Қышқылдардың карбонаттармен реакциясы. Химия, 7 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары/ Lesson plan

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.2В Қарапайым химиялық реакциялар

Мектеп: Атырау қаласы химия-биологиялық бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектебі»

Күні: ...

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 7

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қышқылдардың карбонаттармен реакциясы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.2.2.4 сұйытылған қышқылдардың бірқатар карбонаттармен реакцияларын зерттеу;

7.2.2.5 көмірқышқыл газының сапалық реакциясын білу және жүзеге асыру;

Сабақ мақсаттары

  • Карбонаттардың сұйтылған қышқылдармен әрекеттесуі тәжірибелерін жасай отыра, олардың өнімдерін болжауды үйренеді және реакция теңдеулерін жазады;
  • реакция нәтижесінде көмір қышқыл газы бөлінетінін сынақ арқылы дәлелдейді;
  • сапалық реакция ұғымын меңгере отыра, арнайы кесте құрады;
  • тақырыпқа байланысты бекіту үшін тапсырманы орындайды.

Бағалау критерийлері

сұйылтылған қышқылдардың қолдану кезіндегі ҚТЕ айтып бере алады.

сұйылтылған қышқылдардың бірқатар карбонаттармен реакцияларын теңдеулерін жазады. Өнімде түзілген газды сапалық тестпен анықтай алады.

Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

мақала немесе диалог түрінде қауіпсіздік ережелері жайлы қысқаша мазмұндама жазу

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

оттек, оксид, тотығу, (әмбебап) индикатор, pH (жай ғана «қышқылдық» шкаласы ретінде), ерітінді, қышқылдылық, сілтілілік, жеңіл тұтанатын, өртке қауіпсіз, жану, сынау, қауіпсіздік/қауіпсіз емес/қауіпті, тітіркендіру, еріту, таттануға бейім, араластыру, төгу, көзді қорғау құралы

Диалог пен жазуға арналған сөздердің пайдалы жинағы:

Х (Металы) У (металына) қарағанда ашық жалынмен жанады/күшті жанады

x металы y металына қарағанда өртке қауіпті /кемдеу болып табылады

Металлдар pH-қа … көмегімен сыналады

Зертханада қауіпсіздік өте маңызды, себебі

Қышқылдар теріні күйдіреді

Зертханада / тәжірибе жүргізу кезінде, біз … жасауымыз/жасамауымыз керек/ керек емес

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойына білім алу.

АКТ қолдану дағдылары

тақырып бойынша ppt файлымен жұмыс /http://bilimland.kz, сайтымен жұмыс

Бастапқы білім

Жалпы зертханалық қауіпсіздік шаралары Химия негіздері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

planned action

Ресурстар resources

Сабақтың басы

0-1 минут

2-4 минут

Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру және алдыңғы сабақты пысықтау мақсатында екі тапсырма беріледі

Берілген екі реакцияны аяқтау керек:

  • Магний карбонаты + тұз қышқылы →
  • Кальций карбонаты + тұз қышқылы →

Сабақтың тақырыбына шығу. Қара жәшік ойыны:

1. Бұл зат ақ түсті болып келеді.

2) Бұл заттың құрамында кальций болады.

3) Табиғатта тау жыныстарында кездеседі.

4) Заттың агрегаттық күйі – қатты.

5) Затты мектепте оқу процессінде жазғыш құрал ретінде мұғалімдер қолданады.

Сабақтың мақсаттарын айқындау.

Слайд 2

Қара жәшік,

бор,

Power Point презентациясы.

Сабақтың ортасы

5-8 мин

8-10 мин

11-15 мин

16-17 мин

18-19 мин

(W) Металл карбонаттарының қышқылдармен әрекеттесуі (слайд 5-7).

Реакция нәтижесінде қандай газ бөлінеді? Оны қандай сапалық реакция арқылы дәлелдеуге болады?

(W) (I) «Сапалық реакция» ұғымына ақпарат беру мақсатында оқушыларға ақпараттық парақтар таратылады. Оқушылар оны 2 минут ішінде меңгереді.

Жеке жұмыс: Метал карбонатымен қышқылдардың әрекеттесу реакция теңдеулері сөзбен жазады.

(E) Оқушылар №9 Лабораториялық жұмыс «Көмірқышқыл газын алу және оны анықтау үшін тест» орындайды.

Сапалық реакция кестесін құру (слайд ).

E) Оқушылар бірқатар карбонаттарды сұйылтылған қышқылдармен сынайды және өз бақылауларын жазып алады. Олар газ бөлінгендігін көреді.

(W) Байқаған бақылауларды талқылаңыз және алынған газдың қай газ екендігін анықтау қажет екендігін түсіндіріңіз. Ол үшін бөлінген газдың үлгісін алу қажет.

(E) Оқушылар түзілген газды сынап және оның көмірқышқыл газы екендігіне көз жеткізеді және карбонаттардың сұйылтылған қышқылмен реакциясы кезінде көмірқышқыл газы түзілетіндігі туралы қорытынды жасайды.

Бекіту тапсырмаларын орындау

Оқулықтан 42-беттегі 1-3-тапсырмалар

Ақпараттық парақ

Сапалық реакциялар

Метал карбонаты қышқылдар мен әрекеттесуі , стақандар, тығыны бар газ өткізгіш түтік, колба.

Қосымша

Карбонаттардың сұйылтылған қышқылдармен әрекеттесуі https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/7-synyp/sujyltylhan-qyshqyldardyng-karbonattarmen-reakcziyalary?mid=f54d3284-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe

Көміртек диоксидін сапалық анықтау.

https://bilimland.kz/kk/subject/ximiya/7-synyp/sujyltylhan-qyshqyldardyng-karbonattarmen-reakcziyalary?mid=f54d3288-9ee4-11e9-a361-1f1ed251dcfe

Тапсырмалар парағы

Сабақтың соңы

19-20 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Күтілген нәтижелерді қайталап көрсету.

Рефлексия:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үй жұмысы:

Меңгерілген материалды қайталау және 42-беттегі 4-тапсырмадағы кестені толтыру

W = сыныппен жұмыс

P = жұптық жұмыс

E = оқушы эксперименті

G = топтық жұмыс

I = жеке жұмыс

D = мұғалім көрсетілімі

f = бағалау

= қауіпсіздік техникасы бойынша кеңестер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ескертпе: кальций карбонаты сұйылтылған күкірт қышқылымен реакциясы кезінде, кальций сульфатының түзілуі нәтижесінде ерекше нәтиже береді

Әк суымен жұмыс істеген жағдайда қорғаныс көзілдірігін кию керек

Сіріңкені деммен сөндірудің қарапайым тәжірибесін көрсетуге болады

Көмірқышқыл газының жануды қолдамайтын қасиеті өрт сөндіру ісінде пайдаланылуы туралы ақпарат беруге болады.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?