Өрнектер. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.
Пән:Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Күні: | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: Өрнектер | Мұғалімнің аты-жөні:Турсынова Л.Д | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
СЫНЫП 1 В | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құрады, біледі және қолданады; қосудың ауыстырымдылық қасиетін; 0 және 1-дің қасиетін қолданады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ресурстар: | көрнекі қосу кестесі; әр оқушыға арналған қосу кестесі; ламинатталған А4 форматтағы қағаз; әрбір оқушыға маркер. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тірек сөздер | қосу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: | Бір таңбалы сандарды қосу үшін қосу кестесін пайдалану дағдысын қалыптастыру. “Баған”, “жол” түсініктері арқылы кестедегі санның орнын анықтай білу қабілетін дамыту. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабаққа байланысты деректі материалдар | Сабаққа қатысты ескертпелер | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақта оқушылар қосу кестесімен әрі қарай танысады жалғастырады. Кесте бойынша бағдар-лап жаттығады, сандардың орнын тауып үйренеді. Берілген мысал бойынша санның кестедегі орнын табу дағдысын дамыту, бұл дағды қосудың шаршы түріндегі кестесімен жұмыс істеуге дайындық болып табылады. Қосу кестесінің көрнекілігін пайдаланып, оқу-шыларға мысалдар шешуді ұсыныңыз. Ол үшін мы-салдарды тақтаға іліңіз. Жауаптарын ламинаттал-ған беттерге жазып, сыныптағы басқа оқушыларға көрсетуін ұйымдастырыңыз. Тиісті мысалды кестеден қалай табатынын сұра-ңыз. Кестемен жұмыс істеудің оқушылар ұсынған әдістерін тыңдаңыз. Оқушылардың білімдерін сұ-рақтар қойып нақтылаңыз. Кестеден сандардың қосындысының нәтижесін табу үшін қандай сандарды қосқанына назар аудару керектігін айтыңыз. Бірінші сан (бірінші қосыл-ғыш) — бұл кестегі жолдың нөмірі, екінші сан (екінші қосылғыш) — бұл осы жолға сәйкес келетін бағанның нөмірі болатынын түсіндіріп өтіңіз. Ескерту: амалдар компоненттері ұғымы әлі енгі-зілмегендіктен, бірінші қосылғыш, екінші қосылғыш деген сөз тіркестерін қолданыңыз. Мысалы, 3 + 6 өрнегінің мәнін табу үшін кестедегі үшінші баған арқылы алтыншы жолды табу керек. | Осыдан кейін оқушыларға 0 санымен қосу кестесінің бір бағанын топпен құрастыруды ұсыныңыз. Оқушылар мынадай мысалдарды құрастырады: 1 + 0 = 1 2 + 0 = 2 3 + 0 = 3 4 + 0 = 4 5 + 0 = 5 6 + 0 = 6 7 + 0 = 7 8 + 0 = 8 9 + 0 = 9 Нәтижесін талдай келе, оқушылар мынадай қорытындыға келеді: 0 санын басқа сандармен қосқан кезде, әрбір мысалда қосындының мәні бірінші қосылғышқа тең болады. Осы қорытындыны бекіту үшін, санымен бірнеше санды қосуға мысалдарды ауызша орындауды ұсыныңыз. Мысалдардың орнын анықта. Кестеден тиісті жауапты анықтауды көрсететін оқулықта берілген иллюстрацияға назар аударуын сұраңыз. Оқу-шыларға тапсырманы жұппен орындатыңыз. Ол үшін оқулықтағы үлгідегідей тапсырмалар жазылған парақшалар таратып беріңіз. Тапсырманы ауызша орындатыңыз. Mақсаты: берілген мысалдардың жауабын табу үшін қосу кестесіне қарап, тиісті баған мен жолдың қиылысындағы санды тауып, нәтижесін анықтау. Оқушының қолында жеке қосу кестесі болуы шарт. Бұл оның жеке жұмыс жасауына жеңілдік туғызады. Тапсырманы орындау кезінде қиналып отырған оқушылар жұбына көмектесіңіз. Өзара тексеру барысында тапсырманың жауаптарын оқушыларға кезекпен айтқызыңыз. Жауаптары бір-дей болатын мысалдардың кестедегі орнына назар аудартыңыз.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру | Қосымша тапсырмалар | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсетіп отырыңыз. Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқушы-лардың коммуникативті дағдылары дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі). | Қосымша тапсырмалар Кестедегі нүктелермен берілген бос орын-дарға тиісті санды жазып толтыр. Оқушыларға қосу кестесінің белгілі бір жерінен қиып алын-ған бөліктердегі бос ұяшықтарды толтыру керек. Оларға тек қосудың нәтижесін ғана тауып қоймай, белгісіз компоненттерді де тауып жазу ұсынылған. Тапсырманы қосу кестесіне сүйеніп орындайды. б) нұсқауымен берілген кесте зерек оқушыларға арналған.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау | Оқушылар сабақтың соңында: бір таңбалы сандардың қосу кестесін қолданып, қосу нәтижесін анықтауды меңгереді. Оқушылардың тақырыпты қаншалықты мең-гергенін тексеру үшін мынадай бекіту сұрақтарын қойыңыз: — Қосу кестесі неден тұрады? (бағандар мен жолдардан) — Кесте бойынан 5 баған, 4 жолдағы санды тауып көр. (9 саны) — Қосу кестесінен 6 санының орнын тап. Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізіңіз. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?