file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Ұлықбек Есдәулет «Біз түркілерміз» өлеңі. Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Аңызбен өрілген көркем сөз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ұлықбек Есдәулет «Біз түркілерміз» өлеңі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Б/С 10.3.1.1 - шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау.

 Сабақ мақсаттары

Шығарманы мазмұндас туындылармен салыстыру, құндылығын бағалау.

 Бағалау критерийлері

Өлеңдерді салыстырып талдайды;

Көркемдік құндылығын бағалайды.

 Құндылықтарды дарыту

  • Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

• Құрмет пен ынтымақтастық

• Еңбек және шығармашылық

• Ашықтық

• Академиялық шыншылдық

• Өмір бойы білім алу

• Әлемдік азаматтық

 АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар интербелсенді тақтадан көру арқылы тапсырмаларды орындайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Амандасу. Түгендеу.

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, сабақ мақсаты, бағалау критерийлері таныстырылады.

Сабақтың

ортасы

15 минут

15 минут

1-тапсырма.

Оқушылар Асхат Қылышбектің «Біз қазақпыз» өлеңі (әуенін қосып тыңдатуға болады) мен Ұлықбек Есдәулеттің «Біз түркілерміз» өлеңін түсініп оқиды.

  • Асхат Қылышбек пен Ұлықбек Есдәулеттің арасында шығармашылық байланыс барма?

«Венн диаграммасы» арқылы салыстыру.

Дескрипторлар:

  • Өлеңдерді салыстырып талдайды;
  • Ұқсастығы мен айырмашылықтарын таба алады.

2-тапсырма.

«Пирамидалық талқылау» стратегиясына сүйеніп, екі автордың өлеңдері бойынша білім жинаңыз.

Шарты: оқиғадағы әрекеттерді пирамида түрінде жазып шығу керек.

Қадамдары:

  • Негізгі кейіпкер, тақырыбы. 1 сөз не сөз тіркесі
  • Тақырыпты ашу (жасы, мінезі, сапасы, сырт тұлғасы) 2 сөз не сөз тіркесі
  • Оқиға орны (қоғамдық ортасы, оқиғалар қайда өтеді?)
  • Мәселе тарихы (мысалы: қаржы, жоқшылық, кездейсоқтық)
  • Бірінші оқиға (көтерілген мәселелер)
  • Екінші оқиға (кейіпкерге не болды? қоршаған орта ықпалы)
  • Үшінші оқиға (мәселені шешу үшін жасалған әрекеттер туралы)
  • Шешімі. 8 сөз не сөз тіркесі

Дескрипторлар:

  • Оқиғадағы әрекеттерді пирамида түрінде тізбектеп жазады;
  • Екі автордың көтерген мәселесін дәлелдей алады;
  • Көркемдік құндылығын бағалайды.

Бағалау.

Әр тапсырманы орындағаннан кейін оқушылар бір-бірін дескрипторлар бойынша бағалайды.

https://matinder.kz/song/toktar-serikov/biz-kazakpyz

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 26 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу