Сандарды цифрлармен белгілеу. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар №4

 

Пән: математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1A – Сан туралы ұғым

Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 3.09.2015ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Сарыева А.Т.

Сынып:

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Сандарды цифрлармен белгілеу

Оқу мақсаттары

1.1.1.1 Санау мен өлшеудің нәтижесі ретінде натурал сан туралы білу

 Сабақ мақсаттары

Цифрді саннан айыра білу.

Бір таңбалы сандарды нүктелер, сүйектер, домино жиынтықтары, санды түзуде нүктелермен және т.б. көрсете білу.

 Жетістік критерийлері

Оқушылар он көлемінде сандарды санай алады; заттар мен санның арақатынасының байланысын анықтай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

сан, цифр, саны, санау, себет, көкөніс, дәмхана, домино, сәйкес келеді сөздерін қолданады

 Құндылықтарды дарыту

Өзара сыйластыққа тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыстар

Сынып оқушыларының, сынып бөлмесіндегі заттардың санын анықтау барысында қазақ тілі және әдебиеті пәнімен байланыс жүзеге асады

 АКТ қолдану дағдылары

Сандарды пернетақта арқылы жазып көреді

Бастапқы білім

Оқушылар күнделікті өмірде немесе балалар бақшасында сандар ретімен санауды үйрену тәжірибесіне сүйенеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • Оқушылардың зейінін шоғырландыру;

Ертеңгілік шеңбер

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан күнге!

  • Оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

Сабақтың ортасы

(ЖЖ) Оқушыларға домино мен заттық суреттерді таратып беріп, заттық суреттер мен домино тастарын сәйкестендіруін ұсыну. Оқушылар суреттегі заттар санын санайды және домино тасындағы нүкте санымен сәйкестендіреді.

(МК) Оқушыларды сандар мен санаудың тарихымен таныстыру.

  • Ерте замандағы адамдар бір таңбалы сандардың орнына тастарды, таяқшаларды қолданды.
  • Қазіргі уақытта таяқшаларды қолданып жазу адамдар үшін ыңғайлы ма?

Қазіргі заманғы адамдар санды жазуда көрсететін белгі ойлап тапты. Сандар жазылған карточканы көрсетіп, бір таңбалы сан жазылған карточкаларды тарату. Оқушылар карточкаларды тиісті суреттер мен домино жұптарының қасына орналастыруын тапсыру.

Көзге арналған жаттығуды орындату.

(ЖЖ) Сандар заттар санының қанша екенін көрсетеді деген түсінікті бекіту үшін жаттығу өткізу. Әрбір жұпқа 1-9-ға дейінгі сандардың бірнешеуі жазылған карточкалар тарату.

Бірінші топқа – 1 және 9, екінші топқа – 2 және 8, үшінші топқа – 3 және 7, төртінші топқа – 4 және 6, бесінші топқа – 5.

Барлық оқушыларға сынып бөлмесін мұқият қарауды және олардың сандарына сәйкес келетін сыныптағы заттар санын табуды ұсыну. Жаза алатын оқушыларға карточкалардың артына атауын жазуға ұсыну. Жаза алмайтын оқушылар ауызша жауап береді. Заттарды санауда қиналатын оқушыларға дауыстап санауға көмектесу.

(Ұ) Оқулықпен жұмыс. 11 беттегі суретті қарауды және ондағы заттар санын санауды тапсыру.

- Суретте қанша үстел бейнеленген?

- Заттар саны қанша екенін санмен жазып көрсетуге болады. Үстел санының қанша екенін «3» цифрымен жазып көрсетеміз.

- Орындық (қоқыс жәшік, велосипед, бала, автокөлік, автотұрақтағы тұрақ орны, ағаш) қанша?

- Қанша автокөлік келу қажет?

- Қанша тұрақорын бос?

- Машиналар автотұраққа сыяды ма, жоқ па?

Қорытынды жасауға мүмкіндік беру.

(ЖЖ) Алдымен оқушылар сыныптағы парта санын жеке өзі санап шығады да, жұпта өзара нәтижелерін салыстырады. Егер нәтижелері әртүрлі болса, онда бірігіп парта санын қайтадан санайды.

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Екі қолды жинасам

Болады сонда он саусақ

(қимылмен көрсету)

  • Нақты жауап алу үшін заттарды қалай санау керек? Оқушыларға ереже ойлап табуды ұсыну. «Санағанда заттарды және сандарды қалдыруға болмайды»

Дәптермен жұмыс

  • Себетте қанша көкөніс бар?

Әрбір көкөністі санап шық. Шыққан санды тауып, тиісті көкөніспен сызық арқылы қос.

  • Түйіншектер мен суреттерді сызықпен қос.

Әрбір жұпқа 1-9-ға дейінгі сандар жазылған карточкалар; домино тастарының топтамасы; заттық суреттер; жазылған цифрлар.

Сәйкестікті табуға арналған домино ойыны.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылардың сабақ тақырыбын қаншалықты түсінгенін бағалау үшін сұрақтар қою.

  • - Сандар нені білдіреді?
  • - Заттардың санын білу үшін не істеу керек?
  • - Нақты жауап алу үшін заттарды қалай санау керек?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушыларға сынып бөлмесін мұқият қарауды және олардың қолдарындағы сандарына сәйкес келетін сыныптағы заттар санын табу барысында жаза алатын оқушыларға карточкалардың артына атауын жазуға ұсыну. Санауға қиналатын оқушыға дербес қолдау көрсету.

Оқушылардың он көлемінде сандарды санай алатындарын; заттар мен санның арақатынасының байланысын анықтай алатындарын бақылау арқылы бағалау. Санай алатын және санауға киналатын оқушыларды жазып алу.

Сергіту сәттері н , көзге арналған жаттығуды өткізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу