Салқындау процесі. Зертханалық жұмыс №4 «Парафиннің салқындау процесін зерттеу». Химия, 7 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.1B Зат күйінің өзгерісі

Мектеп: ФМБ НЗМ Көкшетау қ,

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Отыншеева Л.К.

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Салқындау процесі.

Зертханалық жұмыс №4 «Парафиннің салқындау процесін зерттеу»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.2.6 Салқындау процесінің қисығын зерттеу

7.1.2.7 салқындау қисығын салу және оған тән ерекшеліктерді атап өту, өз бақылауларын бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру;

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар жасай алады:

  • Салқындау процесін зерделейді
  • Салқындау қисығын құра алады
  • Салқындау қисығының негізгі бөліктерін анықтап, өз бақылауларын бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіре алады

Жетістік критерийлері

Оқушылар мақсатқа жетеді, егер:

- салқындаудың қату температурасына жеткенде жүретінін анықтаса;

- салқындау сұйықтықтың қатты күйге ауысуына қажет бөлшектерді бұзуға энергиясы жеткілікті болғанда өтетінін анықтаса

Тілдік мақсаттар

Пән бойынша арнайы лексика және терминология: салқындау, қисық сызығы, бөлшектер, конденсация, салқындау

Диалог және жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің жинағы:

Бөлшектер қозғалысы азайды/артты, себебі температура түсті/көтерілді

Бөлшектер температура көтерілген кезде жылдамырақ қозғалады

Мен су қатып қалды деп ойлаймын, себебі бөлшектер қозғалмайды

күйдің өзгеруі …жағдайда/себепті болады.

Құндылықтарды дамыту

Бірін-бірі сыйлау, өз ойын толық жеткізебілу, өзгенің ойын сабырлықпен тыңдау және сұрақ қоя білуге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

  • Физика – заттардың агрегаттық күйіндегі өзгерістер
  • Биология – табиғаттағы су айналымын түсіндіру

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Заттардың күйі және бөлшектер туралы физика және биология пәндеріне арналған білімдер.

Сабақ барысы

Сабақты жоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

5 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Стартер:

Тәжірибе №1

«Бөлшектердің қозғалысын зерттеу (диффузия)»

Кристаллизаторға сүт құйып, бірнеше тамшы әртүрлі бояулар тамызып, мақталы түтікшемен сабын ерітіндісін енгізу арқылы бөлшектердің қозғалысын бақылау (диффузия)

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Бұл тәжірибеде нені байқадыңдар?
  • Бұл процесс қалай аталады?
  • Қандай қорытынды шығаруға болады?

 Бірлесіп талқылау нәтижесінде оқушылармен бірге сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау. (Тәжірибеде байқағандай бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларына енуі, араласуы диффузия деп аталады.Бұл процес арқылы бөлшектердің қозғалысын көруге болады.)

Кері байланыс: Мұғалім - оқушы .

Зерттеулер нәтижесі бойынша оқушылар қорытынды шығарады

Презентация

Слайд 1-2

сүт, кристаллизатор, әр түрлі түсті бояғыштар, мақталы түтікшелер, сабын ерітіндісі

4 мин

Оқушылармен бірге талқылауға арналған сұрақтар:

Заттар әрдайым бір агрегаттық күйде болады ма?

Заттар бір агрегаттық күйден екіншіге қалай ауысады?

Температура мен жылу мөлшері ұғымдары бірдей ме??

Қызып тұрған денені суытқанда не болады?

Дененің энергиясы қандай өзгеріске ұшырайды?

Егер денені қату температурасына дейін салқындатса, онда не байқалады?

Кері байланыс. Мұғалім - оқушы .

Оқушылар қату температурасының анықтамасын дәптерге жазады.

Презентация

Слайд 4-5

23 мин

Зертханалық жұмыс (жұптық жұмыс) (өздігінен жұмыс жасау дәрежесі бойынша дифференциация).

Тақырып: «Салқындауды зерттеу»

Оқу мақсаты:

  • салқындау процесін зерделеу,
  • салқындау процесінің қисығын салу және оған талдау жасау, өз бақылауларын бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіру;

Зертханалық жұмыс мақсаты: (оқушылар өздері жазады)

Реактивтер және құрал - жабдықтар: парафин, су моншасы, мұз, кристаллизатор, температура датчигі, кәрлен табақша, тигель қысқыштар, секундомер.

Нұсқаулық:

- Берілген парафинді кәрлен табақшаға салып, сұйық күйге дейін балқыту. Сосын қату температурасына дейін салқындату. Температураның төмендеуін әр минут сайын белгіле.

Берігендерді кестеге түсір.

- Қату температурасын белгіле, бұл процесс неше минутқа созылады.

Салқындау қисығы – берілген мәліметтерді қолданып, қисықтың әр бөлігіндегі парафиннің күйін анықта және температура өзгерісін белгіле.

- Графиктің әр бөлігіндегі бөлшектердің қозғалысын сипатта

Бағалау критерийлері:

  • Жұмыс мақсаты құрылған
  • Нұсқаулық сақталған
  • Кесте дұрыс толтырылған
  • График дұрыс құрылған

Кері байланыс. Оқушы - оқушы

Қосымша 1(жұмыс парақтары)

7 мин

Бекітуге арналған тапсырмалар

1. Суретте қатты дененің салқындау және кристалдану графигі берілген? ВС бөлігі қай кезеңді көрсетеді? СD бөлігі қай кезеңді көрсетеді?

2. Судың салқындау және қату графигін құр. Суды одан әрі қарай салқындату кезінде графикте не байқалатынын болжаңдар.

Кері байланыс. Мұғалім - оқушы .

Презентация

Слайд 8-9

1 мин

Сабақ соңында «Білім ағашы» стратегиясы бойынша рефлексия жүргізу. Ағаштан өз орыныңды тап. Стикерге есіміңді жазып, ағашқа жапсыр.

Презентация

Слайд 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Зертханалық жұмыс барысында кейбір оқушыларға көмек, қолдау көрсетіледі..

Бекітуге арналған тапсырмалар – күрделілік дәрежесі бойынша.

Өзара бағалау

Сұрақтарға жеке жауаптарды бағалау

Сәттілік жағдайын қалыптастыру

Химия кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі.

1.Жұмысты орындамас бұрын нұсқаулықпен танысу

2. заттардың қол, бет терісіне тимеуін қадағалау

3. Зертханалық заттардық дәмін татуға болмайды.

4.тәжірибелерді өздігінен жасауға рұқсат берілмейді.

5.Электр қыздырғыш құралдармен жұмыс жасағанда абай болу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба?

ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, еліктен?

Бұлбөлімді сабақ туралыөзпікіріңіздібілдіруүшінпайдаланыңыз. Өзсабағыңызтуралысолжақбағандаберілгенсұрақтарғажауапберіңіз.

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі(оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуғанеықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда негекөңілбөлуқажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?