Жұп және тақ сандарды табу үшін жұптап санау. Жұп және тақ сандар. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:2 А бөлім «Сандардың заңдылықтарын зерттеу» | Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н.З. | ||||||
Сынып: 1А | Қатысқандарсаны:20 Қатыспағандар саны: 0 | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Санау дағдыларын дамыту. 1-ден 100-ге дейінгі сан кестесі | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.1.1 Санау мен өлшеудің нәтижесі ретінде натурал сан туралы білу 1.1.1.2 100-ге дейін санау, натурал сандар қатарында санның орнын анықтау | ||||||
Сабақ мақсаттары | 1-ден 100-ге дейінгі сандар қатарын білу | ||||||
Жетістік критерийлері | 100-ге дейін санауды, натурал сандар қатарында санның орнын біледі | ||||||
Тілдік мақсаттар
| Сан кестесі | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Жауапкершілік, сыйластық, өзаратүсіністік құндылықтарын қалыптастыру | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Тірек сөздерді қолдану арқылы қазақ тілі ағылшын тілі орыс тілі пәндерімен байланыс орнады.Өлшемдерді жүргізу арқылы дүниетану, ғылымға кіріспе сабағымен байланыс орнады. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Өлшем нәтижесін тінтуір арқылы жазып көреді | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар күнделікті өмірде өлшем бірліктері туралы тәжірибесіне сүйенеді. | ||||||
Сабақбарысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Шаттық шеңбері (Ұ)Балалар біз барлығымыз шеңберге тұрдық, біздің шеңберіміз қандай тамаша! Бізді достық пен сүйіспеншілікке шақыратындай.Армысың досым,Кел, маған қосыл (қолымен шақырады).Алақанға салып алақан,Шеңберге бірге тұрайық (қолдарынан ұстайды).Жер шарындай айналып,Әлемге жарық ұқсайық (айналады).Қолымызды көтеріп, Күннің нұрын алайық (қолдарын көкке созады).Ортамызда күн нұры,Құшаққа оны алайық (құшақтасады). «Көңілді цифрлар» ойыны. Оқушыларға көңілді цифрлар көрсетіледі» Оқушылар олардың қанша екенін айтады. Қатарға тұрып санайды. Қолдарындағы цифрларды өз алдарына ретімен қояды. | Слайд 1-2 | |||||
Сабақтың ортасы | (Ұ) Оқушылар сан түзуін пайдалана отырып 100-ге дейін тура және кері санайды. Ондық сандар мен олардың құрылуына көңіл аударады. Ойын «Жалғастыр» Оқушыларға 1-ден 100–ге дейін сандар жазылған карточкаларды беріледі,жазылған саннан бастап әрі қарай санайды. Оқулықпен жұмыс Сан кестесімен таныстыру.
Сен не байқадың? Әрбір бағандағы сандарды ата. Сен не байқадың? Сан кестесіндегі жасырынған сандарды анықта.Слайд 3 Орындап көр Түсіп қалаған сандарды тап. Слайд 4 Шығарып көр Сан кестесін қолданып, белгісіз санды тап. Слайд 5 (Қ) Пазл құрастыру Оқушыларға бір-бірімен байланысты 21 «жолды» көрсететін парақты беріледі. Оқушылар 20-дан 100-ге дейін сандары бар карточка таңдап алу үшін ауысады. Бұл сан жолдың ортасына жазылады. Оқушылар осы саннан кейінгі 10 санды кезектілігімен толтырады, ол кезде осы сан алдындағы 10 саны сан қатарының бөлігі болатын жолды құрайды. Бұл сан «жолдың» ортасында жазылады. Сергіту сәті. (Т. Тәж.)Оқушылар топқа бөлініп отырады. Әр топ 100-ге дейінгі сандар қатарын құрады. 1 топ.1-20 дейінгі сандар қатары-моншақ құрады; 2 топ.20-40 дейінгі сандар қатары- жұлдызқұрт құрады; 3 топ. 40-60 дейінгі сандар қатары-пойыз құрады; 4 топ. 60-80 дейінгі сандар қатары-шарларды тізеді; 5 топ. 80-100 дейінгі сандар қатары-доптарды тізеді. Ойын «Орманда» шарты. Оқушылар ормандағы аңдарды санайды. Алдыңғы қатардан бастап ретімен сандарды белгіленген сызыққа қойып шығады. | Сан кестесі, Пазл құрастыруға ранлған бөліктерге қиылған сан кестесі, қатар тұрған екі санның орны ауыстырылып берілген сан кестесі, 1-ден 100-ге дейін жазылған кеспеқағаздар Бірінші жолақ-1-ден 10-ға дейін, екінші -11-ден 20-ға дейін,үшінші-21-ден 30-ға дейін және т.с.с 100-ге дейін | |||||
Сабақтың соңы | (Ж) Оқушылардың алдарына дәндер және санауға тиісті цифрлар қойылады.Олар цифрға сәйкес дәндерді іріктеп алып қояды.Әр топ оқушылардың орындаған жұмыстарын талқылау және жұмыстардан көрме ұйымдастыру. Рефлексия Бәрін түсіндім Кейбір нәрселерді толық түсінбедім Мен түсінбедім | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Қиналатын оқушыларға Сандық заңдылық ережесін түсіну үшін, оқушылардың қасына барып, оқушыларға жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету. | Сандық заңдылықтарды зерттеуде бақылау арқылы бағалау. Киналатын оқушыларды жазып алу. | Сергіту сәттерін өткізу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?