Сұйылтылған қышқылдардың кабонаттарымен реакциясы №2 Практикалық жұмыс: "Сұйылтылған қышқылдармен карбонаттардың әрекеттесуі". Химия, 7 сынып, сабақ жоспары,


Сабақ жоспары

Сабақты жоспарлаудан бұрын орта мерзімді жоспарды қараңыз. Сабақ жоспарын ұсынылған үлгі негізінде әзірлеуге болады.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3A Химиялық реакция

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сұйылтылған қышқылдардың кабонаттарымен реакциясы

№2 Практикалық жұмыс: "Сұйылтылған қышқылдармен карбонаттардың әрекеттесуі"

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.4 сұйытылған қышқылдардың бірқатар карбонаттармен реакцияларын зерттеу;

 Сабақ мақсаттары

  • Тәжірибеге бақылау жүргізе алуы;
  • Сұйытылған қышқылдардың карбонатпен реакциясын сөзбен жаза алуы;
  • Газды қалай жинауды түсіндіру білуі ;
  • Бөлінген газды сапалық анықтай алуы;
  • Жасалған тәжірибеден қорытынды шығара алуы;

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Бағалау критерийлері

  • Сұйытылған қышқылдардың бірқатар карбонаттармен реакцияларын зерттейді
  • Көмірқышқыл газының сапалық реакциясын түсіндіреді

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

оттек, оксид, тотығу, (әмбебап) индикатор, pH (жай ғана «қышқылдық» шкаласы ретінде), ерітінді, қышқылдылық, сілтілілік, жеңіл тұтанатын, өртке қауіпсіз, жану, сынау, қауіпсіздік/қауіпсіз емес/қауіпті, тітіркендіру, еріту, таттануға бейім, араластыру, төгу, көзді қорғау құралы

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Металлдар pH-қа … көмегімен сыналады

Зертханада қауіпсіздік өте маңызды, себебі

Қышқылдар теріні күйдіреді

Зертханада / тәжірибе жүргізу кезінде, біз … жасауымыз/жасамауымыз керек/ керек емес

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Адалдық, серіктестік, толеранттылық, үштілділік, денсаулық, құрмет, жауапкершілік және үздіксіз оқу.

Үштілділік: слайд және видео

Денсаулық: сабақ барысы

Құрмет: қарым – қатынас дағдылары

Жаһандық азаматтық (көмір қышқылы әсерінен ғаламдық жылыну)

 Пәнаралық байланыстар

Биология- Теориялық мәліметтер

География- Дидактикалық мәліметтер. Тапсырма Е.

 АКТ қолдану дағдылары

Дидактикалық тапсырмалар (SPARK құрылғысымен) және үй жұмыстарын орындау кезіндегі (ғаламдық жылынуға презентация және EXCEL)

Бастапқы білім

Жер атмосферасы (Жаратылыстану 5-сынып 5.2 Ғылымға кіріспе 1-4 сыныптар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

Оқушылармен амандасу

Сыныпта ынтымақтастықтық атмосферасын және қалыпты оқу ортасын қалыптастыру.

Саламатсыздар ма оқушылар! Біз сабағымызды бастаймыз. Ал енді барлығымыз суреке қарай қояйық!

Cуреттегі сөздер арасында сәйкестік бар ма?

Берілген суретке қарап сабақ тақырыбын болжап көрейік???

Презентация

Сабақтың ортасы

5-6 мин

6-20 мин

20-22 мин

22-24 мин

24-26 мин

26-33 мин

Бағалау. Әр кезеңде орындалған жұмыс бойынша белсенді оқушыларға оқушылар ауриктер (от лат. Aurum – алтын) беріледі. Сабақ соңында ауриктерді оқушылар санайды, кімде: 5 аурик болса – оценка «Ж», 2 аурик – «Т».

Аурик парағы

  • Оқушыларды топқа бөлу.

Номер бойынша санау арқылы жүргізіледі (бірінші-екінші-үшінші және т.б.). Кейін төмендегі парақ бойынша үш топқа бөлінеді;

С топ

О топ

2 топ

1,3,7

2,4,6

8,9,10

ҚЫШҚЫЛДАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ

Қышқыл мен сілтілер терінің және т.б. химиялық _________________тудырады.

Қышқыл төгілген жағдайда: бірінші _________ құтыға құю керек, кейін ____________.

Жұмыс барысы:

1. Көмірқышқыл газын алу аспапты суретте көрсетілгендей жинау.

2. Сынауыққа кальций немесе магний карбонатының аз мөлшерін салу, 2-3мл тұз қышқылының ерітіндісін құю.

3 Газ жүретін түтігі бар тығынмен жабу, екінші ұшын әк суы бар сынауыққа орналастыру.

4.Бақылау жүргізу.

5. Жұмыс бойынша қорытынды шығару. Жүргізілген реакциялардың теңдеуін сөзбен жазу.

ҚБ. Тапсырма 1-2

) Оқушылар бірқатар карбонаттарды сұйытылған қышқылдармен реакциясын жасайды және өз бақылауларын жазып алады. Олар газ бөлінгендігін көреді.

Бұл кезеңде олар реакцияны тек сөзбен жазады, мысалы:

карбонат + қышқыл = тұз + су + көмірқышқыл газы

(С) Байқаған бақылауларды талқылаңыз және алынған газдың қай газ екендігін анықтау қажет екендігін түсіндіріңіз. Ол үшін бөлінген газдың үлгісін алу қажет.

(К) Қарапайым аппарат көмегімен су үстінде газ үлгісін жинау. Сынау әдістерін талқылау. Әк суын анықтауды ұсыныныз.

(Э) Оқушылар түзілген газды сынап, оның көмірқышқыл газы екендігіне көз жеткізеді және карбонаттардың сұйытылған қышқылмен реакциясы кезінде көмірқышқыл газы түзілетіндігі туралы қорытынды жасайды.

(Ж, О) Оқушылар көмірқышқыл газының сапалық реакциясын білуі және орындай алуылары қажет.

(Ж) (Б) Оқушылардан сутекті, суды, көмірқышқыл газын сынау кестесін құруды сұраңыз.

Сабақты бекіту.

Бекіту тапсырмасы ретінде «Түйін ойыны өткізіледі»

(Б) «Түйін» ойынын өткізу. Ойын шартына сәйкес мұғалім сұрақтар мен жауаптар карточкаларын дайындайды. Бір оқушыларға сұрақтар берілсе, екіншілеріне жауапар беріледі. Сосын бір оқушы сұрақты оқыса, екіншісі жауабын оқиды. Осылайша, барлық сұрақтардың жауаптары табылуы тиіс.

№1 Nапсырма. Сіздер білесіздер химия кабинетіндегі аптечкада 2% ас содасының ерітіндісі болады. Неге екенін кім түсіндіре алады?

Жауабы: Теріге қышқыл тигенде бейтараптау үшін

№2 Тапсырма. Теріге қышқыл тамқан кезде соданың әлсіз ерітіндісімен бейтараптайды. Бірақ неге сірке қышқылымен уланған адамға соданың дәл сондай ерітіндісін беруге болмайды?

Жауабы: Асқазанда көп мөлшерде көмір қышқыл газы түзіледі, ол азқазанды жарып жіберу мүмкін.

№3 Тапсырма. Әк суын қалай ұзақ мерзімде сақтауға болады? Неге? Бұны қалай түсіндіруге болады?

Жауабы: Көмір қышқылы жоқ жерде

Карбонаттар, қышқылдар, стақандар, тығыны бар газ өткізгіш түтік, колба.

http://kze.docdat.com/docs/214/index-24067.html?page=9

http://stream.manchester.ac.uk/Play.aspx?VideoId=2496

http://www.himhelp.ru/dosug/opyty/4951.html

майшам, шыны, стакандар, шыны бет.

»

Сабақтың соңы

33-40 мин

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты жүзеге асырылды ма?

Рефлексия жүргізу( Түрлі смайликтар бойынша оқушылар өткізілген сабақты бағалайды):

 Бәрі түсінікті!

 Сұрақтарым бар

  Есте сақтадым

Түсінбедім

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Реакцияны зерттейді(тұз

қышқылы мен натрий

карбонаты)

Қорытынды шығарады

Көпшілік оқушылар:

Карбонаттардың сұйылтылған

қышқылдармен реакциясын

жаза алады.( натрий

карбонаты+ тұз қышқылы =

тұз + су + көмірқышқыл газы)

Газды қалай жинау керектігін

түсіндіре алады.(ауаны

ығыстыру)

Кейбір оқушылар:

Газды қалай анықтағанын

жаза алады

Өзара бағалау(Аурик парағы) және қалыптастырушы бағалау әдістері жүргізілеледі

Жоғары қысым кесіренен тығындардың атылып кетпеуін ескертіп отыру.

ҚЫШҚЫЛДАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ

Қышқыл мен сілтілер терінің және т.б. химиялық _________________тудырады.

Қышқыл төгілген жағдайда: бірінші _________ құтыға құю керек, кейін ____________.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?