Ұ.Есдәулетов «Біз - түркілерміз». Қазақ әдебиеті, 10 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Бөлім: Аңызбен өрілген көркем сөз | Мектеп: | ||||||||||||||||||
Мерзім: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||||||
Сынып: 10 ҚГБ | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Ұ.Есдәулетов «Біз - түркілерміз» | ||||||||||||||||||
Сабақта жүзеге асырылатын мақсаттар (Оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.4.1 Шығарма үзінділерімен жұмыс 10.1.4.1 - көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру | ||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылардың барлығы көркем шығармалардан алған үзінділермен жұмыс жасайды. Оқушылардың көбі көркем шығармалардан алған үзінділерді өзекті мәселелермен байланыстырады. Оқушылардың кейбірі көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстырады | ||||||||||||||||||
Бағалау критерийі | Ұ.Есдәулетовтің «Біз түркілерміз» өлеңінен алынған үзінділерді ғаламдық мәселелермен байланыстырады | ||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Сөздер мен сөз тіркестер: мәңгүрт, рухани мәңгүрт, сана-сезімнің рухани катаклизмі, адамгершілік, ұлттық трагедия, т.б. Пән лексикасы және терминология: роман, ғаламдық тақырып, Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша...., мен оны былай түсіндіремін....., себебі....., оған мынандай дәлел келтіре аламын...., мәселенің шешу жолдарын ұсынар болсам,...., қорыта келе,....... | ||||||||||||||||||
Құндылықтар | гуманизм, биік адамгершілік | ||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | тарих, қазақ тілі | ||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Ш.Айтматов «Боранды бекет» романы | ||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||
Жоспарлан ған сабақ кезеңдері | Жоспарланған жұмыс түрлері | Ресурстар | |||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 6-8 | Қызығушылықты ояту Суреттер толғайды Оқушылар тастарға қашалып салынған суреттерге қарап, төмендегі сұрақтарды талқылай отырып жауап береді. Үлгі сұрақтар: Суреттердегі таңбалар, петроглифтар сізге қандай ой тастайды? Суреттерді біздің тарихымызбен байланыстыруға бола ма? Осы суреттер сізді шабыттандыра ма? Шабыттандырса, онда қалай? Бір шумақ өлең немесе толғау, т.с.с. Сабақ тақырыбы мен мақсатын талқылайды. |
| |||||||||||||||||
Сабақтың ортасы
9-15 16 - 24 25 – 32 33 - 36 | Мағынаны тану С. «Сезімдер алгоритмі» әдісі Оқушылар Ұ.Есдәулетовтің «Біз түркілерміз» өлеңін мәнерлеп оқып, сезімдерімен бөліседі. 1. Өлеңнің атына қараңыз.
2. Өлеңді оқып танысқаннан кейін не өзгерді?
Т. «Мағынасы қандай?» әдісі Оқушылар топта «Біз түркілерміз» өлеңін іріктеп оқып, астарлы ойды ашады. 1.Мәтінен оқырманға әсер ететін сөздерді анықтаңыз. 2. Өзгеше қолданылған сөздерді анықтаңыз. 3. Тақырыпқа не идеяға қатысты сөздерді анықтаңыз. 4. Авторды толғандыратын мәселелер қай шумақта беріледі? Сіз анықтаған сөздер мен шумақтардағы ойлардың астарлы мағынасын ашыңыз. ЖЖ. «Еркін талқылау» әдісі Оқушылар топ ішінде жұпқа бөлініп тапсырманы орындайды. Әр топтағы жұптар алғаш өз тапсырмалары бойынша ойларын ортаға салады. Кейін басқа топтағы сәйкес жұптармен бірігеді. 1-жұп. Кеудемізді билеген асқақ арман, Тарихымыз дастан боп таста қалған, Тірсегіміз тілінген кездерде де Жан жүректі жерім жоқ жасқа малған,- деген тармақтарда өрнектелген ақындық рух па әлде халық үні ме? Осы сезімді бүгінгі жастар әрекетімен байланыстырып айтыңыз. 2-жұп. Ақын өлеңінде көтерілген мәселе тәуелсіздікті тұғырлы ету ме әлде дербестікке деген ұмтылыс па? Ойыңызды бүгінгі өмірмен байланыстырып айтыңыз. 3-жұп. Өлеңдегі қай мәселе бүгінгі таңда өзекті деп ойлайсыз? Мәселені ғаламдық мәселелермен байланыстырып айтыңыз. Топтық бағалау.
| презентация Ұлықбек Есдәулетов Біз - түркілерміз | |||||||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 |
| ||||||||||||||||||
Дифференциацияны, берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушылардың алдына қандай міндеттемелер қоясыз? | Сіз оқушылардың сабақ барысындағы білім деңгейін Бағалау үшін қандай әдіс-тәсілдерді пайдаланасыз? | Техника қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтау | |||||||||||||||||
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, оқу материалдарын таңдау және ресурстармен жұмыс жасауда оқушының жеке қабілетін ескеріп, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады. Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады. | Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдалан ыңыз. | Денсаулықты сақтау технологиялары. Белсенді әдіс-тәсілдер мен сергіту жаттығулары. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?