Химиялық элементтер. Жай және күрделі заттар. Химия, 7 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Химиялық элементтердің жіктелуі

 Элементтерді қарқынды іздеу XVIII ғасырдың басында басталған. Сондай-ақ, 1850 жылы шамамен 60 шақты химиялық элемент ашылған. Ерекшеліктері мен қасиеттеріне байланысты химиялық элементтерді жүйелеу қажет болды. Ең алғашқы жіктеу әрекеттерінің бірі химиялық элементтердің жалпы қасиеттеріне және сипаттамаларына негізделген. Осылай «металдар» және «бейметалдар» пайда болған. Химиялық элементтердің жіктелуі олардың қасиеттеріне негізделеді.

Металл мен бейметалдардың қасиеттері

 Элементтерді өздеріне тән ортақ ұқсастықтарына байланысты металдарға және бейметалдарға бөлуге болады.

 Металдар (сынаптан, францийден басқа) қалыпты жағдайда қатты күйде болады. Металдардың (сілтілік металдардан басқа) балқу температурасы жоғары. Металдар таза күйінде жылу мен электр тогын жақсы өткізеді, иілгіш болады және ысқылағанда жылтырайды.

 Бейметалдар қалыпты жағдайда газ, сұйық және қатты заттар күйінде кездеседі және жылтырамайды. Қатты күйінде сынғыш болып келеді. Бейметалдар жылу мен электр тогын нашар өткізеді.

 Химиялық қосылыстар

 Заттарды құрамына қарай жай және күрделі деп екіге бөледі.

 Молекулалары элемент атомының бір түрінен құрылған заттарды жай заттар деп атайды.

 Жай заттар химиялық реакцияларда одан кіші бөлшектерге бөліне алмайды. Жай заттардың молекулаларын металдық элемент атомдарымен қатар бейметалдық элемент атомдары да құра алады. Мысалы, мыс деген жай зат мыс металдық элементінің атомдарынан құралып, металдарға тән қасиеттерге ие.

 Сондай-ақ, оттек мен озон жай заттарға жатады. Алайда, металдардың жай заттарынан айырмашылығы, оттек молекуласы екі атомнан, ал озон үш атомнан тұрады. Оларға бейметалдардың қасиеттері тән.

 Әртүрлі элемент атомынан тұратын молекулалар күрделі заттарды құрайды. Күрделі заттарды химиялық қосылыстар деп те атайды.

 Әртүрлі химиялық элемент атомдары қосылып күрделі заттың молекуласын құрайды. Жай заттарға қарағанда күрделі заттардың саны мың есе көп болады.

 Атомдары қалай қосылғанына байланысты, күрделі заттардың қасиеттері әртүрлі болады.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?