Заттардың агрегаттық күйі. Химия, 7 сынып, дидактикалық материал.


Заттардың агрегаттық күйінің өзгерісі

Заттардың агрегаттық күйінің өзгеруін табиғат құбылыстарынан бақылай аламыз.Суқойта суқоймаларда сулар қатып, қайтадан мұзға айналады. Көктемде қайтадан сұйықтыққа айналады. Заттар бір агрегаттық күйден екіншіге өтуі кезінде заттардың молекулалары өзгереді ме?Мысалы, су молекуласы мен мұз молекуласының арасында айырмашылық бар ма? Әрине жоқ. Молекулалар өзгеріссіз қалады. Олардың тек кинететиклық энергиясы өзгереді, сәйкеше заттардың қасиеттері де өзгереді.

ІӘр түрлі агрегаттық күйдегі заттардың молекулаларының сипаты мен қозғлысы төмендегі кестеде көрсетілген.

Заттың агрегаттық күйі

Заттардың қасиеттері

Бөлшектер арасындағы айырмашылық

Бөлшектердің өзара әрекеттесуі

Қозғалыс сипаты

Орналасу реті

Газ

Пішіні мен көлемін сақтамайды

Бөлшектердің өлшемінен жоғары

Әлсіз

Хаостық (тәртіпсіз) үзіліссіз. Бос қозғалады, кейде соқтығысады

Тәртіпсіз

Сұйықтық

Пішінін сақтамайды, көлемін сақтайды 

Бөлшектердің өлшемдерімен салыстырмалы

Күшті

Бір орыннан екінші орынға секірмелі түрде, тепе теңдік қалыпта тербеледі

Тәртіпсіз

Қатты дене

Пішінін және көлемін сақтайды

Бөлшектердің өлшемімен салыстырғанда аз

Өте күшті

Тепе теңдік қалпында бір орында үздіксіз тербеледі

Белгілі тәртіппен

  •  Заттардың агрегаттық күйінің өзгерісі болатын алты процесс бар. Заттардың қатты күйден сұйық күйге ауысуы балқу деп аталады. Керісінше процесс – кристалдану деп аталады. Сұйық күйден газ күйге ауысу – булану деп, ал газдан сұйық күйге өту – конденсация деп аталады. Қатты күйден газ күйге ауысу – сублимация, ал кері процесс – десублимация.
  • 1. Балқу
  • 2. Кристалдану
  • 3. Булану
  • 4. Конденсация
  • 5. Сублимация
  • 6. Десублимация

Бұл алмасуларды біз күнделікті өмірде көріп жүрміз. Мұз еріп су түзеді, су буланып, бу түзеді. . Кері бағытта бу, конденсацияға ұшырап, қайтадан суға, су қайта қатып, мұзға айналады. Сублимация және десублимацияда бізге таныс. Кез келген қатты заттың иісі сублимация болып табылады. Моекула бөлшектері денеден бөлініп, біз иіскей алатын газға айналады. Ал қарама қарсы процеске мысал – қыста әйнектерден көрінетін өрнектер. Бұл ауадаңы булардың қатып, әйнектерде түрлі өрнект түрінде көрінеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?