Қосу кестесі дайындық жұмысы. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2A бөлім – Сандарды 20 шегінде қосу және алу Сынып: 1А

07.10.16

Мектеп: НИШ Көкшетау қаласы

Мұғалімнің аты-жөні: Сабитова А.С.

Қатысқандар саны: 19

Қатыспағандар саны: 1

Сабақ тақырыбы

Қосу кестесі дайындық жұмысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.2.4 бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білу керек:

Бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құрады.

Көпшілігі:

Бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құрады, өрнектер шығарғанда пайдаланады.

Кейбір оқушылар:

Бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құрады, өрнектер шығарғанда пайдаланады, дәлелдеп айтады.

Бағалау критерийлері

Қосудың шаршы түріндегі кестесін пайдаланып, өрнектерді орындайды.

Тілдік мақсаттар

Сандардың заңдылығын түсіндіреді, сандардың ретін айта алады

Құндылықтарды дарыту

Еңбекқорлық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе, қазақ тілі мен әдебиеті

АКТ қолдану дағдылары

Нөмірлерді тауып, ашу

Санамақты әншілермен бірге айта алу.

Бастапқы білім

100-ге дейін тура және кері, санай алуы; ондықтармен санау

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Ертеңгілік шеңбер

«Санамақ» әнін бірге орындау, қимылмен көрсету

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты: Сандармен операциялар. бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану – -- Балалар, бұл Айзере. Айзере отбасымен бірге театрға барды. Театрға барар алдында ғажайып ағаш отырғызып кетті.

Сабақта барлығымыз жұмыс істейміз, соңында ағаштардың жемісін көреміз.

ИТ

Ағаштардың макеті,

алмалар (қызыл,сары,жасыл)

Сабақтың ортасы

5 минут

5 минут

9 минут

1 минут

11 минут

1.Ауызша санау(қосу кестесін пайдалану) Айзеренің отбасының театрдағы орындыры: (оқушылар топта кесте бойынша нөмірін тауып, орындықты тақтадағы кестеге жапсырады. Қалғандары басбармақпен бағалайды)

Әкесінің орны №7 баған, №2 қатар

Анасының орны №5 баған, №2 қатар

Ағасының орны №4 баған, №2 қатар

Інісінің орны №8 баған, №2 қатар

Айзеренің орны? №? баған, №? қатар

  • Қазір біз өзіміз кесте құрастырып көреміз.

2. (Ж) Кесте құрастыру. Қосудың шаршы түріндегі кестесі

Тақтада және оқушылардың алдында ұқсас кіші көлемдегі шаршы сұлбаны тарату. Оқушыларға кестедегі бағандарды 1-ден 9-ға дейін сан ретімен қойып нөмірлеп шығу керектігін тақтада көрсету. Соңғы цифр 9 болуы тиіс Кейін қатарларды да осы ретпен нөмірлеп шығу. Жұппен басқа сандардың орнын тауып қою.

Ойлан

Құрастырған кестені қарап шығыңдар. Қандай сандар жазылған? 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10.

+

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

  • Бағанның нөмірін көрсет.
  • Қатардың нөмірін көрсет.
  • Сандар қалай орналасқан?
  • Қалай жаздыңдар? Сандардың орналасу ретінен не байқадыңдар? Сандардың бұлай орналасуын қалай қолдануға болады? Қандай ерекшелік байқадың? 1және 1 санының қиылысына қандай сан жазу кеерк? Неліктен 2? Жалғастыр

Қорытынды: мәндері ретімен орналасқан; келесі мән алдыңғы санға 1-ді қосқанға шығады

Сергіту сәті «Тұр қатарға, билейік»

2.(ТЖ) «Кім қайда тұрады?»

Әр жұппқа үйлердің суреттері мен А3 форматта қосу кестесі таратылады.

Тапсырма: өз үйіңді тауып жапсыр.

№1 топ

Полинаның үйі №6 баған, №2 қатар.

Санжардың үйі №5 баған, №3 қатар

Сафияның үйі №4 баған, №4 қатар

Меруерттің үйі №3 баған, №5 қатар

Дәриянің үйі №2 баған, №6 қатар

Өрнек құрастыр. Жаз, есепте.

№2 топ

Даниэльдің үйі №1 баған, №7 қатар.

Әдемінің үйі №2 баған, №6 қатар

Сабинаның үйі №3 баған, №5 қатар

Вадимнің үйі №4 баған, №4 қатар

Алуаның үйі №5 баған, №3 қатар

Өрнек құрастыр. Жаз, есепте.

№3 топ

Аленнің үйі үйі №2 баған, №7 қатар.

Ясминнің үйі үйі №3 баған, №6 қатар

Әділжанның үйі №4 баған, №5 қатар

Мединаның үйі №5 баған, №4 қатар

Захардың үйі №4 баған, №3 қатар

Өрнек құрастыр. Жаз, есепте.

№4 топ

Ангелинаның үйі №9 баған, №5 қатар.

Гүлбақыттың үйі №8 баған, №6 қатар

Адэлияның үйі №7 баған, №7 қатар

Әмірдің үйі №6 баған, №8 қатар

Мансурдың үйі №5 баған, №9 қатар

Өрнек құрастыр. Жаз, есепте.

- Не байқадыңдар?

Жасаған жұмыстарын тақтаға ілу, айтып беру.

  • Менің үйімнің нөмірі 9, т.с.с.

Қосудың демонстрациялық шаршы түріндегі кестесі

Қосудың шаршы түріндегі кестесінің сызбасы дайындалан А1 форматты парақ;

Әрбір оқушыға арналған жеке қосу кестесі;

Қосудың шаршы түріндегі кестесін құруға арналған қағаз

Слайд

Дидактикалық материал

Сабақтың соңы

5 минут

2 минут

Ө)Дәптермен жұмыс

+

5

6

7

5

10

6

12

7

14

Қосудың шаршы түріндегі кестесін пайдаланып, түсіп қалған сандарды 100-бет

кестеге жаз.

+

1

2

3

1

2

2

4

3

6

+

7

8

9

7

16

8

16

9

16

+

1

2

3

7

10

8

10

9

10

Қорытынды

- Айзере театрда отырғанда сендер қаншама тапсырма орындадыңдар!

- Біз не құрдық? Не істедік?

- Отбасының еккен алмалары қандай екен? Оны өздерің анықтайсыңдар.

Түсіндім – үлкен қызыл алма

Кішкене түсінбей қалдым – орташа сары алма

Түсінбедім – кішкене жасыл алма

Жұмыс дәптері

101-бет

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Басқаларға көмектесу.

Топ басшысы рөлін атқару

Қорытындыны дәлелдеу

Қосу кестесін пайдаланады, түсінеді, қолданады.

Жазу барысында партада дұрыс отыруды қадағалау

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу