Сандарды жазу «6 саны және цифры». Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән. Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1А Сан туралы ұғым

Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 11.09.2015ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н.З

Сынып:

Қатысқандар саны:20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Сандарды жазу «6 саны және цифры»

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

100-ге дейін санау

Натурал сандар қатарындағы орнын анықтау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылардың 6 санының сан қатарындағы орнымен, оның құрамымен таныстыру; оқушыларға 6 цифрын жазып үйрету

 Жетістік критерийлері

6 санының сан түзуіндегі орнын анықтай алады,

6 санын әр түрлі тәсілмен алуды біледі;

6 цифрын үлгіге қарап жазып үйренеді

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар өз сөзінде қолдана алады:

алдыңғы сан, кейінгі сан, жоғарыда, төменде, сол жақта, оң жақта. Тура ретпен санау, кері ретпен санау

 Құндылықтарды дарыту

Өзара сыйластыққа, ұжым негізін тәрбиелеу

 Пәнаралық байланыстар

Сынып оқушыларының, сынып бөлмесіндегі заттардың санын анықтау барысында қазақ тілі және әдебиеті пәнімен байланыс жүзеге асады

 АКТ қолдану дағдылары

Сандарды тінтеуір арқылы жазып көреді

Бастапқы білім

Оқушылар күнделікті өмірде немесе балалар бақшасында сандар ретімен санауды үйрену тәжірибесіне сүйенеді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Шаттық шеңбері

Кел, балалар күлейік

Күлкіменен түлейік

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру:

Бүгін сабақта 6 санының сан қатарындағы орнымен және 6 санының құрамымен танысатын боламыз.

6 цифрын жазып үйренеміз.

Өткен сандарға байланысты санамақты қайталайықшы.

Санамақ

Бір дегенім – бесік,

Шықтық содан өсіп.

Екі дегенім – елім,

Далам, тауым, көлім.

Үш дегенім – үміт,

Үміт артар жігіт.

Төрт дегенім – төзім,

Төзе білем өзім.

Бес дегенім – бақыт,

Бағалайтын уақыт

Слайд

Сызғыш қарындаш түйме (үшеуі –жасыл, үшеуі –қызыл,үшеуі-жасыл,,екеуі-көк, төртеуі-ақ, біреуі-қара,бесеуі сары.

1-ден 10-ға дейінгі кеспе қағаздар.

Сабақтың ортасы

Біз осы уақытқа дейін қандай сандармен таныстық?

Олардың ішіндегі ең үлкен сан қай сан?

Үстелдің үстіне 1-5 ке дейін кеспеқағаз орналастыру.

Тақтаға бес оқушыны шығарып кез –келген бір санды таңдатып, сандардың өсу ретімен тұрғызу, одан кейін кему реті бойынша тұрғызу.

Үндемес ойыны

Оқушыларға бір сан көрсетіп,осы кеспеқағаздағы санның 5-ке қаншасы жетпей тұрғандығын қарындаш санымен көрсетуін сұрау.

Шалқан ертегісін еске түсіру. Ондағы барлық кейіпкерлерді атау.

Шалқан ертегісін сахналау.

Ертегіде қанша кейіпкер шалқан тартып жатыр?

- Бес кейіпкер.

-Үстелдің үстіне сонша қарындаш қойыңдар.

- Кім оларға көмекке келе жатыр?

- тышқан

- Тышқан нешінші кейіпкер?

-Алтыншы

- Алдарыңа тағы бір қарындаш қойыңдар.

- Енді барлығы неше қарындаш болды?

- 6 санын қалай шығарып алуға болады екен.

- 6 саны 5-тен үлкен бе? Әлде кіші ме?

Оқушыларды 6 санымен таныстыру.

Тірек сөзбен жұмыс. Сөздерді үш тілде айту

алты-шесть-six

(Ж) Ертегі кейіпкерлерін санау (алты)

Гүлшоғындағы түймедақ гүлін санау (алты)

Сергіту сәті

(Ұ) Орындап көр. 6 саныны қалай алуға болады.

Қатырма қағаздан жасалған 6 балық және 6 саны жазылған шелек дайындау.

Оқушылар тақтаға шығып шелектің ішіне 6 саны шығу үшін қажетті балық санын салу керек.

Мысалы:

екі рет 3 балықтан салу немесе 4 балық салып үстіне тағы 2 балық қосу.

(Ж) Шығарып көр. Оқушыларға түймелер топтамасын ұсыну.

6 санын әр түрлі тәсілмен қойып көрсету.

3 пен 3; 4 пен 2;1 мен 5; 2, 2, 1, 1

Сызба бойынша 6 cанының құрамын анықтау

Дидактикалық тапсырмалар орындау

6 саны туралы не білеміз? ( 3 –4 слайд)

Сандар сыр шертеді.

6 саны: Бұл сан туралы не айтуға болады?

6 саны 5 санынан кейін тұрады.

Ауызша есептер:

Берілген санның алдындағы санды ата. ( 4 – слайд)

Берілген саннан кейінгі санды ата ( 5 – слайд)

Оқы және есептеп шығар ( 6 – слайд)

(Ж)

Фигуралардың қабырғалары мен бұрыштарын сана

(7- слайд)

Алты аю келеді,

Балды жақсы көреді.

Қалып қойса біреуі,

Нешеуі қайтып келеді? ( 8 – слайд)

Логикалық тапсырма.

Қонжық вагонның бірінші және соңғы вагонында емес.Балапан вагонның ортасында және соңғысында емес. Қонжық пен балапан қай вагондарда келеді? ( 10– слайд)

) Дәптермен жұмыс. 6 санын жазу (11 слайд)

Цифрлар,сандар қатары

Сызғыш қарындаш, түймелер

1-ден 6 ға дейінгі цифрлар бар кеспеқағаздар

1-ден 5 ке дейінгі цифрлар жазылған қағаздан жасалған қағаздар

Дидактикалық материалдар

https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU

Сабақтың соңы

Оқушылардың орындаған жұмыстарын талдау – жинақтау.

  • Бүгін біз қандай цифрмен таныстық?

6 саны туралы не білеміз?

Сан түзуінде 6 саны қай саннан кейін тұр?

6 санын қалай алуға болады?

6саны қанша заттың санын білдіреді?

6 санының құрамына мысал келтіріңдер

Кері байланыс:

Білемін.

Не үйрендім?

Нені білгім келеді?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Санауға, цифрды жазуға қиналатын оқушыға дербес қолдау көрсету.

Оқушылардың натурал сан қатарында 6 санының орнын табуды, 6 санының құрамын атай алуын, жазылуын бақылау арқылы бағалау. Санай алатын және санауға киналатын оқушыларды жазып алу, келесі сабақты жоспарлауда ескеру

Сергіту сәттерін өткізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу