Жұп және тақ сандарды табу үшін жұптап санау. Екі-екіден сана. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2A бөлім: Сандардың заңдылықтарын зерттеу

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 3.11.2015ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Жұп және тақ сандарды табу үшін жұптап санау. Екі-екіден сана

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1 Сандар мен шамалар туралы түсінік

 Сабақтың мақсаттары

Екіден санауды, 20-ға дейінгі жұп/тақ сандарды біледі;

Көлемінде бір таңбалы сандардың жұптарын құру;

 Жетістік критерийлері

Оқушылар заттарды екі-екіден санай білуді меңгереді.

 Сөздік қор

 

Екі-екіден санау, жұп, неше, қанша,

 Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану. «Отбасы шежіресі» тақырыбымен байланысты.

Алдыңғы меңгерілген білім

1-ден 100-ге дейінгі сан кестесінде сандардың орналасуын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) 1.Оқушылардың зейінін шоғырландыру.

Өткен тақырыпты еске түсіру үшін сынып бөлмесіндегі заттардың санын анықтатып, олардың жұп/тақ сан екенін айтуды ұсыну.

Терезе - 2 (жұп)

Парталар – 21 (тақ)

Есік – 1 (тақ)

Тақта – 3 (тақ)

Оқушылар – 20 (жұп)

Орындық – 22 (жұп)

2.Оқушылармен бірге ОМ анықтап алу

Сабақтың ортасы

(МК,Ұ) Сабақты, сыныптағы оқушылардың, партаның, орындықтың т.б. қоршаған ортадағы заттардың санын қалай анықтауға болатынын, сұраудан бастау. Оларды басқаша қалай санауға болады деп сұрау. Екіден санауды көрсету үшін оқушылардың жинаулы тұрған дәптерлерін алу. Дәптерлерді оқушылардың біріне санату. Ол бір-бірден санап болған соң, кім жылдам санаудың басқа түрін көрсете алады деп сұрау. Егер оқушылардан санайтын ешкім шықпаса, дәптерлерді екіден санап көрсету. Қандай тиімділігі бар екенін сұрау. Оқушыларға сыныптағы парталарды, оқушыларды екіден санауды ұсыну. Оқушыларды партада отырған қалпында екі-екіден санату. Жұпсыз қалған оқушы болса, оның жұбы болу. Санау ретін дауыстап айттыру. Заттарды екі-екіден санап, санын анықтауға болатынына назар аударту. Соңынан заттарды екі-екіден шапшаң санауға болады деген қорытындыға келтіру.

(ЖЖ) Екі-екіден санау дағдыларын қалыптастыру мақсатында суретке назарларын аударту. Оқушыларға жұптасып, алдымен бишілер санын, содан соң бақшадағы сәбіздер санын және футбол ойыншыларын жұппен санап жаттығады.

(Ұ) «Менің отбасым және достарым» тақырыбы аясында сынып бөлмесіндегі жіпте ілініп тұрған «Отбасы шежіресі» ағашына оралу. Ондағы отбасы мүшелерін екі-екіден санауды ұсыну. 5-6 оқушы кезекпен ілініп тұрған суреттерге жақындап, кез-келген отбасының мүшелерінің санын екі-екіден санайды.

, МК, Ұ) Оқушыларды топтарға бөліп, әр топқа зерттеу жұмысын ұсыну. Жұмысты орындамас бұрын, «Егер сыныптағы оқушылардың барлығында екі қолғаптан болса, сыныпта барлығы неше қолғап барын қалай санауға болады?» деген сұраққа байланысты тапсырманы орындауды сұрау. Оқушыларға жазуға қолдану үшін АЗ форматтағы ақ қағаз, түрлі-түсті маркерлер тарату. Зерттеу нәтижесін топ мүшелеріне қорғату. Оқушылар заттың санын анықтаудың өз нұсқасын айтқан соң, қорытынды жасауға жетелеу. «Бір адамда бір жұп қолғап болғандықтан, жұппен санап анықтауға болады» деген қорытындыға келтіру. Оқушыларға екі-екіден санау дегеніміз заттарды жұппен санауды білдіретінін қорытындылап айту.

Сергіту сәті.

(Ұ) Оқушылардың назарын оқулықтағы «Шығарып көр» тапсырмасына аударту. Сыныппен талдату. Суреттегі көбелек пен қоңыздарды санату. Әрбір екеуінен бір жұп құрастырып санағанда, неше жұп болғанын сұрау. Жұппен санауды қайталату. (ЖЖ) «Ойлан» тапсырмасын жұппен орындату арқылы оқушыларды бір-біріне көмектесуге, қатесіз санауға жаттығуларына, ойларын айту арқылы тілдерін жетілдіруге көмектесу. Суреттегі аяқ киімдерді екі-екіден сәйкестендіру арқылы неше жұп екенін анықтатып, суға түсуге келген балалардың саны аяқ киімдердің санымен бірдей екенін тапқызу. Бас киімдер саны балалар санымен бірдей болатынын салыстырту арқылы анықтату. 1 жұп ортаға шығып түсіндіруді ұсыну.

(Ұ) Сыныптан екі-екіден санауға болатын заттарды тауып санауды ұйымдастыру. Заттарды екі-екіден, яғни жұппен санату арқылы тез санай білуге жаттықтыру. Екі-екіден санағанда жұп сандар қолданылатынын байқату. Екі-екіден санау мен жұппен санауларын санаудың бірдей екендігін түсінуге жетелеу. Содан соң тақырыпты дәптердегі тапсырманы орындату арқылы бекіту.

«Әр қоянда 2 сәбізден бар. Қояндарда барлығы неше сәбіз?» тапсырмасы бойынша қояндарға қажетті сәбіздің санын табу үшін бос ұяшықтарға суреттерін салып, барлығы қанша сәбіз екенін табады.

«Тізбектегі моншақты екі-екіден әр түрлі түске боя. Неше жұп пайда болды?» Моншақтар тізбегін өздері түстерді таңдай отырып, екі-екіден бояп шығады. Боялған тізбектерінен неше жұп пайда болғанын есептеп жауабын жазады. Екі мен жұп деген сөздердің өзара байланысын естеріне түсіріп жаттығады.

Сыныптағы заттар, сан кестесі, А3 форматтағы қағаз, түрлі-түсті маркерлер.

Сабақтың соңы

Сабақтың соңында оқушыларға әр түрлі суреттер бейнеленген жеке үлестірмелі қағаз таратып, жұппен санау мен жұп санын анықтауды қаншалықты меңгергенін байқау.

Тапсырма:

Заттарды жұппен сана, торкөзге қанша жұп болғанын жаз.

1.

2. 3.

4. 5.

6. 7.

Оқушыларға төмендегі сұрақтарды қою:

  • Бүгін сабақта санаудың қандай түрімен таныстыңдар?
  • 4-тен бастап 20-ға дейін екі-екіден сана;
  • 11-ден бір сан аттап, кері санаңдар;
  • Адам денесіндегі жұп мүшелерді атаңдар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың жұптасып, бишілер санын жұппен санағанда қиналған оқушыларға жетелеуші сұрақ қою арқылы дербес көмек көрсету. «Ойлан» тапсырмасын жұппен орындау барысында қабілеті жоғары оқушыларды екі-екіден санауға қиналған оқушылармен жұптастырып, өзара оқытуды ұйымдастыру.

Оқушылардың жұптасып, бишілер санын жұппен санағандарын, «Ойлан» тапсырмасын жұппен орындау барысын бақылау арқылы бағалау; оқушыларға әр түрлі суреттер бейнеленген жеке үлестірмелі қағаз таратып, жұппен санау мен жұп санын анықтауды қаншалықты меңгергенін байқап бағалау.

Сергіту сәтін өткізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу