Ұлықбек Есдәулет «Біз түркілерміз» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Аңызбен өрілген көркем сөз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ұлықбек Есдәулет «Біз түркілерміз» өлеңі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/Ж 10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану.

 Сабақ мақсаттары

Шығарма үзінділерін шығармашылық жазба жұмысын жазу барысында қолдану.

 Бағалау критерийлері

Жазба жұмысында өлеңнің сөз тіркестерін міндетті түрде қолданады.

 Құндылықтарды дарыту

  • Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

• Құрмет пен ынтымақтастық

• Еңбек және шығармашылық

• Ашықтық

• Академиялық шыншылдық

• Өмір бойы білім алу

• Әлемдік азаматтық

 АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар интербелсенді тақта арқылы Abai.kz ақпараттық порталынан мақала оқиды, тапсырмаларды презентацияны көру арқылы орындайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Амандасу. Түгендеу.

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Сабақтың

ортасы

7 минут

5 минут

20 минут

1-тапсырма.

Оқушылар Abai.kz ақпараттық порталынан Рамазан Құрманбаевтың «Итке итаяғы, бөріге бостандығы қымбат» тақырыбындағы мақаласынан үзінді оқиды.

Ерте заманнан жеткен  аңызда: «Көрші елдермен болған алапат соғыста жаулары түркілерді тегіс қырып салады да, жараланған бір баланы  қасқырдың ұрғашысы асырап алып, бала аман  қалады». Сөйтіп түз тағысы ұлттың сақталып, ұрпақтың жалғасуына себепші болған екен. Сондықтан түркі тектес халықтар өздерін Көк Бөріден тарағанбыз деп, қасқырды кие тұтып, қасиетті аң санайды.

Нағыз көкжал қасқыр қауіп төнгенде ұяластарын құтқару үшін: «Құтылу маған серт, құтқармау саған серт» деп қуғыншылармен іштей серттесіп, аңшыларға көріне жортады екен, сабаз. Басқа аңдардың бәрі тамақ берген адамның дегеніне көніп, құлқынның құлына айналады. Тек қасқырлар ғана қолға үйренбейді. «Итке итаяғы бөріге бостандығы қымбат» деген содан қалған. Әртүрлі аңыздар -өрлігіне ерлігі сай келіп, күштіге бас имейтін, төзім мен ептілігі қатар жүретін, әділетсіздікке төзбейтін, ешкімге кегін жібермейтін қасқырдың қасиеттері ұрпағына жұғысты болса екен деп тілеген бабаларымыздың  арман-қиялынан туса керек.

Ұлықбек Есдәулеттің «Біз түркілерміз» өлеңінің алғашқы шумағы туралы түсініктерін айтады, оқылған мақаламен байланыстырып пікір білдіреді. Қазақтың мінезді, сертіне берік, ержүрек жігіттері туралы әңгімелеседі.

Біз - түркілерміз...

Көк аспандай жарқылдап, күркірерміз,

Көк аспанның бұлтындай сілкінерміз,

Көк бөріден туғанымыз рас болса,

Көк тәңірден қуат ап, бір түлерміз.

Дескрипторлар:

  • Мақаланы түсініп оқиды, пікір білдіреді;
  • «Біз түркілерміз» өлеңімен байланыстырады.

2-тапсырма.

Сіз «Астана» концерт залында отырғаныңызды елестетіңіз. Сахнаға бір жас жігіт шығып, Ұлықбек Есдәулеттің «Біз түркілерміз» өлеңін оқыды. Концерт залының атмосферасынан, өлең оқыған жігіттің мәнерінен алған сезіміңізді жеткізіңіз. Жазба жұмысында өлеңнің сөз тіркестері міндетті түрде қолданылуы шарт.

Дескрипторлар:

  • Тапсырмада шығармашылық тәсілдемені өте жақсы қолданады, аудиторияны толық тарта біледі;
  • Құрылымы сәйкес және қатаң сақталған;
  • Оқырманға ерекше әсер ету мақсатында көркем тіл құралдарын өте жақсы қолданады.

Бағалау

Әр тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар бір-бірін дескрипторлар бойынша бағалайды.

https://abai.kz/public/post/80361

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс.

«Не жақсы?»

  • Сіз өз жұмысыңыздың «жақсы» екенін анықтай аласыз ба?
  • Сіз әрқашан бұдан әрі қарай не істеу қажет/не туралы ойлау қажет екенін білесіз бе?
  • Нені «жақсы» жұмыс деп айтуға болады?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу