0 саны. 0 қасиеті. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

2A-тарау: Ондықтарды қосу және азайту

Мектеп:

ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Көкшетау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

0 саны. 0 қасиеті.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

1.1.1.1 - нөл санының құрылуын түсіну;

Сабақтың мақсаты

нөл санының құрылуын түсінеді

 

Бағалау критерилері

  • Нөл санының құрылуын айта алады

Құндылықтарды

дарыту

 - еңбек және шығармашылық;

 Пәнаралық байланыстар

Өнер, қазақ тілі және әдебиет

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

3 мин

Психологиялық ахуал туғызу

Көтеріңкі көңіл орнату үшін «Мен елімді сүйемін» тренингін ұйымдастыру

Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;

Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;

Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;

Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.

Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;

Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!

(Ұ) Өткен сабақты қайталау.

«Шеңберге жиналу уақыты»

Оқушылар шеңберге тұрып, өткен сабақтарда қандай сабақпен танысқаның , және сабақтардан нені үйренгенін талқылайды.

Таныстырылым

Сабақтың ортасы

3 мин

5 мин

1 мин

5 мин

5 мин

5 мин

Жаңа сабақ

(Т,Тәж) «Қапшықтағы санды тап»

Бірінші топтың пакетінде жемістер бар (мысалы, 3). Мұғалім оларды бір-бірден шығарады, ал балалар санайды. Барлық жемістерді алған кезде мұғалім сұрақ қояды:

Пакетте қанша жеміс қалды? (ешқандай, пакет бос). Осыдан сабақтың тақырыбы мен мақсаты талқыланады.

(Ұ) «ТВ шоу»

Ұйымдастыру:

Сіз қандай шоу көрсеткіңіз келетініне байланысты.

Бұл қалай жұмыс істейді:

Мұғалім жүргізуші оқушылармен , келген оқушылар бір жағдайды сахналайды: Маша және Айжан орманда саңырауқұлақтар таппады. Олардың кәрзеңкелерінде қанша саңырауқұлақ бар? 0 санының пайда болуын жағдайларды жасай және түсіндіре отырып ұғындыруға болады (мысалы, бұтақта 2 торғай отырды, содан кейін ұшып кетті. Қанша торғай қалды?

Сергіту сәті «Құрылысшы»

(Ө.Ж ҚБ) «Тез ойла»

Мақсаты: 0 санының құрылауын қолдану

(Д,Тәж) Әрбір оқушы 0 саның пайдаланып 2 қосу амалына байланысты, 2 азайту амалына байланысты өрнек құрастырып, дәптерге жазады.

/өзара бағалайды/

Дескриптор

  • 0 санын пайдаланып ,2 қосу амалын шығарады +
  • 0 санын пайдаланып, 2 азайту амалын шығарады +

(Т) КРЕАТИВТІ МАТРИЦА

Топ болып (мұғалімнің қолдауымен) тұжырымдар жасау:

Бұл ойлау және проблемаларды шешу дағдыларына ықпал ете отырып, оқушыларға сұрақтарға жаңа қырынан қарауға мүмкіндік береді. Нұсқаларды зерделеп, басқа оқушылар идеяларының негізінде өз нұсқаларын сындарлы әрі креативті етіп құрастыру үшін оқушылар топтарда жұмыс істейді.

10+0 13+0 25+0 16+0 9+0

Егер кез-келген санға 0 қосса, онда не болады?

Егер кез-келген санға 0 қосса, онда ___________________________________

1, 2- топ

6-0 26-0 13-0 14-0 12-0

Егер кез-келген саннан 0 алып тастаса, онда не болады?

Егер кез келген саннан 0 алып тастаса, онда___________________________________

3, 4-топ

6-6 10-10 13-13 14-14 12-12

Егер екі бірдей санды азайтсақ, онда не болады?

Егер екі бірдей санды азайтсақ, онда___________________________________

Дәптермен жұмыс.

Мақсаты: Сандарды калиграфиялық талаптарға сай жазу, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.

Кеспе суреттер

Кеспе суреттер

Кеспе суреттер

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Түсті жолақтар бойынша өзін-өзі бағалайды.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өзін-өзі бағалау. Топтық жұмыста мұғалімнің бақылауы.

Денсаулық сақтау технологиялары.Сабақтың басында партада дұрыс отыруды,денені тік ұстау туралы ескертулер жасау

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу