Сыйымдылықты қалай өлшейді? Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқамерзімді жоспары

Сабақ: Математика

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К

Сабақтың тақырыбы: Сыйымдылықты қалай өлшейді?

Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.3.1 ** шамаларды ажырата білу: ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық)/уақыт; өлшеу үшін шамалар мен құралдарды таңдау; өлшем жүргізу

1.1.3.2 ** өлшем бірліктерін пайдаланып, шамаларды өлшеу: см, дм/кг/л

Сабақтың мақсаттары

Заттарды массасы бойынша салыстыру. Массаны өлшеу.

Тілдік мақсаттар

• сыйымдылық, мөлшер, көлем

  • ... қарағанда үлкен, .... қарағанда кем, тең, шамамен, жуық
  • • салыстырыңыз, тексеріңіз, салыстыра отырып, тестілеңіз, көрсетіңіз.

Құндылықтарды дарыту

Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Сынып оқушыларының, сынып бөлмесіндегі заттардың сыйымдылығын анықтау барысында қазақ тілі және әдебиеті пәнімен байланыс жүзеге асады.

Бастапқы білім

Сандарды білу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • минут

5-5-тен 50-ге дейін тура санау.

Жұлдызқұрт

http://www.topmarks.co.uk/ordering-and-sequencing/caterpillar-ordering

Кеудеше

http://БББ.topmarks.co.uk/maths-games/7-11-years/ordering-and-sequencing-numbers

(Қ) Дәптерге сан сәулесі бойынша жазу.

Сабақтың тақырыбы: Сыйымдылықты қалай өлшейді?

Сабақтың мақсаты: ұзындық/масса/көлем (сыйымдылық) шамаларын ажырата білу; өлшеу үшін шамалар мен құралдарды таңдау; өлшем бірліктерін пайдаланып, шамаларды өлшеу: л

Көлемді фигураларды номерлері бойынша анықтау. / шар, цилиндр, параллелепипед, конус, пирамида, призма /.

-Ал, балалар, осы фигуралар не себепті көлемді фигуралар деп аталады?

Ия, себебі, олардың көлемі бар.

http://БББ.topmarks.co.uk/maths-games/7-11-years/ordering-and-sequencing-numbers

Сабақтың ортасы

30 минут

Ал, балалар, мына жерде ыдыстар тұр. Осы ыдыстардың формалары қандай геометриялық фигураларға ұқсайды?

  • Сендер бұл ыдыстарды қайдан көріп жүрсіңдер?
  • / Сүт, шырын, сұйық май, бензин, су, /
  • Сұйық заттарды осындай көлемді ыдыстарға құямыз. Сұйық заттардың өз формалары жоқ. Қандай ыдысқа құйсақ, сол ыдыстың формасы сияқты болады.
  • Қане, тәжірибе жасап көрейік./ Су алып, әр түрлі ыдыстарға құйып көрсету./

-Енді осы сұйық заттың ыдысқа сыйымдылығы 1 литр бірлігімен өлшенеді. 1 литр қысқаша 1л деп жазылады. Литрмен ыдысқа құйылған сұйықтықтың мөлшерін, яғни көлемін өлшеуге болады.

Мынау 1л ыдыс. 1л мөлшері осындай болады. Енді мына ыдыстар 1литрден артық па, әлде кем бе?

Ыдыстың сыртынан қарағанда формасы әр түрлі, бірақ сыйымдылығы бірдей болуы да мүмкін.

  • Осы сынып бөлмесінен қандай ыдыстарды көріп тұрсыңдар? Ең үлкен ыдыс қайсысы, ең кіші ыдыс ше?

1.Топтық жұмыс

Банкалардың сыйымдылығын анықтау.

1л, 2л, 3л банкаларды өлшеу.

2л тетрапакетті анықтау.

2. Шырын ыдысын өлшеу.

  • Мына шырын ыдысы неше литр болады деп ойлайсыңдар?

3.Күнделікті біздің сынып оқушыларына асханада қанша литр шырын беріледі?

Оқулықпен жұмыс /72-73-бет./

Дәптермен жұмыс

Ойын «Дүкенде»

Қалыптастырушы бағалау

Қорытындылау

Мұғалім: Өлшем бірліктерін айтады. Дм, кг, л

Оқушылар: сәйкес өлшеу құралын көрсетеді.

1 2 3

  • Қандай өлшем бірлігімен өлшейміз?

Дүкеннен конфет алсақ?

Бойымыздың ұзындығын?

Өзіміздің салмағымызды?

Сүт сатып алсақ?

Терезенің биіктігін өлшесек?

Еденнің ұзындығын?

Қымыз сатып алсақ?

Қияр сатып алсақ?

Машинаға бензин құйсақ?

Күріш сатып алсақ? ...

Үйге тапсырма

Көлемі 1 литр болатын, пішіндері әртүрлі тетрапакеттер, сусынның ыдысы, шырынның қорабы, бөтелкелер.

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия

Қосымша ақпарат

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Санауға, цифрларды жазуға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

Оқушылардың топтық жұмысқа қатысын бақылау арқылы бағалау. Өлшем бірліктерін / дм, кг, л / және сәйкес өлшеу құралын таңдауда киналатын оқушыларды жазып алу.

Сергіту сәтін өткізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу