8 саны және цифры. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Математика

Қысқамерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім. Өзім туралы

Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Сейсембаева С.И.

Күні:

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«8 саны және цифры»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

100-ге дейін санау

Натурал сандар қатарындағы орнын анықтау

Сабақтың мақсаттары

1.3.3.1 сандық сәуледе белгіленген нүктелердің бір-біріне қатысты орналасуын анықтау

Тілдік мақсаттар

Жоғарыда. Төменде. Сол жақта. Оң жақта.Тура ретпен санау, кері ретпен санау

Құндылықтарды дарыту

Өзара сыйластыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Сынып оқушыларының, сынып бөлмесіндегі заттардың санын анықтау барысында қазақтілі және әдебиеті пәнімен байланыс жүзеге асады

АКТ қолдану дағдылары

Сандарды тінтеуір арқылы жазыпк өреді

Бастапқы білім

Оқушылар күнделікті өмірде немесе балалар бақшасында сандар ретімен санауды үйрену тәжірибесіне сүйенеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • минут

Сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу

«Сан тастамақ» ойыны алты баланың алдына көрсетіп 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 деген сандарды тастаймын, «Ал балалар қараңдар сандарды ретімен санаңдар» дегенде, балалар ретімен тұра қалу керек.

2-ден жұптап санау

Жоғарыда. Төменде. Сол жақта. Оң жақта, бір, екі, үш, төрт сөздерін қолдана білуге үйрету.

НАТУРАЛ сандар?

Сабақтың әр тапсырмасы бойынша ұпай, геометриялық фигуралар беріп, сабақтың ең соңында ұпай саны есептеліп, қай топ жеңгені хабарланады.

Сабақтың басталуы.

(Б) Сабақты төмендегі өлең жолдарын бірлесе қосылып айтудан басталады.

Жарық болсын күніміз,

Жарқын болсын үніміз.

Елін сүйіп ер жетер,

Біз болашақ гүліміз.

Суреттер

Сабақтың ортасы

30 минут

) 0 - дан 7 дейін тура, кері санау.

(Ж.Ж) Оқушылар жұппен 20 – ға дейін кезекпен санайды.

(К)Бұдан кейін белсенді тақтамен жұмыс.

(дұрыс жауап берген оқушыларға фигуралар беріледі)

Қандай санды жоғалттым.

0.. 2... 4... 6... (3-слайд)

Берілген сандардың алдындағы сандарын ата.

6,8,10 (4 – слайд)

Берлген әрбір санды 2 – ге арттыр.

3,6,8 (5 – слайд)

Өткен сабақтағы 7 санын қайталауға төмендегі тапсырмалар беріледі.

3+ =7

2+ =7

1+ =7 (6 – слайд)

Суретте қанша үшбұрыш бар? (7 – слайд)

(Б)Жұмбақ шешуМенімен таныс емессің,Теңіз түбі қонысым.Аяғым сегіз, басым бар,Айтшы қане, мені сен? (сегізаяқ) ( 8 – слайд)

Сегіз аяқ, сегіз қол,Кестелейді тігеді.Жібектей әсем дөңгелек,- Ол не? (өрмекші ) (10 – слайд)

(Т) Әр топқа геометриялық фигуралар беріледі.Сол фигуралардан әр түрлі (үй,көлік, қайық, аққала) құрастыру. (12 – слайд)

Енді 8 санын жазуды үйренеміз. (13 – слайд)

Сергіту сәті

Бір, екі, үшБойға жинап күш.Қолға қалам аламызСегіз санын,Әдемі етіп жазамыз.

(Ж)8 саны қандай сандардың қосындысынан тұрады?

Сергіту сәті:

Қолға қалам алайын,Қанша сан бар жазайын.Қарап тұрмай, сандардыҚайта-қайта санайын.

«Қызықты математика»Саянда болды 8 алмаСайданға берді 4 алма.Ойланып, кәне, көрейік -Саянда қалды қанша алма? 8 - 4 =4

Бәйгеге шықты жануарларАлға шықты бесеуі.Қосылды оған екеуіМәреге келді нешеуі? 5 +2=7Айманда болды бес алмұрт,Әселге берді екі алмұрт.Айманның қалды қолындаНеше алмұрт тез ойла? 5 - 2=3Сегіз қияр базарданСатып алды Сәлімжан.Бес қиярды алғандаҚанша қалды дорбада? 8 - 5

Оқушылардан заттарды біріктергенде олар көбейді ме немесе азайды ма?- деп сұраңыз. Математикада заттардың бірігуін «+» белгісімен жазып көрсетеді, ал бұл амалды «қосу» амалы деп атаймыз.Енді сіз бірнеше заттарды айырып алғандығыңызды көрсетіңіз. Оқушылардан заттарды айырып алғанда олар көбейді ме немесе азайды ма?- деп сұраңыз.

Математикада заттардың азаюын «-» белгісімен жазып көрсетеді, ал бұл амалды «азайту» амалы деп атайды.

Шыққан нәтижені өрнек түрінде жазыңыз.

Бұл амалдардың мағынасын түсінгенше түрлі ойыншықтармен тапсырманы қайталаңыз.

Оқулықпен жұмыс

30-31- бет

Сан түзуінде 8 санының орнын анықтау.

Сурет бойынша сұрақтар қою

Сыныптан саны 8 болатын заттарды табу.

8 санының құрамын анықтау.

Дәптермен жұмыс.

8 цифрын ауада жазу

  • Түсіп қалған сандарды жаз
  • Үлгі бойынша толықтырып жаз

Сабақтың соңы

2 минут

.Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- Нені білдім? Нені үйрендім?

- Нені толық түсінбедім ?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Санауға, цифрды жазуға қиналатын оқушыға дербес қолдау көрсету.

Оқушылардың натурал сан қатарында 4 санының орнын табуды, 4 санынның құрамын атай алуын, жазылуын бақылау арқылы бағалау. Санай алатын және санауға киналатын оқушыларды жазып алу.

Сергіту сәттерін өткізу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу