Геометриялық пішіндермен ойнаймыз және шығармашылықпен айналысамыз. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геометриялық пішіндер

Мектеп:

ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Көкшетау қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Геометриялық пішіндермен ойнаймыз және шығармашылықпен айналысамыз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.2.3 жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру;

Жетістік критерийлері

Жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыра алады.

Құндылықтарды дарыту

Шығармашылық пен еңбек

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

0-5 минут

Сабақтың ортасы

5-35

«Ертеңгілік шеңбер»

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік бәріңізге,

Құрметпенен біз!

(Т)Әр топтарға геометриялық пішінді беру. Топтың міндеті – жұмбақты шешіп, топ болып пішінді бейнелеу және осы пішін туралы оқушылардың осы уақытқа дейін оқығандарын түгел баяндау.

(Ұ) Геометриялық пішіндердің көмегімен суреттер салу мүмкіндігі туралы сұрау. Талқылаудан кейін бірнеше атақты көшірмелерді көрсету, мәселен, Василий Кандинский «Композиция 8», Хуан Грис «Мужчина в кафе», Богумил Кубишта «Пьеро». Суретшілердің қандай пішіндерді және қалай пайдаланғандықтарын қарастыру. Оқушылармен бірге сабақ барысында қол жеткізілуі тиіс мақсаттар мен сабақтың мазмұнын талқылау.

(Д)Оқушыларға салынған геометриялық пішіндері бар парақтарды таратып беру. Оқушылар бұл ретте шығармашылық қырынан танылуы керек – пішіндерге қосымша элементтерді салып, олардан заттар құрастыру қажет (мәселен, парақтарда екі шеңбер бар, оқушылар оларға элементтерді қосып, көзілдірік, аққала, екі доп және т.б. жасай алады).

Ең ерекше суреттерді таңдап алып, сыныпқа көрсету.

(Ж)Содан соң алуан түрлі, қағаздан қиылған геометриялық пішіндерді таратып беру. Оқушылар пішіндерден жаңа зат құрастырулары қажет (мәселен, қандай да бір жануар, үйшік, ағаш және т.б.).

4 төртбұрышты қосып бір төртбұрыш, 2, 4 немесе 8 үшбұрыштар, төрт тік төртбұрыштан тік бұрыш, 4 немесе 8 үшбұрыштар, 2, 4 немесе 8 үшбұрыштардан бір үшбұрыш құрастыруды ұсынуға болады.

Сергіту сәті

(Ө)Дәптермен жұмыс

«Автобус аялдамасы»әдісі бойынша сабақты қорыту

Шатық шеңбер

Кеспе суреттер

оқу құралдары

Кеспе сандар,тартқыш,қысқыш

Автобус суреті

Сабақтың соңы

35-40минут

Рефлексия:

- Сабақтан не алдың?

-Сабақ ұнады ма?

-Өзіңді «Бағдаршам» арқылы қалай бағалар едің?

жасыл –түсіндім

сары-сенімсізбін

қызыл-түсінбедім

Тірек сигналдар

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу