Атом құрылысы және атом ядросының құрамы. Химия. 7 сынып, сабақ жоспары.


Тақырып:

Атом құрылысы және атом ядросының құрамы

Мектеп: ФМБ НЗМ Семей

Күн:

Мұғалімнің аты-жөні:Куанышбекова А.Г.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың нәтижесінде оқушы нені білуі керек

- атом мен молекуланы ажырата алу

-алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p,n,e) және атом ядросының құрамын білу

-протон саны, нуклон санының мәндерін білу

 Сабақтың мақсаты

Протон, нейтрон мен электрон атауларын білу, олардың өлшемі мен атомдағы орналасу орындарын ажырата алады

Атом құрылысын протондар, нейтрондар мен электрондар (тек бірінші 20 элемент) тұрғысынан біледі. Протондар саны мен нуклондар санының мағынасын түсінеді

 Тілдік мақсаттар

Атом құрылымын, және атом неге n протон, нейтрон санына ие екендігін ауызша және жазбаша түрде түсіндіре алу;

Қажетті терминология:

Атом, молекула, элемент, ядро, протон, нейтрон, нуклондар, электрондар, заряд, атом құрылысы.

Диалог үшін:

A үшін қандай таңба пайдаланылады?

А құрылымы B құрылымынан қалай ерекшеленеді?

Осы атомда Х электрон болуы керек, себебі…

Оқушының алдыңғы білімі

Физика курсынан атом және молекула туралы түсінігі.

Сабақ барысы

Сабақтың бөлімдері

Сабақ барысында атқарылатын іс-әрекеттер

Ресурстар

Басталуы

1-6 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Тапсырма №1.

Оқушыларға бағыттаушы сұрақтар беру арқылы қарапайым бөлшектер туралы ойқозғау өткізу.

  • Атом дегеніміз не?
  • Молекула дегеніміз не?
  • Атомдар мен молекулаларға мысал келтіріңіздер
  • Атом құрамы қандай?- деп ойлайсыздар

Оқушылардың білімдеріне сүйене отырып, олардың берген жауаптарын одан әрі бағыттау арқылы дұрыс мәлімет беру.

Слайд 1-5

Ортасы

7-12 минут

13-16 минут

17-21 минут

22-26 минут

27-35 минут

Тапсырма №2.

1. Атом мен молекуланы ажыратыңыз.

2. Берілген молекула неше атомнан тұрады?

3. Шарстерженьді модельдер арқылы судың, сутектің, көміртегі диоксидінің молекуласын құрыңыз.

Бағалау критерийлері:

  • Молекула модельдерін дұрыс құрастыра алады.
  • Әр молекуланың неше атомнан тұратынын ажыратады

Тапсырма №3.

Мәтінмен жұмыс «Атом құрылысы» Жеке-жұп-топ форматы.

Бейнекөрініс: «Basic Atomic Structure»

https://www.youtube.com/watch?v=lP57gEWcisY

Тапсырма №4. Оқушылар жұппен атом құрылысын қағазға салады.

Слайдта шыққан атомның құрылысымен салыстырады.

Тапсырманың дұрыстығын слайдта көрсетілген сызбанұсқа арқылы түсіндіріледі.

Атом құрылысын протондар, нейтрондар мен электрондар (тек бірінші 20 элемент) тұрғысынан білу, протондар саны мен нуклондар санының мағынасын білу мақсатында түсіндіру.

Тапсырма №5.

  • Әрбір атомда электрондардың қанша саны болатындығын және неліктен олай болатындығын талқылау.
  • Нейтрондар санын қалай анықтауға болатынын талқылау
  • Нуклондар санын қалай анықтауға болатынын талқылау.
  • Натрий, хлор, фосфордың атом құрылысы.

Тапсырма №6. Қалыптастырушы бағалау(жеке парақта берілген)

ОМ:

  • алғашқы 20 элементтің атом құрылысы (p,n,e) және атом ядросының құрамын білу
  • протон саны, нуклон санының мәндерін білу

Бағалау критерийлері:

- Берілген элементтің ядро заряды мен атомдық массасын дұрыс анықтайды

-Протон, нейтрон, электрон санын дұрыс анықтайды.

Таратпа қағаздар

4-10 слайд

периодтық жүйе

Сабақтың аяғы

36-40 минут

Сабақты қорытындылау.

Тақырып бойынша туындаған сұрақтарына жауап беру.

Қосымша ақпарат

Бөліп оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін Сіз не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушылар алдында қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша тексеруді көздейсіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық пен қауіпсіздік ережелері

АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

метакогнитивті сұрақ қою арқылы олардың білімдерін кеңейту қажет

Сабақта бағалаудың қалыптастырушы бағалау түрі қолданылады.

Сабақта жұптық жұмыс істеу және нәтижелерді басқа оқушылармен ақылдасуды жүргізуа рқылы талқылау өзге пікірді құрметтеу мен коммуникативті дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Оқушылар бақылауының негізінде жатқан қағидаттарды түсіндіруде сыни тұрғыдан ойлау қасиетінің көптеген мүмкіндіктері бар.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары қол жетімді болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным жоспарлағандай жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгізуім қажет және неліктен?

Берілген бөлімді өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі әрекетті атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі әрекет сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Осы сабақтың барысында менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпаратты алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?