалар:

-Сандарды атаңдар.

-Оларды өсу ретімен орналастырыңдар

3, 6, 9, 10

-Қай сан артық? Неге?

(10 саны артық,өйткені әр жаңа сан 3-ке артады 3+3=6,6+3=9,ал 9+1=10 , 10-екі таңбалы сан,ал қалғаны бір таңбалы сан)

3, 6, 9 және “+”, “-”, “=” таңбаларын қолданып, теңдіктер құрастырыңдар .

(оқушылар құрастырып тақтаға жазады)

3+6=9 6+3=9 9-3=6 9-6=3

-Не байқадыңдар? (3,6,9 сандарын қолдандық, қосындыда компоненттердің орны ауысқан, мәні өзгермеген.)

Оқушыларға сұрақ:

-Қандай ереже шығаруға болады?

Ауыстырымдылық қасиеті.

Қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.

Ү. Алған білімді бекіту.

(Ж) Жұптық жұмыс. Оқушылар кезектесіп текше лақтарыды. Жоғары бетіндегі түскен нүктелерге байланысты қосу амалына және ауыстырымдылық қасиетіне сүйене отырып, өрнектер құрастырып, жазады.

Бұл жұмысқа екі минут уақыт беріледі. Кім ең көп өрнектер жазып шығарды.

Сергіту сәті: «Кері сана»

Топтарға сандар салынған конверттер беріледі. Бір оқушы конверттің ішінен санды алып шығады да, керісінше жанындағы оқушы «Тоқта!»-дегенше санай бастайды.

ҮІ. Сурет бойынша есеп құрастырып, ауызша шығару.

(Б) Конверттің ішінде түсті қағаздар бар. Әр топтан бір оқушы шығып тобына бір түс таңдап алады.

Топтық жұмыс. Әр топ өзінің түсіне байланысты өрнектерді теріп жазады да шығарады.

5+4= 4+3 6+1

8+4= 10-2= 10 -3

7-5= 5+37-4

Сандар мен қосу және

азайту компонентері

жазылған карточкалар.

Сабақтың соңы

5 мин

«Басбармақ» әдісі арқылы өздерін бағалайды

Қосымша ақпарат.

Қорытындылау

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жетімді болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқу атмосферасы қалай болды?

Менің жұмысым жоспарлы болды ма?

Мен уақытымды дұрыс жоспарлай алдым ба?

Жоспарыма қандай өзгертулер енгіздім және неге?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу