10 саны және цифры. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Сандарды жазу

Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 23.09.2015ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н З

Сынып: 1А

Қатысқандарсаны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

10 саны және цифры

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.1.3 Санның ірі бірлігі- ондық туралы білу, 0-ден 100-ге дейін ондықтармен санау;

Сабақ мақсаттары

Екі таңбалы сан ұғымын білу; 10 санының орнын сан түзуінде табу; 10 санының құрамын анықтау;10 цифрын жазу.

 Жетістік критерийлері

Бір таңбалы және екі таңбалы сандарды ажырата алады; 10 санының орнын сан түзуінде таба алады; 10 санының құрамын анықтай алады; 10 цифрын жаза алады.

 Тілдікмақсаттар

Бір таңбалы, екі таңбалы, реті, алдыңғы, сан түзуі, келесі, түсіп қалған сан, сан, цифр.

 Құндылықтарды дарыту

Топта бірлесіп жұмыс істеуге қалыптасады

 Пәнаралық байланыстар

Сынып оқушыларының цифрларды пернетақтадан тауып, жазу барысында АКТ пәнімен байланыс, ал күз жайлы әңгіме жүргізу барысы дүниетану пәнімен байланыс.

 АКТ қолдану дағдылары

10 цифрын пернетақта арқылы жазып көреді

Бастапқы білім

10-ға дейін ауызша санау дағдылары қалыптасқан, сан түзуі туралы түсінігі қалыптасқан, сан құрамы туралы біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Шаттық шеңбері.

Қол алысып қане біз, Достасайық бәріміз. Қайырлы күн жер Ана! Қайырлы күн достарымСіздерді көргеніме қуаныштымын.

Оқушылардың зейінін шоғырландыру; оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

Бүгін сабақта 10 санымен таныысамыз, 10 саны құрамын білетін боламыз.

Сабақтың ортасы

(Ұ) Күзгі бақ туралы әңгімелесу. Жеміс жинау.

- Қанша ағаштың жемісі жиналған?

- Барлығы қанша ағаш?

- Қанша алма ағашының жемісі жиналмаған?

-10 санын қалай шығарып алуға болады?

10 санының басқа сандардан қандай айырмашылығы бар?

1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0- бір таңбалы сандар.

Неліктен бір таңбалы сандар деп аталады?

(МК) 10 санымен жұмыс жүргізу. (2-3 слайд)

Сан түзуіндегі сандарды санату.10 санының сан түзуіндегі орнын көрсету.

Он саны- екі таңбалы сан.Ол екі цифрмен жазылады. Сан түзуінде 10 санының сол жағында бір таңбалы сандар, оң жағында екі таңбалы сандар орналасады.

Тірек сөздермен таныстыру

Он-десять-ten

Екі таңбалы сан- двузначное число-two digit number

Бір таңбалы сан- однозначное число- one digit number

(Ұ) 10 санына байланысты мультфильм тамашалау.

10 саны туралы не білуге болады? Назар аударыңыдар.

Сонымен, 10 саны неше таңбалы санға жатады?

  • - Неліктен?
  • -Бір таңбалы сандарды атаңдар. Оларды неліктен бір таңбалы сандар деп атайды?
  • -10 санының алдында қай сан бар? Ол сан түзуінде 10 санның оң жағында ма, әлде сол жағында ма?
  • 10 санын қалай алуға болады?
  • 10 сан натурал сан ба?
  • Неліктен натурал сан деп ойлайсыңдар?

(Ұ) Суретте барлығы қанша сан бар? (4 слайд)

Бір таңбалы және екі таңбалы сандарды анықтау.

(ТЖ) Қанша жеміс бар?

Құрамы бес оқушыдан топ құру. Барлығы жемісті 10 данадан жинайтынын айту. 1-алша, 2-өрік, 3- алмұрт, 4-алма, 5-банан санап, 10-ға дейін толықтырады.

(Ж) Шығарып көр

Санды 10-ға дейін толықтыр.

Сұрақ белгісінің орнына қандай санды қоямыз?

Сергіту сәті

Аяқпенен топ, топ, топ,Алқымменен лоп-лоп-лоп,Бір оңға, бір солға,Тәж)

Домино тастары арқылы 10 санын шығару

Домино тасының екі жартысында да, нүктелер саны 10 болатындай етіп теріп алу керек. Мысалы 5 пен 5, 6 мен 4 т. с.с

Дәптермен жұмыс. (31б)

  • Сан түзуіндегі сандарды жазу.

Сан түзуінде 1-ден 10-ға дейінгі сандарды орналастыру және 10 санының орнын анықтау.10 санын айналдыра қоршау.

  • Әрбір қапта 10 көкөніс болатындай етіп, суретті толықтырып сал.

Суреттегі берілген әр қаптағы көкөністі санау, содан кейін әр қаптағы көкөністің саны 10 болу үшін жетпей тұрған көкөністі салу.

Уроки Тетушки Совы - Арифметика Малышка. Цифра 10

https://www.youtube.com/watch?v=ujvtv5_-PLk

Сабақтың соңы

Сабақтың мақсатына жете алдық па? Кәне ойланайық,

  • 10 санының алдында қандай сан тұратынын білемін бе?
  • 10 саны туралы не білдім?
  • 10 санының құрамы қандай сандар болуы мүмкін екенін анықтай алдым ба?

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Санауға, цифрларды жазуға қиналатын оқушыға дербес қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушыларды сан құрамын анықтауға қиналатын оқушымен жұптастырып тапсырманы орындату.

Оқушылардың қандай сандар бір таңбалы және екі таңбалы екенін түсінгендерін жауаптарына қарай, 10 санының орнын сан түзуінде таба алатынын; 10 цифрын жаза алатынын бақылау арқылы бағалау. Санауға киналатын оқушыларды белгілеп алып, оларға қолдау көрсету жолдарын жоспарлау.

Сергіту сәттерін өткізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу