Қырсық балаларға 10 амал
Қазір көшеде баласымен алысқан ата-ананы жиі көріп жүрген боларсыз. Сол балаларға ұрысқанымыз үшін, жұрттың көзіне нашар ана болып сақталып қаламыз. Сіздердің де балаларыңыз сондай ма?
Білесіз бе, балалар өте ақылды. Өйткені олар қырсығып, мінез көрсетсе айтқанын орындататынын өте жақсы біледі. Жылауы мен айқайын басу үшін сіздерге мына 10 кеңесті ұсынғым келеді. Сізде өз тәжірибеңізден өткізіп көріңіз.
1. Бала көшеде қырсығып, жылай бастаса да өзіңізді сабырлы ұстаңыз. Сосын, бірден үйге қайтуға тырсыңыз. Себебі балаға, «егер өзіңді дұрыс ұстай алмасаң, үйде отыр!» дегенді ұғындыру керек. Оның әрекетінің дұрыс емес екенін қысқа әрі нақты айтыңыз.
2. Дауыс көтермей, ақырын сөйлеңіз. Сонда бала да тыныштала бастайды.
3. Үйде бала атқаратын қандай да бір тапсырма, жұмыс беріп үйретіңіз. Оны бірге атқарасаңыздар да артық етпейді, сол кезде бала жауапкершілікті сезіне бастайды. Өзіне сенімі қалыптаса бастайды.
4. Ешқашан оны келеке етіп сөйлемеңіз! Бұл арқылы балаңыз екеуіңіздің арадағы қатынасқа сызат түсіресіз. Тіпті, психологиялық соққы жасауыңыз да мүмкін.
5. Бала үйде қырсығып, айтқанын істетпек болса назар аудармаңыз. Айналып, толғанып немесе керісінше дауыс көтеріп қажет емес. Жәй ғана көңіл бөлмеңіз, болды. Ал, сіз оған назар аударған сайын ол қырсықтығын үдете түседі.
6. Балаға егер қырсығар болса, оның айтқаны болмайтынын ескертіп қойыңыз.
7. Бірақ, оны қорқытудың қажеті жоқ. «Қазір үйге баршы, сабаймын» болмаса, «Бүкіл кешті құрттың» деп байбалам салмаңыз.
8. Үнемі көңілді болуға тырысу керек. Баланың әрбір жеңесін байқап, мадақтап отырғаныңыз жақсы.
9. Баламен салғыласушы болмаңыз! Өзіңізді биік ұстаңыз, сонда бала да сізді силайтын болады.
10. Кішкентайлармен саудаласуды доғару керек.
Бұл қағидалар тым қарапайым болуы мүмкін, бірақ біз атқара бермейміз. Солай ғой, иә? Бұдан кейін, осыларды есте ұстаңыз. Балалар біздің жалғасымыз, олардың тәрбиесіне жеңіл қарай салуға болмайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?