2A бөлім – Сандарды 20 шегінде қосу және алу. Қосу кестесі. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді сабақ жоспары

Математика

Сабақ: Математика

Күні: 14.11.16

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К

Сабақтың тақырыбы: 2A бөлім – Сандарды 20 шегінде қосу және алу. Қосу кестесі.

Мұғалімнің аты-жөні: Сейсембаева С.И.

Сынып: 1B

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2 Сандармен оперциялар

Сабақтың мақсаттары

1.1.2.4 бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану

Тілдік мақсаттар

Заңдылық, реті, тізбек, келесі, алдыңғы, заңдылық құрастырыңдар, заңдылықты кеңейтіп, жалғастыру, одан кейін не? Заңдылық қайталанады ма? дегендерді қамтиды.

Құндылықтарды дарыту

Өзара сыйластыққа тәрбиелеу,жұппен жұмыс орындау арқылы достыққа,жолдастыққа тәрбиелеу Кесте бойынша қосу және азайту амалдарының нәтижесін анықтау дағдыларын жетілдіру, 20-ға дейінгі сандарды ондықтан аттап қосу ға байланысты бір таңбалы сандармен мысал құрастыра білу қабілеті

Пәнаралық байланыс

Сынып оқушыларының, сынып бөлмесіндегі заттардың санын анықтау барысында қазақтілі және әдебиеті пәнімен байланыс жүзеге асады.

Бастапқы білім

Оқушылар күнделікті өмірде немесе балалар бақшасында алған білім тәжірибесіне сүйенеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

(Ұ)Ұйымдастыру кезеңі. Санамақты бірге айту.

1) Санамақ

Бір дегенім – бесік,

Шықтық содан өсіп.

Екі дегенім – елім,

Далам, тауым, көлім.

Үш дегенім – үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім – төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім – бақыт,

Бағалайтын уақыт.

2) 1- 100 дейін тура санау. «Тоқта! Келесі оқушы» мұғалім нұсқауымен сандар қатарын жалғастыру.

3) Миға шабуыл. «Ия,жоқ»

1.  Бір аптада жеті күн бар. +

2.  Оқу жылы кыркүйектен басталады.+

3.  2 + 2 нің қосындысы беске тең. -

4.Қоянның екі құлағы бар.+

5.Үшбұрыштың екі бұрышы бар.-

4) Сұрақтарға жауап беру.

- Милена сенің отбасыңда қанша адам бар?

- Давыд сен неше жастасың?

-Силима сенің досың кім?

-Эмин сенің отбасыңда қанша ұл бала бар?

Санамақ,сұрақтар.

Сабақтың ортасы

30 минут

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

(Т,Ұ) Топпен жұмыс. Сыртқы және ішкі шеңбер.

Әр айналған сайын топтағы оқушыларға кезекпен жазған жауаптарын оқыту.

(Ж) Жеке жұмыс. Оқушылар екіні және үшті қосу кестесіне мысалдар орындайды.

Орындап болғаннан кейін, кейбір жұптағы оқушыларға дауыстап оқуларын сұрау.

(Т) Топпен жұмыс. «Отбасы мүшелеріне, досыма сыйлық»

Жақында қандай мейрам келеді?

1 топ. Жемістер әзірлеу

Алма – 5

Лимон – 2

Мандарин – 4

Банан – 3

Курма – 1

4+1

4+2

4+3

4+4

4+5

2 топ. Шыршаны әзірлеу.

Аққала – 6

Конжык – 10

Кызыл гул – 9

Ойыншык – 8

Көбелек – 7

4+6

4+7

4+8

4+9

4+10

3 топ. Гүлшоғын әзірлеу.

Раушан – 1

Қызыл раушан гүл – 2

Жауказын – 3

Күлгін раушан гүл – 4

Жапырак – 5

5+1

5+2

5+3

5+4

5+5

4 топ. Ыдыста тәтті салу.

Шоколад – 5

Тофикс - 6

Карамель – 7

Тас конфет– 8

Тас конфет – 9 (жасыл)

Ирис – 10

5+6

5+7

5+8

5+9

5+10

Таныстырылым

Екінің және үштің қосу кестесі

Карточкалар,маркер, 2-6 – дейін сандар жазылған текше.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия. Тақтада табиғат суреті шығады. Сабақ өте жақсы өтті деген оқушы оң жаққа, ұнамады деген оқушы сол жаққа шығады.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу