Ондықтармен санау. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1А бөлім: Сандар туралы ұғым

Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 23.09.2015ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Ондықтармен санау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

СШ1.3

 Сабақ мақсаттары

0-ден 100-ге дейін ондықпен

санау

 Жетістік критерийлері

Оқушылар ондықтарды шығарып алады; ондықтарды атай алады; ондықтармен санай алады; дөңгелек сандарды атай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Ондық, дөңгелек сандар, цифр, сан түзуі, натурал сан, алдыңғы, артында, тура, кері.

 Құндылықтарды дарыту

Ұқыптылық, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

«Үй салуға көмектес» тапсырмасы дүниетану пәнімен байланысты

 АКТ қолдану дағдылары

Сандарды пернетақта арқылы жазып көреді

Бастапқы білім

Оқушылар күнделікті өмірде сандарды кездестірген тәжірибесіне сүйенеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Оқушылардың зейінін шоғырландыру;

2.Оқушылармен бірге ОМ анықтап алу

(Ұ) Сабақты өткен тақырыптарды қайталаудан бастау.

  • Қандай сандар бір таңбалы сандар деп аталады? Мысал келтіріңдер.
  • Екі таңбалы сандар деген қандай сандар?
  • Өткен сабақта қандай санмен таныстыңдар? (10)
  • 1,2,3,4,5,6,7,8,9 сандарынан ол санның айырмашылығы қандай?

Сергіту сәті https://www.youtube.com/watch?v=wAKpGwfZdk4

Сабақтың ортасы

(Ұ) Оқушыларға құрылысшының рөліне еніп көруді ұсыну.

- Үй салу үшін қандай құрылыс материалдары қажет? (Құрал-саймандар, құрылыс материалдары).

,МК) Төрт топ бойынша жұмыс ұйымдастыру. Құрылысты бастау үшін көп мөлшерде шеге қажет. Сендерде шегелер бар (әр топқа бір үйме таяқшаларды парталарына қою, оларды шеге деп ойлауды сұрау). Сендерде қанша шеге бар екенін білмейсіңдер және оның құрылысқа жететініне күмәнданасыңдар. Оқушыларға шегелерді санап көруді ұсыну. Оқушылардан он таяқшадан санап алып, оны кеңсе резеңке баулармен бумалап байлап қоюды өтіну (қажет болған жағдайда көмек көрсету). Әр топтан бір оқушы қанша бума шыққанын және қанша шеге артылып қалғанын айтып көреді. Бір бумада он бірлік, яғни бір ондық екенін түсіндіру.

(Ұ) Оқулықтағы «Үй салуға көмектес» тапсырмасын орындату. Тапсырма заттарды жаңа тәсілмен өз беттерінше санауды бекітуге және ондықтармен санау дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

(Ұ) Оқушылардың дөңгелек ондық сандардың атауларын нақты айтып жаттығуларын ұйымдастыру. Ондықтармен тура және кері ретпен хормен санату. Дөңгелек ондықтардың атауын бірге айтып жаттықтыру. Оқушылардың назарын 100 санына аударту. Оның немен ерекшеленетінін сұрау. 100 санының үш таңбалы сан екенін, оның үш цифрдан тұратынын айту.

(ЖЖ) Оқушыларға жұппен жұмыс жасауды ұсыну. Бір оқушы дөңгелек ондықты, ал екіншісі келесі дөңгелек ондықты айтады. Тапсырманы өзгерту: бірінші оқушы кез келген дөңгелек ондықты, ал келесі оқушы оның алдындағы ондықты айтуы керек.

(Т) Оқушыларды топтарға бөлу. Әрбір топқа дөңгелек сандар жазылған кеспеқағаздарды таратып беру. Дөңгелек сандар жазылған кеспеқағаздарды топтарға өсу ретімен реттеп қоюды ұсыну. Тапсырманы тез орындаған және барлық дөңгелек ондық сандарды дұрыс орналастырып, қатесіз атап берген топ жеңіске жетеді.

(ЖЖ) Оқулықпен жұмыс (41-бет). «Тиісті сандарды қой» тапсырманы жұппен орындату. Тапсырмада сандар қатарын реті бойынша ондықтармен толықтыру керек. Осылайша, тапсырма зейінділікті дамытады және ондықтармен санауды меңгеру дағдысын тексеруге көмектеседі (жұптардың жұмысын бақылап жүру).

Сергіту сәті.

(ЖЖ) Оқулықпен жұмыс (41-бет). «Жұмыртқаларды кім дұрыс санады?» Оқушылардан жұпта жұмыс жасай отырып, дұрыс жауабын табуды сұрау. Тапсырмада анасы мен қызының қолындағы кеспеқағаздар жазылған цифрлар мен жұмыртқа салынған науалардың санын салыстыру керек. Қиыншылық туындаған жағдайда санау таяқшаларын (буылған ондықтарды) пайдалануды ұсыну.

Дәптермен жұмыс

(Ө) «Жұмыртқаларды науаларға сал» тапсырмасын орындауды ұсыну. Әрбір науада неше ондық жұмыртқа болғанын сұрау. Оқушылар бос науаларға жұмыртқаларды толықтырып салу керек. Олар алғашында науалардың санының қанша екенін санайды да, жұмыртқалардың санының да сонша болатынын ұғады?

«Кинотеатрдағы кресло саны неше ондық болады?». Креслоның нөмірі көрсетілмеген. Сондықтан да оқушылар өздігінен санап, кресло санын бос торкөзге жазуы керек.

Кеспеқағаздар, таяқшалар, кеңсе резеңкелер

Сабақтың соңы

(Т) Сабақтың соңында сандарды ажырата білу машығына жаттықтыру үшін топтық жарыс ұйымдастыру. Оқушыларды үш топқа топтастырып, әр топқа сандар жазылған бірнеше кеспеқағаздарды теріс қаратып үстелдеріне қою. Белгі берілгенде, олар кезекпен, кеспеқағздарды тақтаға қажетті бағанға қыстыруы керек. Тақтада екі баған: бірінші – дөңгелек сандар, екінші – дөңгелек емес сандар. Сандарды қатесіз қыстырған топ жеңіске жетеді.

(Ұ) Оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін мынадай сұрақтар қойып, тапсырмалар ұсынып, жауаптарын тыңдау:

  • Бір ондықта неше бірлік бар?
  • Ондықтармен сана.
  • Дөңгелек сандарды ата.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар он таяқшадан санап алып, оны кеңсе резеңке баулармен бумалап байлап қою барысында қиналатындарға бағыт беру.

Ауызша санау үдерісін бақылау арқылы бағалау. Киналатын оқушыларды жазып алу.

Сергіту сәттерін өткізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу