Азаматтық іс жүргізу құқығындағы соттық талқылаудың негіздері. Құқық негіздері, 11 сынып, дидактикалық материал.
Азаматтық сот ісін жүргізу түрлері. Сотқа азаматтық істер бойынша айтарлықтай айырмашылықтары бар әртүрлі істер келіп түседі. Әртүрі іс топтарын тиімді қарау үшін оларды қараудын әртүрлі тәртібі қарастырылған.
Азаматтық сот ісін жүргізу талабы: талап қою, жеңілдетілген (міндетті және жеңілетілген жазбаша), ерекше талап қою, ерекше іс жүргізу.
- Талап қою өндірісі – азаматтық, тұрғын үй, отбасылық, еңбек және басқа да даулар қаралаын сот ісін жүргізудің негізгі және неғұрлым кең тараған түрі.
- Жеңілдетілген өндірісте онша күрделі емес істер қаралады. Бұл неғұрлым жылдам, мұнда бірқатар іс жүргізу әрекеттері жүргізілмейді (борышкер мен өндіріп алушының түсініктемелерін тыңдау үшін олар шақрылмайды және т.б.).
Мысалы: Кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент өндіріп алу істер; тала қою бағасы заңды тұлғалар үшін жеті жүз АЕК (1 767 500 теңге) аспайтын болса, ақшаны өндіріп алу туралы істер жеке кәсіпкерлер мен азаматтар үшін 200 АЕК(500 000 теңге).
- Ерекше талап қою өндірісі мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, қоғамдық бірлестіктің, лауазмды адамның, мемлекеттік қызметшінің шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған істерді қарау.
Мысалы: Жеке сот ісін жүргізу барысында сайлау мен сайлану құқығы, сайлауға, референдумға қатысу құқығы бұзылған азаматтың өтініші бойынша іс қарастырылады.
- Ерекше өндіріс соттарда заңды дәлелердің бар-жоқтығы, келіспеушіліктер болмауы немесе азаматтың құқықтық мәртебесін растау қажет болған жағдайларда қаралады.
Мысалы: Бала асырап алу туралы; кәмелетке толмаған адамды он төрт жастан он сегіз жасқа дейін оның табысын дербес басқару құқығынан айыру туралы; кәмелетке толмаған адамды толықтай жарамды деп тану (босату); девиантты мінез-құлқы бар немесе ерекше қамауда ұстайтын ұйымдарға арналған арнайы білім беру ұйымдарына кәмелетке толмағандардарды жіберу туралы және т.б.
Азаматтық сот ісін жүргізу үдерісінің кезеңдері. Азаматтық үдеріс белгілі бір кезеңде, сатыларда дамиды. Азаматтық үдерістің әрбір кезеңінің өзіне тән ең жақын мақсаты бар (мысалы, бірінші сатының мақсаты – бұл істі қозғау). Барлық кезеңдердің соңғы мақсаты - бұзылған құқықты қалпына келтіру.
Бірінші сатыдағы сотқа азаматтық үдерістің келесі кезеңдері кіреді:
- Істі қозғау. Құқығы бұзылған адам сотқа талап-арызбен жүгінеді. Судья құжаттарды қабылдап, азаматтық іс қорғау туралы шешім қабылдайды.
- Істі сот талқылауына дайындау үшін судья өтініш берушінің тлаптарын түсіндіреді, тараптарға дәлел жинауға көмектеседі. Бұл кезеңнің мақсаты - істі өз уақытында және тиісті түрде шешуге дайындау.
- Істі сотта талқылау. Сот істің материалдарын сот отырысында қарайды, шақырылған адамдарды тыңдайды және істі мәні бойынша шешеді. Көбінесе шешімдерді шығарумен аяқталады.
Істің көпшілігі бірінші сатыдағы сотта істің шешілуімен аяқталады. Төмендегі жағдайларда ғана сот актілерін қайта қарау бойынша сот талқылаулыры басталуы мүмкін.
Апелляция бойынша сот актісін қайта қарау. Сот актісі заңды күшіне енгенге дейін оған іске қатысушы адамдар апелляциялық шағым бере алады немесе прокурор апелляциялық өтініш бере алады.Апелляцияны берудін соңғы мерзімі, прокуродың өтінішхаты- түпкілікті шешім қабылданған күннен бастап бір ай. Апелляциялық шағымды, прокурордың өтінішхатын сот алқасында кемінде үш судьядан тұратын облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы қарайды. Апелляциялық шағым, прокурордың өтініші сот шешімімен беріледі.
Сот актісін кассациялық тәртіпте қайта қарау. Кейде іске қатысушы адамдар заңды күшіне енген сот актісін қандай да бір себептер бойынша дұрыс емес деп санайды. Сондықтан олардан мұндай актіні тексеруді және қайта қарауды сұрайды. Бұл жағдайда сот актісін Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты касациялық тәртіппен қайта қарайды. Бірақ бұған дейін оларды тіркеудің тәртібі сақталуы тиіс.
Жаңадан ашылған немесе жаңа мән-жайлар бойынша заңды күшіне енген сот актісін қайта қарау. Бұл кезең іс жүзінде сирек кездеседі. Егер істі қарау кезінде орын алған материалдық мән-жайларды есепке алмай, бірақ ол кезде арыз берушіге немесе сотқа белгілі болмаған және мүмкін болмаған жағдайда қаралады.
Осылайша азаматық сот ісін жүргізу түрлері мен азаматтық үдерістің сатылары дауларды реттеудің тиімділігін арттыруға және адам мен ұйымдардың құқықтарын сотта қорғауға ықпал етеді.
2-деңгейлі тапсырма. Азаматтық іс жүргізудің қай түріне жататынын анықтандар.
- Азаматша С. Азамат П.-мен некеде тұрған және 10 жасар балалары бар. Ажырасқаннан кейін азамат П. баламен сирек кездесетін және материалдық көмек бермейтін. Азаматша С. баланы күтіп-бағу бойынша аиментке талап берді.
- Аудан әкімшілігі азамат С.-ға қатысты шешім қабылдады. Бірақ азамат С. бұл шешіммен келіскен жоқ, ол оның құқығын бұзды деп санайды. Азамат С. сотқа жүгінді.
- Азамат П. «Займ» ЖШС-нен несие алды. Алйда кейінірек ол ай сайынғы ақыны төлей алмады. «Займ» ЖШС қрыздың сомасын қайтару туралы сотқа талап жіберді.
3-деңгейлі тапсырма. Азаматтық іс жүргізу үдерісінің сатысын анықтандар.
- Азамат И. өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеу үшін сотқа талап арыз берді.
- Сот бұл істі қарап және талапкердің пайдасына шешім шығарды. Сот шешім заңды күшіне енген жоқ. Талапкер сот шешіміне шағымданды.
- Сотталушы бұл шешімді дұрыс емес деп тауып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотына жүгінді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?