«0 саны және цифры». Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 22.09.2015ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н. З.

Сынып: 1А

Қатысқандарсаны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

«0 саны және цифры»

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.7 0 саны туралы және оның сандық кесіндідегі орны туралы білу

Сабақ мақсаттары

0 саны туралы түсінік қалыптастыру, сан қатарындағы орнын анықтау және жазып үйрену.

 Жетістік критерийлері

0 саны бос жиын болатын нысандар санын көрсететінін түсінеді; 0 санының орнын сан түзуінде таба алады; 0 цифрын жаза алады.

 Тілдікмақсаттар

Алдыңғы, сан түзуі, келесі, түсіп қалған сан, сан, цифр.

 Құндылықтарды дарыту

Ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Сынып оқушыларының цифрларды пернетақтадан тауып, жазу барысында АКТ пәнімен байланыс, ал тірек «келесі», «алдыңғы» т. с. Сөздерді пайдаланып ауызша сөйлеу барысында қазақ тілі пәнімен байланыс жүзеге асады.

 АКТ қолдану дағдылары

0 цифрын пернетақта арқылы жазып көреді.

Бастапқы білім

Оқушылар күнделікті өмірде немесе балалар бақшасында сандар ретімен санауды, цифр мен сан туралы білу тәжірибесіне сүйенеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Шаттық шеңбері

Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік! Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік! Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік! Күлкі көңіл ашады, Күліп өмір сүрейік!

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушыларды сабақтың оқу мақсатымен таныстыру.

Үлкен цифрлар жазылған карточкалар

Сабақтың ортасы

) Сандар жазылған карточкаларды көрсету үшін жіптерді, тізбектерді қолдану. Санды экранға орналастырыңыз және «Келесі қай сан? Алдыңғы сан қандай? деген сұрақ қойып, сандық сәуледе келесі санды таңдату.

(ЖЖ) 0-дан 9 –ға дейінгі сандарды домино тастарының белгісіне сәйкес орналастыр.

) «Құпиялы қап» ойыны.

5 ойыншықты қапқа салу, аузын байлап, ішінде неше ойыншық бар екенін болжату. Оқушыларға бір-бірден алғызып, қыстырғышпен жіпке ілгізу.

  • Қазір қапта неше ойыншық бар?
  • «Жоқ» дегенді сан түзуінде қалай көрсетуге болады?
  • Жоқ болса, қалай атауға болады?

(МК) Сандарды тура және кері ретпен сана.

Сандарды сан түзуінде орналастыр. 0 цифрының жазылуын көрсету. Сан түзуіне орналастыру.

Сан түзуінде нөл саны 1 санының алдында тұратындығын оқушыларға түсіндіру.

0 санын «нөл» деп айтады. Нөл заттың жоқ екенін білдіреді.

Тірек сөздермен таныстыру

Нөл- ноль -Тірек сөздермен таныстыру

Нөл- ноль -zero.

) «Әуе шарлары» тапсырмасы.

Оқулықтың 37 -бетіндегі сурет бойынша әңгімелеу.

- Баланың қолында қанша шар бар?

- Баланың қолындағы шарларға не болды?

- Соңында неше шар қалды?

Шар қалған жоқ. 0 шар

«Шығарып көр» тапсырмасы

Бос себетте қанша алма бар?

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ ,

 Сол қолымда бес саусақ

Қосып едім  екеуін,               

 Болып шықты он саусақ

Дәптермен жұмыс. (30б)

1-тапсырма

Сан түзуіндегі түсіп қалған сандарды жаз.0 санын қоршап сыз.

2-тапсырма

Бұтақтарға сандарға сәйкес жапырақтар сал.

3-тапсырма

0 цифрын жазып үйрен.

Қыстырғыштары бар жіп 0-10-ға дейінгі сандар жазылған үлестірме қағаздар;

Сәйкестікті табуға арналған домино ойыны;

Матадан жасалған қап;

5 кішкентай ойыншық;

Қазақша, орысша, ағылшынша сандар атауы жазылған карточкалар

https://www.youtube.com/watch?v=fSf0hyknTIE

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушыларға қойылатын сұрақтар:

  • - Егер барлық алмаларды жеп қойсаң, сенде неше алма қалады?
  • - 0 (көрсетіп) саны нені білдіреді?
  • - 0 (көрсетіп) қалай аталады?

- Нені білдім? Нені үйрендім?

- Нені толық түсінбедім ?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Санауға, цифрларды жазуға қиналатын оқушыға дербес қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушыларды санауға қиналатын оқушымен жұптастырып санауды тапсыру.

Оқушылардың тура және кері ретпен санағандарын, санның орнын дұрыс анықтай алуларын, заттың санын цифрмен сәйкестендіре алалатынын бақылау арқылы бағалау. Санауға киналатын оқушыларды белгілеп алу, көмектесу жолдарын ойластыру.

Сергіту сәттерін өткізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу