Химиялық элементтер. Жай және күрделі заттар. Химия, 7 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.2A Атомдар. Молекулалар. Заттар | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы: Химиялық элементтер. Жай және күрделі заттар | ||||||
Оқу мақсаттары | 7.1.2.2 - әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін білу; 7.1.2.3 - элементтерді металдар мен бейметалдарға жіктеу; 7.1.2.4 - заттарды құрамына қарай жай және күрделіге жіктеу. | |||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар білу керек:
Оқушылардың көбісі білуі керек:
Кейбір оқушылар білуі керек:
| |||||
Бағалау критерийлері | Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер:
| |||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар химиялық элементтердің таңбаларын жазады, олардың қазақша атауларын атай алады, химиялық формуланы химиялық элементтер көмегімен оқи алады. Пәнге тән лексика мен терминология: химиялық элемент, химиялық таңба, химиялық формула, индекс, коэффициент, металл, бейметалл, жай зат, күрделі зат. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Әрбір элементтің өзіндік химиялық таңбасы бар. Химиялық таңба (химиялық символ) берілген элементті және оның бір атомын көрсетеді. Егер атомдар саны бірнеше болса, оны таңбаның алдына сан түрінде жазады, ол коэффициент деп аталады. Химиялық формула – заттың құрамы элемент таңбалары және индекстер көмегімен көрсетілетін шартты түрдегі жазу. Индекс – химиялық элементтің атом санын көрсетеді, элемент таңбасының оң жақ төменгі жағына жазылады. Коэффициент – қосылыстың молекула санын көрсетеді, формуланың алдына жазылады. | |||||
Құндылықтарды дардарыту | Өмір бойына білім алу – химиялық элементтердің таңбалары көмегімен заттарды құрамы бойынша ажырата алады. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Физика – атом. | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация және видео ресурстармен жұмыс істеп, ақпаратты өңдеу | |||||
Бастапқы білім | Жаратылыстану курсынан алған білімдер. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы | Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Өткенді қайталау: 7.1.2.2 атом мен молекуланың айырмашылығын білу ОМ қайталау тапсырмасын беру: Атом мен молекуланы ажыратыңдар: Атом: б; Молекула: а, г,, д | Презентация | ||||
Сабақтың ортасы | Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстыру. Мұғалім «химиялық элемент» ұғымының химия ғылымы үшін маңыздылығын айтады. Бала мектепке келгенде, ең алдымен, әліппені оқиды. Неліктен? (Себебі оқу, жазуды үйрену үшін әріптерді білу қажет) Сол сияқты химияны меңгеру үшін оның ең басты ұғымы «химиялық элементті» білу қажет. Химияға бұл ұғымды алғаш енгізген – ағылшын ғалымы Роберт Бойль. Ол химиялық элемент деп заттың құрам бөлігін айтқан. 19 ғасырдың басында ағылшын ғалымы Джон Дальтон химиялық элементті атомдардың белгілі бір түрі деп санаған. Қазіргі химия ғылымы химиялық элементті атомның жеке бір түрі деп қарастырады Химияда элементтерді және олардың қосылыстарының құрамын көрсетуді, олардың арасында жүретін реакцияларды бейнелеуді жеңілдету үшін арнайы халықаралық символдар – таңбалар ұсынылған. Әрбір элементтің өзіндік химиялық таңбасы бар. Химиялық таңба (химиялық символ) берілген элементті және оның бір атомын көрсетеді. Алғашқы химиялық элементтердің таңбалануы берілген суретті көрсету. Алғашқы кезде химиялық таңбалар мағынасын болжау қиын әрі түсінуге ыңғайсыз болған. Көп жылдар бойы көптеген ғалымдар химиялық элементтердің әртүрлі таңбалануын ұсынған болатын. Бірақ көптің көңілінен шыққан тек швед ғалымы Й.Я.Берцелиустің ұсынғаны болды. Берцелиустің ұсынысы бойынша, химиялық элементті элементтің латынша атауының бірінші және одан кейінгі әріптерінің біреуін алып белгілеу болған. Элемент таңбасының бастапқы әрпі бас әріппен жазылады. Мысал келтіріледі. Оқушыларға химиялық элементтің таңбалары жазылған кесте және сабақ бойынша жұмыс парағы таратылады. Жұмыс парағы бойынша 1-тапсырма орындалады. Бағалау критерийі: Химиялық элементтердің символдарын біледі Дескриптор:Химиялық элемент пен оның атауы сәйкестендіреді Бағалау: Оқушылар дәптерлерімен ауысып, бірін-бірі бағалайды. Егер атомдар саны бірнеше болса, оны таңбаның алдына сан түрінде жазады, ол коэффициент деп аталады.
Жұмыс парағы бойынша 2-тапсырма. Бағалау критерийі:Атомдардың мөлшерін біледі Дескриптор:Берілген мәліметтер бойынша атом санын анықтайды Бағалау: Дайын жауаппен өздерін бағалайды. Химиялық формула – заттың құрамы элемент таңбалары және индекстер көмегімен көрсетілетін шартты түрдегі жазу. Индекс – химиялық элементтің атом санын көрсетеді, элемент таңбасының оң жақ төменгі жағына жазылады. Коэффициент – қосылыстың молекула санын көрсетеді, формуланың алдына жазылады. Жұмыс парағы бойынша 3-тапсырма. Бағалау критерийі:Заттардың құрамын біледі Дескриптор:Химиялық формулалардың оқылуын жазады Бағалау: Өзін-өзі бағалау. Элементтердің табиғатына қарай алғашқы жіктелуіне тоқталу. Заттардың құрамына қарай жіктелуін қарастыру. Бекіту тапсырмаларын орындау. | Презентация Химиялық элементтер таңбалары бар кесте, жұмыс парағы Презентация Қосымша 1 Қосымша 2 | ||||
Сабақ соңы | Рефлексия Үй тапсырмасы: Химиялық элементтердің таңбаларын, олардың қазақша атауларын, айтылуын және оқылуын жаттау. | Презентация | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Тақырыпты қарастыру барысында қабілеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушыларға түсіндіре алады. | Бағалау сабақ бойы жүргізіледі. Бағалау өзіндік бағалау, өзара бағалау және мұғалімнің пікірі арқылы жүзеге асады. | Химия кабинетіндегі ҚЕ техникасы толық сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?