Түзулерді қарастыру. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: математика 1 С бөлім: «Геометриялық фигураларды зерттеу» Тақырып: Түзулерді қарастыру | Назарбаев Зияткерлік мектебі Талдықорған қаласы | |||||||||
1 сынып 1 тоқсан
| Мұғалімнің аты-жөні Құрмансеитова Р. М. | |||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | ГП1.2 Нүкте, сәуле, сынық сызықтар, тұйықталған, тұйықталмаған сызықтар, шекара, аумақ туралы ұғымдары бар, оларды ажыратады. | |||||||||
Сабақ мақсаты |
| |||||||||
Алдыңғы сабақта | Заттарды пішініне, көлеміне, түсіне, материалына, т.б. қарап негізгі қасиетін ажырата және салыстырып үйренді. | |||||||||
Тілдік мақсат | Сабақ барысында нүкте, сызық, сынық сызық,тұйық және тұйықталмаған сызық, аумақ және шекара сөздерін қолдану арқылы оқушылардың математикалық тілін дамыту. | |||||||||
Жоспар | ||||||||||
Белгіленген уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Дереккөздер | ||||||||
Кіріспе бөлім 5 минут Негізгі бөлім 30 минут Қорытынды бөлім 5 минут
| (Ұ) Көңілді шеңбер. Оқушылар шеңбер құра отырады. (М.Т) Оқушыларға ғарышқа саяхатқа шығатынымызды хабарлаймын. Оқушылар ұшуға дайындалады. /Ғарыш туралы әуен естіледі/ Балаларға сұрақтар қойылады. Интерактивті тақтадан ғарыш туралы бейнефильм көрсетіледі. - Балалар, сендер ғарыштан не көрдіңдер? - Жұлдыздар неге ұқсайды екен? - Түнгі аспанда жұлдыздар қалай көрінеді? Олар неге ұқсайды? /Балалардың жауабын тыңдау. Нүктеге ұқсайды деген тұжырымға тоқталу/ Оқушыларға ламинат тақтайшалар және латынның бас әріптері беріледі. Тақтайшаға балалар нүктелерді салады. Нүктелерді латынның бас әріптерімен белгілейді. В С А D -Балалар, сендер түнгі аспаннан жұлдыздардың құлағанын көрдіңдер ме? Сонда олардың артында не қалады? /Сызық қалады деген тұжырымға тоқталу/ Оқушылар өз нүктелерінің артына сызық сызады. (М.Т) Оқушыларға нүкте мен сызықтың ең қарапайым геометриялық фигура екенін және сызған сызықтарының тұйықталмаған сызық екендігін түсіндіру. (О.Т) Оқушыларға А нүктесінен В нүктесіне, одан кейін С нүктесіне ұшып барып, қайтадан А нүктесіне оралатынымызды айтамын. Балалар ұшып өткен жолдың сызығын жүргізеді. Түзу сызық сыздық деген тұжырымға тоқталады. (М.Т) Ол сызық қандай болып шықты? Мұндай сызық тұйықталған деп аталады. Біз оны А нүктесінен бастадық та қайтадан А нүктесіне қайтып орап сызып әкелдік. Бұл сызықтың басы да, аяғы да жоқ. (Т) Әр топқа түрлі түсті жіптер беріледі. Оқушылар жіптерден нүкте, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар жасайды. (Қ) №61 жұмыс парағындағы тапсырманы орындау. Тұйықталған сызықтарды қызыл түспен, тұйықталмаған сызықтарды көк түспен қоршап сыз. Нүктелерді әріптермен белгіле. (Ж) (О.Т) Оқушылар өз жұптарымен сынып кеңістігін зерттейді. Сынып бөлмесінен нүктеге, сызықтарға ұқсас заттарды, суреттерді іздеп, талқылайды. Олардың неге ұқсайтынын айтады. Төмендегі сұрақтарға жауаптар іздейді. - Бұл сызық қалай аталады? - Сыныптан және мектеп ауласынан қандай сызықтарды көруге болады? - Тұйықталған сызықтың тұйықталмаған сызықтан қандай айырмашылығы бар? - Қандай сызықтар сызғыштың көмегімен салу ыңғайлы? (Ұ) Ойын «Орнын тап» Оқушыларға үш тілді фигуралардың атауы жазылған тірек сөздер беріледі. Тақтаға маркермен нүкте, түзу сызық, тұйықталған сызық, тұйықталмаған сызық бейнеленеді. Осы кезде салған фигураға қатысты сөз жазылған кеспе қағазы бар оқушылар сол фигураның қасына барып, атауын іледі. /Сөйлейтін қабырға жасайды/ сызық – линия – line; қисық сызық – кривая – curve; тұйықталған сызық – замкнутая – closed line; түзу – прямая – straight line; нүкте – точка – point; тұйықталмаған сызық – незамкнутая – open line. (Ж) (Қ) Оқушыларға түрлі түсті жіптер беріледі. Олар осы жіптерден табиғатты бейнелеп көрсетеді. Табиғаттағы заттар қандай сызықтарға ұқсайтынын айтады.
| https://www.youtube.com/watch?v=e-WkbESBRTY
Әр оқушыға арналып тірек сөздер жазылған кеспеқағаз; • маркерлер; • ламинатталған тақтайшалар немесе А3 форматтағы қағаз парақтары.
Тірек сөздер Түрлі түсті жіптер | ||||||||
Дифференциация - сіз қалай көбірек қолдау беруді жоспарлайсыз? Басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз? | Бағалау – оқушылардың оқуын қалай тексермексіз? | Пәнаралық байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік тексерісі АКТ байланыстары Құндылықтар байланысы | ||||||||
Оқушыларға қолдау көрсету үшін әр жауаптарына қол шапалақтау арқылы мадақталады. Қабілетті оқушылар топпен және жұппен жұмыс кезіндегі тапсырмаларды басшылыққа алады. | Қорытынды бөлімде оқушылардың нүкте мен сызықтарды ажыратуы; түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған сызықтарды айыра білуі; түзу, қисық, тұйықталған, тұйықталмаған сызықтарды салуы бағаланады. Сынып кеңістігін зерттеу кезінде әртүрлі нүктелер мен сызықтарды көрсете отырып, сұрақтар қойылады. | Сабақ Ғылымға кіріспе пәнімен байланысты, өйткені кіріспе бөлімінде оқушылар ғарышқа саяхат жасайды. Өнер пәнімен байланысты, өйткені жіптермен әртүрлі фигуралар жасап, табиғатты бейнелейді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?